Ïåäàãîãèêà
1. О * * * * * * я- Ауқатты шонжарлардан тұратын билеші топ.
2. М * ф- Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз- әңгімелер. 3. Х * * м- ең үлкен діни құрылыс, мінәжәт орны. 4. П * * * * * * а м * * * * * * і- 12 жастан бастап, ұлдардың қосымша. Онда гимнастика, жүгіру, күрес, диск, найза лақтырумен шұғылданған.
5. А * * * * а- Спартадағы 30 жасқа жеткен ересек ерлер кіретін халық жиналысы. 6. Г * * * * * * * р кеңесі- ақсақалдар кеңесі. 7. Э * * * * * р- Бес адамнан тұратын коллегия. Спарта мемлекетінің беделді органдарының бірі. Эфорлар апеллада сайланады. Олар мемлекеттік басқаруды, илоттарды, периектерді бақылап отырған. 8. А * * * * д- ақсүйектер. 9. К * * * * * я- илоттарға жасырын шабуыл жасау.
Жасырын деген мағна береді. 10. А * * * * * к- ақсүйектктер кеңесі. 11. Ф * * * * * я- қауымдық бірлесіп ауқаттану. 12. А * * л- 7 жасқа толған баланы тәрбиелеуге беретін топ. 13. П * * * * м- Бала тәрбиесіне басшылық етуші қызметкер адам. 9.3. Блиц- сұрақ Сұрақтар топ арасынан белсенді аралысып отырмаған оқушыларға арналады. Оқушыны сабаққа қатыстыру мақсатында жекелеп сұрақтар қойылады. Сұрақтарға аты аталған оқушы жауап бере алмаған жағдайда топ арасынан көмекке келуіне рұхсат беріледі. 1. Спарталықтардың мекені. 2. Ежелгі Спартандықтар мінәжәт еткен жер қалай аталады? 3. Спартандықтар мектебі. 4. Ежелгі спартаның басшысы. 5. Спарта орналасқан жер атауы атауы. 6. Қала мемлекет дегеніміз не? 7. Пелопоннес дегеніміз не? 8. Елдегі жоғарғы билік қалай аталады? 9. Илоттар ерікті болды ма? 9.3. Уақыт уәждемесі " Уақыт уәждемесі " ойыны жаңа сабақты түсіндіру барысында айтылған сұрақтарды бекіту мақсатымен құрылған. Бұл барлық топтарға бір мезетте қойылады. Топтар өздерінің шартты белгілерін көтеру арқылы ойынға қатынасып, сұрақтарға жауап береді. 10. Спарта әскери күшті мемлекетке қай ғасырда айналды? 11. Спарта қай жылдары өзіне көршілес жерлердің көпшілігін қаратады? 12. Мессения соғысы жүрген жылдар? 13. Қай жылдары аралығында Спарта атлеттері Олимпиада ойындарында үлкен жетістіктерге жеткен? 14. Қай жылдары екінші Мессения соғысы болды? 15. Ликург Спартаның мемлекеттік құрылымын қай ғасырда құрды? 16. Қай ғасырда Спарта түпкілікті жеңіске жетеді? 9.5. Сандарды сөйлет Бұл ойын да " Уақыт уәждемесі " сияқты жаңа сабақты түсіндіру барысында айтылған сұрақтарды бекіту мақсатымен құрылған. Бұл барлық топтарға бір мезетте қойылады. Топтар өздерінің шартты белгілерін көтеру арқылы ойынға қатынасып, сұрақтарға жауап береді. Тек алдыңғы ойыннан ерекшелігі қарсылас топ оқушылары осы уақытттарда болған оқиғаларды толықтырып жауап беруге мүмкіндіктер алады. 1. Б. з. д. ҮІІІ- ҮІ ғ. ғ. 2. Б. з. д. 800- 730 жж. 3. Б. з. д. 743- 724 жж. 4. Б. з. д. 720- 576 жж. 5. Б. з. д. 552 ж.
¹ 2( 10) 2016
6. Б. з. д. Ү ғ. 7. Б. з. д. ҮІ ғ. 9.6. Сен білесің бе? Бұл ойынның алдыңғы ойыннан ерекшелігі ойынның соңғы кезеңі болып табылады. Бұл ойында әр оқушы қолына қалам алып, аталған сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп, оқытушыға өткізеді. Бұл оқушының қаншалықты түсінгенін, келесі сабақта үй тапсырмасын сұрауда әр оқушының толық жауап бере алмаған, түсінбеген жерлерін толықтырып түсінік бере кетуге жағдай туғызады. 1. Спарта мемлекетнің құрылуы қалай жүрді? 2. Спарталықтарды қалай тәрбиеледі? 3. Илоттарда неге ерік болмады? 4. Периэктер ақсүйектер тобына жатты ма? 5. Спраталықтарда неге теңіз флоты дамымады? 6. Спартандықтар парсылар шабуылы кезінде неге Афиныға көмек бермеді? 7. Пелопоннес соғысы неге болды? 8. Спарта мәдениеті жоғары болды ма? Неге? 9. Спартаның негізгі кәсібі? 10. Спратаның негізгі қалаларын атаңыз? 9. Заң шығарған адам? 10. Үйге тапсырма беру: Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихын оқып, түсінгендерін баяндау. Даталар мен термин сөздерге толыққанды түсінік беру. Әр оқушы Ежелгі Спарта мемлекетіне байланысты он тест сұрақтарын құрап әкелу. 11. Оқыушы білімін бағалау: Сабақ айтқан және сабақты бекіту барысында қолданылған ойын сабағына белсенді қатынасқан оқушыларды орнынан тұрғызып, тиесілі бағаларын күнделіктеріне қою. Анықтамалық сөздік: 14. Спарта- Пелопоннестің оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет.
15. Ликург- Спарта заң шығарушысы. Ол б. э. д. Ү ғасырлардағы Спартаның мемлекеттік құрылысын қалыптастырушы.
16. Ретр- Қандайда болмасын маңызды қаулылар мен заңдардағы қысқаша баяндалған ережелер.
17. Илоттар- Бағындырылған Лакония мен Мессенияның тұрғындары, жергілікті халық құқығы жоқ тұрғындар. 18. Периэктер- Дорийліктерге өз еркімен бағынған ахейліктердің бір тобы. 19. Спартандықтар- Ерекше құқықтарға ие Спарта азаматтары. 20. Герусия- Спартадағы ақсақалдар кеңесі. 21. Дорийлер- Б. з. д. 2000ж. Оңтүстік Грецияға басып кіріп, Лаконияны алып, сол жерде мемлекетті құрған тайпалар. 22. Олигархия- Ауқатты шонжарлардан тұратын билеші топ.
23. Миф- Табижғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз- әңгімелер. 24. Храм- ең үлкен діни құрылыс, мінәжәт орны. 25. Палестра мектептері- 12 жастан бастап, ұлдардың қосымша. Онда гимнастика, жүгіру, күрес, диск, найза лақтырумен шұғылданған.
26. Апелла- Спартадағы 30 жасқа жеткен ересек ерлер кіретін халық жиналысы. 27. Геронттар кеңесі- ақсақалдар кеңесі. 28. Эфорлар- Бес адамнан тұратын коллегия. Спарта мемлекетінің беделді органдарының бірі. Эфорлар апеллада сайланады. Олар мемлекеттік басқаруды, илоттарды, периектерді бақылап отырған. 29. Архонд- ақсүйектер. 30. Крмптия- илоттарға жасырын шабуыл жасау. Жасырын деген мағна береді. 31. Ареопак- ақсүйектктер кеңесі.
83