¹ 2( 10) 2016 Ïåäàãîãèêà басқа мемлекеттер Лакониядан асыраушы, яғни тәрбиешілер сатып алатын кездері де болған ". Плутархтың ХҮІІІ жазбасында Ликург туралы деректерінен Спартаның қоғамындағы әлеуметтік жағдайды жақсы көруге болады. Онда Ликургтің бала тәрбиелеу жөнінде шығарған реформаларына да мән беруге болады. Спартада әкесі баласын өзі қалауынша тәрбиелеуге рұқсаты болмаған. Бала жалпы қоғамдық тәрбиешілер қарамағында болады. Өсіп келе жатқан баланы әскери іске баулу барысында көптеген әрекеттерге бой ұрдырған. Мысалы: Ликург ата- ансынан жеті жасқа жетер жетпестен балаларын бөліп алып, оларды отрядтарға таратқан. Балалар бірге өмір сүріп, бірге ойнап тамақ табуды бірлесіп үйренеді. Балалар ішінен ең пысық, айлакерлерін басшы етіп сайлайды. Оған қалғандары бағынуы тиісті болады. Бұл бір адамға бағынуға жастайынан үйренуге ықпалын жасаған еді. Балалларды ойын үстінде ақсақалдар бақылап отырған. Арасынан ең жау жүрек, ең мықтыларын ақсақалдар анықтаған. Көбінесе ақсақалдар төбелесті өздері әдейі ұйымдастырып ызақорлыққа баулыған.
Спартанаың саяси ұйымының маңызды бөлігі жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту болды. Ішкі және сыртқы жауға қарсы тұра алатындай жақсы жаттыққан, денекүш жағынан жетілген жауынгерлер қажет болды. Спарта жауынгері тәртіпті, қиыншылыққа төзімді, таласқа келмей, басшыларына міндетсіз бағынуы керек. Тәрбие жүйесінде оқуға, жазуға көп маңыз берілмеген. Спартада тәрбиелік жүйе үш бөлімнен тұрған. Бірінші сатыға 7 мен 12 жастың аралығындағы ұл балаларды әке-шешелерінен алып тәрбиелеу жатады. Агелге( табынды) бөлініп, олардың басында арнайы тәрбиешілер болмайтын. Агелдің басында ең батыл, ақылды, өзгелерден төбелеске епті балаларды тағайындаған. Басқа балалар оған бағынған. Тәрбиенің мақсаты- балаларды төзімділікке және бағыныштылыққа тәрбиелеу. Ақсақал адамдар олардың ойындарын үнемі бақылап, оларды бір-бірімен жиі төбелестіріп отырған. Ұрыста немесе төбелемте жеңіске жетуді міндет деп есептеген. Балаларды тәрбиелеудегі жалпы басшылық мемлекеттегі ерекше қызмет адамы- педономға жүктелген. Грецияда, тек Спартада ғана, әйелді тәрбиелеуге үлкен маңыз берілді. Әйел тәрбиесі ерлердің тәрбиесіндей қаралатын болған. Мұнда бұл мәселеге жалпы жұршылық құрметпен қарайтын. Спарталықтар денсаулығы жақсы бала тек денсаулығы жақсы анадан туады деп білген. Қыздар үй тіршілігімен айналыспайтын. Қыздар гимнастика, жүгірумен үнемі айналысқан. Жастар күні бойы әскери отрядта өткізіп, бірге тамақ ішкен. Олар әсакери бөлімдер бойынша тамақтанды. Спартада қауымдық, яғни осылайша тамақтануды фидития деп атады. Ал басқа қалалардың гректері бұндай тамақтануды сиссития деп атаған болатын.
Спарта тәрбиесі негізінен өмірлерінің барысы елдің әскери қуатын нығайту мақсатына бағытталды. Спартандық ең алдымен жауынгер болуы керек. Бұл сырттан келетін жаудың жақындығынан емес, қаналушы, езілуді басынан өткізіп отырған дұшпандық пиғылдағы илоттармен үнемі бірге өмір сүруден туған нәрсе.
Спарта мемлекеті қандай да болмасын сыртқы саудаға тиым салды. Сауда тек ел ішінде және жергілікті рыноктарда жүргізілді. Сыртқа өнім шығарылмады. Ел арасында натуралды айырбас жақсы дамыды. Егіннен
82
№ терминдер
түскен өнімді әртүлі заттарға айырбастап күн кешкен болатын. Қала ішінде арнайы сауда жасау орындары ашылып, ел өз өнімдерін орталықта айырбастай алған еді. 7. Картамен жұмыс: 1. Картадан Ежелгі Греция жерлерін көрсетіңіз. 2. Месенния жерлерін көрсетіңіз. 3. Пелопеннес жерлерін көрсетіңіз. 4. Спартаның территориясын көрсетіңіз. 8. Дәптерм ен жұм ыс: Спартаның мемлекет басшыларының титулдарын дәптерлеріңізге жазыңыздар. Сондай- ақ термин сөздердің анықтамасына назар аудара отырып, дәптерге жазыңыздар. Ежелгі Спартада болған тарихи оқиғалардың даталарын жеке бөлек жазып отырыңыздар. Бірінші жылдар одан кейін болған оқиғаларларды ретті түрде дәатерге жазамыз. 9. Жаңа сабақты бекіту: Жаңа сабақтыбекіту ойын түрінде жүргізіледі. Түсіндірілген сабақтың қаншалықты оқушының қабылдағанын және тақырыпты қайталай отырып, қарымта түсінуіне ойын өте жақсы жол ашады. Сондықтан да өтілген сабақты бекіту мақсатында бірнеше ойын түрлерін қолдынып отырмыз. Ойын қызықты және оқушының ынтасын арттыру үшін оларды үш топтарға бөлеміз. Топтарға кезекпен сабақты бекіту сұрақтары қойылады. 9.1. Қайсы дұрыс? Бұл ойында оқушы жаңа өтілген тақырыпқа байланысты берілген терминдер мен сөздердің дұрыс немесе бұрыс берілгенін анықтайды. Кепе қағазға жазылған бұл сұрақтар жеке балаға немесе топқа беріледі. жауап
1 |
Спарта |
Ежелгі Рим қаласы |
2 |
Ликург |
Спарта заң шығарушысы. Ол б. э. д. Ү |
ғасырлардағы Спартаның мемлекеттік құрылысын қалыптастырушы.
3 Ретр Қаулылар мен заңдардың орындалуын зерттейтін орталық
4 Илоттар Бағындырылған Лакония мен Мессенияның тұрғындары, жергілікті халық құқығы жоқ тұрғындар.
5 Периэктер Дорийліктерге өз еркімен бағынған ахейліктердің бір тобы.
6 Герусия Спартадағы ақсақалдар кеңесінің отыратын кеңсесінің алды.
7 Эфорлар Бес адамнан тұратын коллегия. Спарта мемлекетінің беделді органдарының бірі. Эфорлар апеллада сайланады. Олар мемлекеттік басқаруды, илоттарды, периектерді бақылап отырған.
Дұрыс жауап
9.2. Бұл не? Оқушы жаңа сабақ барысында түсіндірген тақырыпқа қатысты шендік немесе басқа да термин сөздер мен оқиғалардың атауын сөздің бас әрпі мен соңғы әрпіне қарай отырып оқушылар жылдам жауап беруге тиісті. Топ арасынан кім қолын бірінші көтерсе сол оқушыдан жауап сұралады. Жиналған ұпай әрі топқп, әрі оқушыға жекелей де беріледі.