ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ
Ïåäàãîãèêà ¹ 2( 10) 2016
МАМЫРБАЕВА САНДУГАШ ЕШЖАНҚЫЗЫ
ШҚО. Аягөз ауданы " Т. Көбдіков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп " КММ тарих пәнінің мұғалімі
ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Білімділік мақсаты: 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің отаршылдыққа, имперализмге қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын нақты фактілермен ашып көрсете отырып, өз позициясын берік ұстануға үйрету. Дамытушық мақсаты: Өзіндік тапсырмалар орынлдау барысында қосымша деректерді пайдалана отырып, оқушының ой-өрісін, оқиғаның шешімін таба білуін проблемалық сұрақтарға жауап іздей білу, ақпаратты өз бетімен зерттеуге, талдауға ынтасын туғызу. Тәрбиелік мақсаты: Қозғалыстың басты себебіне айналған әлеуметтік экономикалық және саяси сипаты бар оқиғаларды талдай отырып, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тірексызбалар, буклеттер, слайдтар Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру Сабақтың әдісі: Джигсо, тест жұмысы, мпға шабуыл,
" даралық пен ұқсастық ", әңгімелесу Сабақтың эпиграфы: Қарсы аттан, жан садаға, мал шалайын, Ұлы жүздің баласыына жар салайық. Берсең де өлдің, балаңды, бермесең де, Одан да жауға қарсы аттанайық! Бұзаубақ ақын Тірек ұғымдар:- Азаттық- Отаршылдық- Жарлық- Бұратана Проблемалық сұрақ:"
« Көтеріліс қазақ халқының сол кездегі жағдайын шеше алар ма еді?»
Сабақтың нәтижесі: Оқушылардың Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлтазаттық қозғалысы туралы білімдерін толықтырып, тарихи фактілерді салыстыра отырып, өз позициясын ұстануға дағдыландыру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу. Сабақ процесіне бейімдеу. Психологиялық дайындық. Сыныпты топқа бөлу.
Данная работа представляет собой методическую разработку урока по истории. Работа будет полезна учителям истории и студентам педагогических ВУЗов.
Аталған жұмыс тарих пәнінен әдістемелік сабақ жоспары болып табылады. Жұмыс тарих пәні мұғалімдеріне және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады.
Much attention is given to methodical development of the history lesson. The work could be helpful history teachers and students of pedagogical universities.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл( 2 мин) 1. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кімге қарсы бағытталған? 2. С. Датұлы бастаған көтеріліс қай уақытты қамтиды? 3. Ж. Тіленшіұлы бастаған көтерілістің негізгі себептері? 4. Бірінші дүние жүзілік соғыс қашан басталды? 5. 1867-1868 жж. реформаларлы атаңдар. 6. Ж. Нұрмұхамедұлы қай рудан шыққан? 2) " Даралық пен ұқсастық "( 3 мин)
Қазақстанда болған ұлт-азаттық көтерілістер
3) Ой қозғау Қазақ халқы әртүрлі қозғалыстарыд бастан кешірді, ал 1916 жылы қандай көтеріліс болды? Өй ойларын айтады?( 2 мин) ІІІ. Мағынаны тану. 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, дәптерге жазу
( 2мин). 2. Топпен жұмыс " Джигсо " әдісі бойынша( 15 мин) Сабақтың проблемалық сұрақтарын жариялау:
Қозғалыстың себептері. Қозғалыстың мақсаты мен сипаты
Қозғалыстың қозғаушы күштері
Қозғалыс басшылары.
Мәтінмен танысып қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады. Мәтінмен танысқаннан кейін оқушылар өз топтарына оралып, алған мәліметтерін түсіндіреді. Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды. 3. Оқушылардың алған мәліметтерін салыстыру үшін қосымша мәліметтер беріледі( 10 мин)
Мұғалім: 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Қазақ халқы бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облысы жерлерін жаппай тартып алу жалғасты. Бір ғана Жетісу обылысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1,800 мың десятина
67