EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 68

¹ 2( 10) 2016
үлгісімен, тапқыр тәсілімен тәрбиелеу орынды. Орыс халқының көрнекті педагогы А. С. Макаренконың: " Егер менен педагогтық тәрбиемнің мәнін қысқаша тұжырымдап беруді сұраса, адамға көбірек талап қою, оны барынша-қадірлеу деп жауап берген болар едім ",- депті. Себебі, адам өзін сыйлағанның құлы. Жас өспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана ол биікке ұмтылады. Сондай ұмтылыс үстінде өседі және жетіледі. Армансыз биікке самғау жоқ екенін ұғындыруымыз керек. " Армансыз ұлан, қанатсыз қыран ", " Арманы жоқтың, пәрмені жоқ " деп парыздықтан сақтандырамыз. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың " Сегіз қырлы, бір сырлы " азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра, ұластыра жүргізуіміз керек. Халық педагогикасында мынау- ақыл-ой тетігі, мынау- эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие кұралы жоқ. Кез-келген тәрбие құралына талдау жасасақ, ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік тәрбиелері іштей сабақтасып, араласып жатқанын көреміз. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иманжүзділік қасиеттердің бәрі де ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Ар тазалығы өзгеге қиянат жасамауға, шыншыл болуға баулыйды. Ұлттық табиғатымызға сай келмейтін педагогикадан гөрі халық педагогикасының маңызы зор. Ол үшін халқымыздың тәлім-тәрбиелік негіздерін отбасында, бала-бақшаларда, әр түрлі сатылы оқу орындарда және қоғамда қолдануымыз қажет [ 1 ]. Халық педагогикасының негізгі мақсаты- өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты өнер-білім меңгеруге, еңбек етуге, ауыл-аймақтың, өз Отанның арнамысын қорғауға, адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. " Болашақ бүгіннен басталады " демекші, сол болашақтың адамдары қай жағынаң болса да тамаша адам болуы тиіс. Олар әр жақты келісті адам болуы керек. Ол тек еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған, ақылды болып қана қоймай, сонымен бірге тәрбиелі, көркем де әсем болуы қажет. Қазақ халқы- әсемшіл халық, рухани мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі
Ïåäàãîãèêà
деп санайтын халық. Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу-сипатын, моральдік қасиетін үнемі басшылыққа алу керек. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшелігі болатын секілді, қазақ халқының да сан ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі қалыптасқан. Жас ұрпаққа ізгі тәрбиелерді қалыптастыруда ғұлама ғалымдар, шешендер мен билер, ақын-жыраулар, сал-серілердің өзіндік сара жолдарының болғаны, олардың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін, өнегелі істері бүгінгі ұрпақтың рухани, мәдени жетілуіне, саналы, білімді де мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетіндігі даусыз. Қоғам және адам өміріндегі ұлттық ерекшеліктер аясының кеңейуі тек ұрпақтан-ұрпаққа тарихи-мәдени мұраларды беруді ғана міндеттемейді, сонымен қатар аға педагогиканың халықтық бай тәжірибесін молайта отырып іс жүзіне асыруды талап етеді. Ол үшін жас ұрпақтың тәрбиесі ұлттық-халықтық педагогиканың қажеттігін туғызып, қабілетін дамыту және қалыптастыру әлеуметтік сұранысқа айналуы қажет [ 4 ].
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеуді талап етеді. " Жас бала- жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді "- дейді қазақ халқы. Жерге отырғызған жас көшетте өркен жайған жасыл ағаш болып, тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса, ұстамды, көргенді, парасатты, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгілі, ішкі-сыртқы адамгершілік, эстетикалық саналары биік дәрежеде болуына барлығымыздың да ат салыса қатысуымыз қажет. Орыс жазушысы А. П. Чеховтың мынандай тамаша сөзі бар: " Адам бойындағының бәрі де, бет әлпеті де, жан дүниесі де, ақыл ойы да, киімкешегі де әдемі болуы керек ". Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, қасиетін үнемі басшылыққа ала отырып, халықтық педагогикамыздың бай мұраларын ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз өте қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қоянбаев Ж. К. Педагогика.- Алматы, 2001. 2. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика.- Алматы, 1997. 3. Табылдиев Ә. Қазақэтнопедагогикасы.- Алматы, 2000. 4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтәлім-тәрбиесі.- Алматы, 1995
66