¹ 2( 10) 2016
ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
АХМЕТКАЛИЕВ НУРЖАН НИГМЕТОЛЛАЕВИЧ
Семей қаласының № 3 жалпы орта мектепкешені директоры
КУРМАШЕВА АЛМАГУЛЬ АМАНТАЕВНА
Семей қаласының № 3 жалпы орта мектепкешені директорыының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Автор мақалада педагогикалық мониторингінің маңызын білім берудің сапасы ретінде қарастырған. Автор педагогикалық диагностикалардың әдістерін ұсынған. Мақала педагогикалық бағытта оқитын студенттерге және білім беру саласының қызметкерлеріне арналады.
В данной статье автор рассматривает значение педагогического мониотринга как контроль качества образования. Автором представлены методы педагогической диагностики. Статья будет полезна студентам педагогических ВУЗов и работникам сферы образования.
Тhe author considers the pedagogical value of the monitoring and control of the quality of education. The author presents the pedagogical diagnostic methods. The article will be useful for students of pedagogical universities and education professionals.
" Мониторинг " термині өндірістік-экономикалық және медициналық аймақтан алынған. Жүйелі түрде қандай-да бір нысананы бақылау және қалыпты нормадан ауытқуын бақылау мағынасында қолданылады. Ағылшын тілінен(" monitor ") " сақтандырушы " деп аударылады. Педагогикада қолданғанда тек бақылау ғана емес, нормадан ауытқушылықты түзетуге үйрету мақсатында жүргізіледі. Білімдегі мониторинг-білім жүйесіндегі белгілі бір уақыт аралығындағы аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының диагностикалық әдістемелермен( мүмкіндігінше стандартталған) кешенді және анықталған критерийлер, эмпирикалық индикаторлармен анықталған білім жүйесін бақылау. Мониторингтік зерттеу жүйелі түрде жоспарланған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана әдістемелік қызметтің тиімділігін арттыруға болады. Білім жүйесіндегі мониторингті өткізуде практикада кездесетін қиындықтар төмендегідей: * Мониторинг обьектісінің басқару обьектісіне сәйкес келмеуі; * қолданылған бақылау жүйесінің басқару мақсаты мен қызметіне сай еместігі; * білімнің жағдайын обьективті және сенімді түрде барлық деңгейде бағалау үшін теориялық негізделген білімді бағалаудың тиімді құралдарының жетіспеуі. Қазіргі кезде білім сапасының критерийлері ретінде оқушының жан-жақты интеллектісінің дамуын сипаттайтын білім, білік, дағдыларды қалыптастыру алынған. Білім нәтижесі ретінде оқушының оқу жетістіктері әр пән бойынша білім, білік дағдыларымен( біздің еліміздегі сияқты), немесе оқушының қабілеттілігі және құзыреттілігімен айқындалады( Батыстың дамыған мемлекеттері). Қазақстандық оқымыстылар болашақта оқытудың нәтижесі ретінде оқушыларда құзыреттіліктің қалыптасуы болатынын айтады. А. Хуторский білім, білік, дағды мен құзырлылық бірбіріне қайшы келмейді, керісінше олар белгілі бір арналарда бір-біріне қосылады дейді. Сондықтан да оқыту сапасын басқаруды бағалау үшін соңғы нәтижені мақсат етіп қою керек( алынған білім мен қалыптасқан дағды немесе құзырлылық). Мониторингтің негізгі мақсаты да алынған нақты нәтиженің жоспарланған нәтижемен және оқыту мақсатымен сәйкестігі. ГОСО-ны жүзеге асыруға арналған оқыту сапасын бағалауға арналған мониторинг жүйесі сондай-ақ білім беру орнының стандарттың барлық талаптарына сай болуын да қадағалайды. Осы талаптарды сақтай отырып айқындалған индикаторлар, диагностика көрсеткіштері мен жүйесі ұсынылады:
Оқыту сапасының мониторинг жүйесі( ГОСО 2012)
4
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОНИТОРИНГ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАСҚАРУ
1
2
3
индикаторлар |
Көрсеткіштер |
Диагностика жүйесі |
|
|
-бүкіл оқу үрдісінде |
Оқушыларды пән |
-оқыту сапасы; |
диагностикалық өлшеу |
бойынша дайындауда |
-оқытуды деңгейлі саралау; |
( тексеру және бақылау |
ГОСО талаптарының |
- ГОСО талаптары туралы |
жұмыстары); |
орындалуы. |
оқушыларды ақпараттандыру; |
-оқу кезеңінің қорытынды |
|
|
аттестациясы( 9,11 сынып). |
Бейінді оқыту жағдайында оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының мазмұны сәйкес келуін қамтамасыз ету.
ГОСО талаптарына сәйкес пәнге қойылатын талаптар.
-оқыту жүйесінің бейінді бағытталуы;-пән бойынша оқу жүктемесі( инвариант, вариатив);-факультативтік курстар;-педтехнологияларды қолдану;-кадрлармен толықтыру;-оқу-әдістемелермен жабдықтау;-материалды-техникалық жабдықтау.
Оқу аралығында ақпараттар жинау( сауалнама, мектеп құжаттарымен жұмыс).