¹ 2( 10) 2016
Сараптама мектептің даму жүйесіне қысқаша мінездеме берумен басталады. Педагогикалық ұжым жұмысының негізгі бағыттары, мұғалімнің қалыптасуындағы әдістемелік қызметтің рөлі айтылады.
1. Сапалық құрам( 3-5 жылғы), курстық дайындық, аттестация негізінде осы оқу жылындағы өсуі. Педұжымның сапалық құрамына әсер етуші факторлар( мұғалімдердің сапалық өсуіне әсері немесе кері әсері). Кадрлардың тұрақтылығы жыл бойына және жылдар көлемінде қаралады. 2. Мұғалімде кездесетін қиындықтар алынған өзекті тақырып бойынша сауалнамалар арқылы анықталады. Сараптамада бүкіл ұжымдағы саулнаманың нәтижесі беріледі. Педагогтың қиындыққа тап болуы, мұғалімнің эксперттік бағасы. Эксперттік диагностика мектеп басшыларымен немесе әдістемелік бірлестік жетекшісімен жүргізіледі. 3. а) Мектептің өзекті тақырыбы, оның сатылы жүргізілуі, жылдар бойынша шешімі, жыл бойғы түзету жұмыстары, таңдап алған тақырып бойынша жетістіктері ашылады. Бұл жұмыстың мектеп ұжымын қалыптастырудағы мәні талданады, бекітіледі.
Б) Әдістемелік жұмыстың, әдістемелік бірлестіктің, мұғалімнің диагностикасы арқылы кәсіптік қажеттілігін, оқутәрбие жұмысының үдерісін диагностикалау және болжау, мектеп оқушылары білімінің дамуы. мектеп тақырыбының мақсаты мен міндеттерімен әдістемелік бірлестік байланысы қалай өзгерді, 3-5 жылдар арасындағы өсуі.
4. Әдістемелік қызметтің құрылымы бойынша оның қысқаша мінездемесі, оның әрекеті және тиімділік деңгейі бағаланады. Педкеңестің, әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың, психологиялық қызметтің құрылымын түзетуге негізделеді.
5. Әдістемелік жұмыстың мазмұндық жағын зерделегенде әрбір компоненттің мазмұнына баға беріледі( неге ерекше көңіл аударылды, мектепте не қағыс қалды, қандай қиындықтар болды). Әдістемелік бірлестік жұмысының мектептің қажеттілігіне, міндеттеріне, өзекті тақырыбына және білім дамуының қазіргі кезеңіне сай болуы.
6. Курстық дайындықтардың, семинарлардың, конференциялардың статистикалық мәліметтері. Мұғалімнің курс, конференция, семинарлар тақырыбы бойынша өзінің педагогикалық шеберлігі, курстан соңғы жұмысының сараптамасы болуы керек. Мына белгілерді қолдануға болады: әрекетсіз- "- ", қанағат- "+", жетістікке жету: "+!".
Аттестация бойынша: сол оқу жылындағы, аттестация алдында және аттестациядан соңғы 1-3 жыл аралығындағы өздік білім жетілдіру жұмысы бағаланады. Жылына 1 рет мұғалімнің мотивациясы, оған әсер ететін факторлар зерделенеді. Бұл параметрде тек аттестацияның мұғалімнің өздік дамуына әсер ететін мотивтері, себебі көрсетіледі.
8. Оқу жылының соңында мұғалімнің сабағы сапасының әдістемелік бірлестік, мектеп бойынша мониторингі картасы толтырылады. Цикл бойынша сабаққа қойылатын талаптар бөлініп алынады. Жетістіктер, сабақта шешімін таппай жатқан мәселелер, себебі көрсетіледі.
9. Жұмыстың қиындықтарына сараптама беріледі. Өсу немесе кері динамика көрсетіледі.
10. а) Жыл бойғы сауалнамалар жүйеленеді, таратылады, шығармашылық даму мектеп бойынша анықталады. б) Инновациялар, қолданылатын жаңа педагогикалық және басқару технологияларын меңгеру тиімділігі, қолдану( салыстырмалы анализдер, кесінділер нәтижесінде) в) Ақпараттық технологияларды қолдану, компьютердің, мультимедиялық құралдарды меңгеру, электронды құралдарды толықтыру. г) Мұғалімдердің ғылыми-зерттеу және экспериментальдық әрекеттерінің мінездемесі беріледі( іздену бағыты, автор, тәжірибе жетекшісі, педагогикалық
ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI жетістіктері). 11. Мұғалімдердің өзіндік даму қабілеті және оған кері әсер етуші факторлар. Мұғалімдердің, ұжымның өзіндік дамуға дайындықтары бағаланады, зерделенеді. Жылдар бойынша және осы оқу жылындағы өзіндік білім көтеру зерделенеді. Бағалау оқу жылының соңында мұғалімнің өзіндік анализ жасауы ескеріле отырып жүргізіледі.
12. Дарынды балалармен жұмыс әдістемелік тұрғыдан зерделенеді. Мектеп ұжымының, ӘБ-тің, мұғалімдердің бағытталған жұмыстары( педкеңес, ӘБ, шығармашылық топ, семинарлар, конференциялар). Мұғалімдердің, мектептің қажетті ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қамтылуы. Мектептегі ғылыми қоғам, үйірмелер жұмыстары, мұғалімдердің дарынды оқушылармен нақты жұмысының болуы. Ғылыми жоба, олимпиада, конкурстар бойынша нәтижелер. 13. Жас мамандардың жылдар бойынша сапалық, кәсіптік дамуы зерделенеді.
14. Мектеп басшылары, ӘБ, шығармашылық топ, тәлімгерлер жұмыстары бойынша мұғалімдермен жеке жұмыс зерделенеді. Кәсіптік дамуды ынталандыру формалары, олардың тиімділігі қарастырылады. 15. Әр педагог Басқару папкасы негізінде кәсіптік өсу картасын толтырады. Карта оқу ісі меңгерушісі, ӘБ жетекшісімен дайындалады. Мұғалімнің, сынып жетекшісінің рейтингісі сауалнама, оқу жылындағы мұғалім әрекеті бойынша анықталады.
Қорытындылағанда әдістемелік бірлестік басшылығы, шығармашылық топтар әдістемелік жұмыстың жүйелілігіне, ғылымилығына баға береді.
Әдістемелік жұмыстың мониторингі не үшін қажет? Ол қандай болу керек?
Бүгінде әр мектеп педагогикалық( білім беру) мониторингімен жұмыс жасайды.
Бірақ мұғалімнің кәсіптік шеберлігінің өсуі зерделене бермейді. Егер зерделенсе де, тек кесте түрінде семинарға, жиналысқа т. б қатысулары есептеледі. Педагогтың кәсіптік өсуіне, коммуникативті құзыреттілігінің артуына тиімділігі қандай екені ескерілмейді. Ал мұғалімнің шығармашылық деңгейі, потенциалы, оның дамуы қарастырылмайды деуге болады. Мектептерде мұғалімнің шығармашылығын, кәсіптік өсуін қолдау ережелері жасалмаған. Көпшілік мектептерде мұғалімнің, сынып жетекшісінің рейтингісі жүргізілмейді, жүрсе де қажетті дайындықсыз, психологиялық ілеспесіз жүргізіледі. Әдістемелік жұмыстар және басшылардың рөлі жұмыстарының сараптамасы есеп түрінде беріледі. Ең негізгісі- көптеген мектептерде тұтас, толыққанды және тиімді жүйедегі әдістемелік жұмыс жоқ.
Әдістемелік жұмыс мониторингісінің негізгі міндеті- әр мұғалімнің потенциалын және жұмыс жүйесін анықтау, өзіндік дамуын қамтамасыз ету. Сауалнамалар жүргізе отырып, оған өзінің кемшіліктерін, жетістіктерін көруге мүмкіндік жасау, кәсіптік құзыреттілігін арттыруға көмек жасау.
Мониторингтің маңызды міндеті- ұжымда рефлексивтік қатынас негізінде мақсат қою, педагогтың жеке даму бағдарламасын даярлау.
Мониторингтің қызметі- әдістемелік жұмыстың барлық бағыттарын ықшамдау, ең белсенді және тиімді формалары мен әдістерін таңдап алу, оның мазмұнын қалыптастыру. Мониторингтің жиынтығы мен формаларының көрсеткіштері шектеулі және тұрақты( 3-5 жыл) болу керек. Пайдаланып жүрген көрсеткіштерді түзету талапқа және жағдайларға байланысты жүру керек.
Жинақталған материалдар әр мұғалімнің тек қозғалысын көрсету емес, оның педагогикалық жұмысындағы айтарлықтай өзгерістерді көрсетуі қажет. Барлық мониторинг көрсеткіштері жыл бойы және жылдар көлемінде ашылады.
Әдістемелік жұмыстың мониторингі мектептегі
6