ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
¹ 2( 10) 2016
Индикаторлар- нысанның іріленген, таратылған жағдайының кешенді сипаттамасы. Бұндай индикаторларға оқыту мекемелеріндегі зерттеу нәтижелері жатады. Көрсеткіштер- әрбір индикаторға сәйкес келетін құрылымдық элемент. Диагностика мақсаты- оқушылардың нақты көрсеткіштерінің ГОСО талаптарына сәйкестігі. Диагностика жүйесі- өткізетін өлшегіштердің жүйелілігі мен әдістерін жазып көрсету. Диагностика әдістемелері- оқу бағдарламаларын оқу, анализ жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу, бақылау жұмысы. Оқу мониторингін жүргізудің бір формасын көрсетуге болады: Оқушылардың математика сабағынан оқу сапасын анықтаудың
Ақпараттық картасы
Оқу пәні мазмұны 1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан қорытынды
1 Геометриялық фигураларды ажырата білуі 2 Кеңістік түсінігі 3 Сандарды салыстыру 4 Ауызша сандар мен белгілерді атау
"+"- оқушының білімі бағдарламадан жоғары " х "- оқушының білімі бағдарламаға сай " 0 "- бағдарламадағы минимумды меңгерген "- "- бағдарламаны меңгермеген. Басқару басқарылатын үрдістің қалай жүретініне және реттеуді, түзетуді енгізу шешімдеріне негізделеді. Бұл үшін білім жүйесінде мониторинг жасалынады, яғни білім жүйесіндегі аралық нәтижені, әсер ететін факторларды сонымен қатар басқару жүйесін реттеу және түзету шешімдері қабылданады. Мониторинг-мақсатты ұйымдастырылған, білім үрдісін уақтылы басқару мақсатында жинақталған ақпараттардың анализі және педагогикалық болжамы.
Білімдегі мониторингтің көптеген қызметі бар: адаптациялық( А. А. Орлов), диагностикалық( В. и. Андреев, А. С. Белкин т. б), интегративті, прагматикалық( В. Г. Попов), қалыптастырушы, жүйе түзуші( Г. Т. Емельянова, С. Н. Силина) және басқа қызметтер. Осы функциялардың біреуінің ескерусіз қалуы іс жүзінде басқару тиімділігінің төмендеуіне әкеледі, өйткені өзінің болжау және жетекші күшін жоғалтады. Сол себепті білім сапасын басқару барлық рөлдерді орындағанда ғана толық мәнді өз қызметін атқарады деуге болады. Негізгі басқару қызметі функциясының мазмұны-жоспарлау, ұйымдастыру, жүйелеу және бақылау. Педагогикалық мониторинг жүргізудің мүмкіндіктері: * ақпарат алмасуға және оған тиімді қол жеткізуге арналған бірыңғай база құру; * ақпаратты жинау және оңтайландыру жүйесі; * білімді басқару үрдісін жүзеге асыруға арналған ақпараттық негізді құру; * оқыту үрдісін болжау; Сол себепті де педагогикалық мониторинг жүйесін қалыптастырудың ерекшеліктерінің бірі болып, жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды жүйелеу, қолдану қажеттігі болып табылады. Мониторингтың бағыттары: 1. Педагогикалық ұжымның, басшылардың сапалық құрамы( білімі, еңбек өтілі, санаты). Педагогтардың біліктілігі, санатының өсу динамикасы. Кадрлармен қамтамасыз етілуі. Кадрлардың тұрақты болмауы, себебі. 2. Мұғалімнің, сынып жетекшісінің кездестіретін қиыншылықтары. Педагогтардың кәсіптік құзырлылығы. 3. Мектептің, мұғалімнің, әдістемелік бірлестіктің өзекті тақырыбы, өзара байланысы. Тақырыптың өзектілігі. Тақырыппен жұмыстың сатылылығы, шешімнің дұрыстығы. Әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндеттері, өзекті тақырыппен байланысы, тиімділігі, өсуі, нақтылығы. 4. Мектептегі әдістемелік жұмыстың құрылымы, оның қалыптасуы, тиімділігі, өсуі. 5. Әдістемелік жұмыстың мазмұны, мектептің қажеттілігіне сәйкестігі( әдістемелік тақырыптың мақсатына сәйкестігі). Әдістемелік жұмыстың формалары, тиімділігі. Тақырыптық педкеңестің, әдістемелік бірлестіктің маңызы және рөлі. Әдістемелік жұмыстың белсенді және интерактивті формалары. 6. Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі: курстық дайындық, семинарлар, конференциялар, педоқулар. Олардың педагогтың кәсіптік деңгейінің өсуіне, мектептің жұмыс нәтижесіне әсері. Курстар, семинарлардан кейінгі жұмыстар. 7. Аттестация, оның мұғалімнің құзыреттілігіне, өзін-өзі дамытуына әсері. 8. Сабақты қазіргі талаптарға сай жетілдіру. Әкімшіліктің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің, ұстаздардың өзара сабаққа қатысуы, ашық сабақтар, консультациялар. 9. Алдыңғы қатарлы озық технологияларды зерделеу, мектеп ішінде, қала көлемінде тарату. 10. а) Мұғалімнің шығармашылық потенциялының деңгейі. Ұжымдағы шығармашылық атмосфераны қалыптастыру. Шағын топтардағы шығармашылық жұмыс. б) Мектептегі инновациялық үрдіс. Алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату технологиялары, білімге жаңаша көзқарас, оларды қолдану тиімділігі. в) Білім беру үрдісін ақпараттандыру және басқару. Мұғалім жұмысындағы ақпараттық технологиялар. г) Педагогтардың іздену-зерттеу және эксперименттік әрекеті( авторлық бағдарламалар, курстар, тәжірибелік оқу бағдарламалары). 11. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруі( дайындығы, өзін дамытуға қабілеттілігі, шығармашылық есеп, конкурс, педоқулар, жинақтар шығару).
12. а) Дарынды балалармен әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, нәтижесі. б) Инклюзивті оқытуды ұйымдастыру және дамыту. 13. Жас мамандармен жұмыс жүйесі. Олардың кәсіптік өсу динамикасы. 14. Педагогтардың кәсіптік әрекетінің мотивациясы, жүйесі. Мұғалімнің шығармашылығын қолдау. 15. Педагогтың кәсіптік өсуінің картасы, мұғалімнің, сынып жетекшінің рейтингісі. Мониторинг және оны зерделеудің технологиясы
5