EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 83

" ЕЖЕЛГІ СПАРТА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХЫ " ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 10) 2016
Данная работа представляет собой разработку урока поистории в средних классах. Разработка будет полезна студентам педагогических ВУЗов и преподавателям школ.
Аталған жұмыс тарих пәнінен әдістемелік сабақ жоспары болып табылады. Жұмыс тарих пәні мұғалімдеріне және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады.
ХАСЕНОВА НУРЖЫКЕН СЛЯМҚЫЗЫ
Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі
This methodological workrepresents the development of a history lesson in the middle school. The development will be useful for students of pedagogical universities and school teachers
" ЕЖЕЛГІ СПАРТА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХЫ " ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақ тақырыбы: Ежелгі Спарта мемлекеті 2. Түрі: Дәстүрлі емес ойын технолгияларын қолдану арқылы. 3. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларды өткен тақырыптар бойынша білімдерін жинақтау және жаңа тақырыпты толықтай игерту. ә) тәрбиелік: Оқушыларды халықтың салт-санасын сүюге, еңбекқор, адал болуға тәрбиелеу. б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тарихи танымын, сонымен қатар қабілетін арттыру.
Көрнекіліктер: Ежелгі Грецияның картасы. Үлестірмелі қима қағаз, плакат, теңге алу ойыны. 4. Әдіс-тәсіл: Сұрақ жауап, талдау әдістері. 5. Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау. ә) Үй тапсырмасы: Ежелгі Греция тарихы 1. Ежелгі Греция даласында қазіргі күндері қандай мемлекеттер орналасқан?
2. Ежелгі Греция территориясындағы қала мемлкеттерді атаңыз. 3. Полистер дегеніміз не? Пысықтау сұрақтарынан кейін " Теңге алу " ойыны ұйымдастырылады. Ойын шарты бойынша кім көп теңге жинаса сол жеңімпаз атанады. Бұрынғы атабабаларымыз ат үстінде шауып келе жатып, жерде түюлі жатқан шүберектегі теңгені алып қашқан болатын. Сол адам ең мықты, епті адам болып саналған. Сол ойынды сабаққа негіздеп өткізсек, кім көп сұраққа жауап беріп, көп теңге жинаса, сол оқушы осы ойынымыздың ең мықты, білімді, ойлы жеңімпазы болмақ. Сұрақтар тақтадағы плакаттағы аттар арқылы жылжытылып отырады. Егер сұраққа оқушы жауап бере алса, онда ол екінші сұрақты ала алады. Теңге артындағы сұрақтарға оқушылар үш қатардан үш оқушы шығып, жауап береді. Әр сұрақ бір ұпайдан белгіленеді. Теңгеде мынадай сұрақтар берілген: 1. Грек тарихын кімдер зерттеген? 2. Греция атауы қайдан пайда болды? 3. Греция қай материкте орналасқан? 4. Крит аралдары қайда? Картадан көрсетіңіз? 5. Антика деген не? 6. Ежелгі Греция туралы жазғылған дастанды атаңыз? 7. Грециядағы сарайларды атаңыз? 8. Неге сарайлар кезеңі деп атаймыз? 9. Микен мәдениетін кімдер жасады? 6. Жаңа сабақ: Спарта мемлекеті Пелопоннестің оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Қала атымен мемлекет аталады. Ертедегі Лакония жерінде орналасты.
Спарта мемлекетінің тарихын Фукидидтің, Ксенофонттың, Аристотель мен Плутархтың шығармалары және спартан ақыны Титртейдің өлеңдерінен біліп танысып отырмыз. Аталған тарихшылар мен философтардың шығармаларынан Ежелгі Спартаның әлеуметтік- экономикалық жағдайын білуімізге болады.
Спартаның өмірі мен әлеуметтік құрылысының өзгешеліктері көбінесе табиғи жағдайларына байланысты еді. Теңізден қашық болуы спартандықтарды, бір жағынан, өз алдына томаға тұйық болуына, екінші жағынан, өздерінің көршілеріне, әсіресе Мессенияның құнарлы батыс аңғарларын басып алушылық әрекетін жасауға итермеледі.
Грецияның басқа қалалары сияқты, Спартада өндіргіш күштерінің өсу, көршілес елдермен жиі- жиі шайқаса беруі және ішкі күресте ру қатынастарының ыдырап, құл иелену мемлекетінің құрылуына әкеліп соқты. Спартада мемлекет өте ертеде шықты, ол жаулап алу нәтижесінде құрылды және басқа полистерге қарағанда, онда ру құрылысының қалдықтары әлдеқайда көп сақталды. Спарта құрылысының және аздап бүкіл дорий құрылысының негізгі өзгешелігі, күшті мемелекеттілігінің ру мекемелерімен үйлесуінде еді.
Спарта полисінде көпшілік тұрғындар бір- бірін жақсы білді. Спарта экономикасының негізі жер игеру болды. Табиғи жағдайына байланысты ауыл шаруашылығ бірнеше салаға бөлінді: астық жинау, жүзім, зәйтүн, бау- бақша және мал шаруашылығы.
Ежелгі Спартада басты кәсіп егін шаруашылығы болды. Ежелгі Спартада жерге жеке меншік болған жоқ. Бүкіл жер қауымға тиісті болды. Ал қауым өзінің мүшелеріне жеке учаскелерді уақытша пайдалануға беріп отырды. Жер қауы меншігі болып саналғандықтан, олар не сата, не айырбастай алмады.
Қолөнер кәсібі Спартада өте аз өркендеді. Қолөнермен жекелеген адамдар ғана айналысты. Олар тек ең қажетті заттарды ғана жасады. Бірнеше ғасырлар бойы спарталық қолөнер өркендемей, даму сатысы төмен дәрежеде тұрды.
Спартандықтардың тәрбиесі басқа грек қала мемлекеттеріндегі тәрбиеден мүлдем бөлек болды. Плутархтың еңбегінде спартандықтардың тәрбиесін туралы былай жазады: " Асыраушылар өте сапалы тәрбиеледі. Олар баланы жөргекке орамады, тамақты талғатпады, қараңғылық пен жалғыздыққа үйретті, бұл оларға еркіндік береді деп түсінген еді. Тіпті көршілес
81