Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 10) 2016
В статье рассмотрено про воспитание подрастающего поколения в наши дни. Автор указывает на народную педагогику, как на основную составляющую воспитания. Целевая аудитория этой статьи возрастными категориями не ограничена.
Мақала қазіргі таңдағы өскелең ұрпақтың тәрбиесі жайында. Автор тәрбиенің негізі ретінде халықтық педагогиканы қарастырады. Мақала жастық шектеусіз барлық оқырмандарға арналады.
КАМАЖАНОВА НАЗЕРКЕ МАРАТОВНА
" М. Хасенов атындағы
Бестерек орта мектеп-бақша және мектеп жанындағы интернат " КММ бақша тәрбиешісі
КОППАЕВА НАЗЫМ КАЛИБЕКОВНА
" М. Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп- бақша және мектеп жанындағы интернат " КММ биология пәні мұғалімі
Considered in the article about the education of the young generation today. the author points to the folk pedagogy as a major component of education. The target audience of this article is not limited to age categories.
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ
Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбенің түп қазынасына айналдыру- ата-ананың да, мектеп ұйымының да, ұстаздардың да басты борышы.
Халықтық педагогика- дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, жаңғырып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан қазына.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев " Ғасырлар тоғысы " атты еңбегінде, " Тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарымқатынасқа көшуі кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын, ізгіленген ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру ",- деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халықтың мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнер сүю арқылы нағыз мәдениетті адамды қалыптастыру- бүгінгі жаңа қоғам, тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған үлкен мақсат. Қазіргі қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал мұның бәрі тікелей ғылым, білім саласына байланысты. Сондықтан да білім беруді жетілдіру жөнінде маңызды реформалар, жаңа технологиялар мен ғажап идеялар пайда болуда. Ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде өз халқымыздың педагогикалық аса бай мұраларын ұрпаққа беруді аңсаған едік. Жас жеткіншектерді халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйретуге міндеттіміз. Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында, ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесінде бала, ұрпақ, жастар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, отбасында, тұрмыс-тіршілікте батырлық пен батылдыққа, әділдік пен адамдыққа, махаббат пен ізгілікке, инабаттылық пен имандылыққа үздіксіз тәрбиелеп отырған. Бұрын атаәже тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген [ 3 ].
" Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол ", " Қызға қырық үйден тыю, бір үйден жыю " деген нақыл сөздер осының айғағы. " Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма " деп, ортақ талап қойған. Мұнда ұлдың да, қыздың да ретсіз жүруінің, мезгілсіз қыдыруының жағымсыз екендігін ұқтырып отырған. " Үлкеннің алдын
кеспе, бос шелекпен өтпе " деп баланы үлкендерді сыйлауға, жол беруге тәрбиелеген. Еңбекке, төзімділікке, ептілікке, шеберлікке, шыншылдыққа, ар-ұят, әдеп, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үй ішілік карымқатынастарда, тұрмыста ұрпақ зердесіне сіңіре білген бабаларымыз. " Сіз- деген сыпайылық, біз- деген көмек ", " сыйға- сый, сыраға- бал ", " Жаным десе жан семірер " деген мақал-мәтелдер арқылы игілікті істерге бастаған. Халық педагогикасының имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтан балаларды кіндік қан тамған жерінің қасиетті тарихы мен мәдениеті және тілін, салт-дәстүрі, әдетғұрып ерекшеліктерімен таныстыра отырып, рухани жоғары деңгейде тәрбиелеу ұлы мақсаттардың бірі болмақ. Бұл үшін оқу-тәрбие сағаттарының маңызы ерекше. Қай заманда болсын есті де еңбексүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу парыз саналған. Әр халық өзінің тарихын жалғасыратын жас ұрпағын адалдыққа, әділдікке үндеп отырған. Бұл ретте ғасырлар бойы сұрыпталып, әр түрлі сыннан өткен салт-дәстүрлерімізді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланамыз [ 2 ]. Халықтың жиі қолданатын тәрбие құралдары мақалмәтелдер, тыйым сөздерді тіл байлығын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру мақсатында қолданамыз. Мысалы, Наурыз айы, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз. Сәуір болса, күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер. Сәуір болмай, жауын болмас, жауын болмай, тәуір болмас. Міне халық даналығынан туған осындай мақал-мәтелдер бала танымына, қоршаған ортаны уақыт арқылы сезінуіне игі ықпал жасайды деп есептеймін.
" Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бестен асқан соң, досыңдай бағала ",- деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, он беске дейін көмекшің деп қарауы, он бестен асқан соң, ақылшың деп санауды меңзейді.
" Ұлы ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге "- деу арқылы халқымыз ата-ананың, үлкендердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі орнын көрсеткен. Қазақ халқы ұстаған қағидасын, түйген философиялық ойын жан-жақты қарастырып бір ауыз сөзге сыйғызып бере білген.
" Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата-анадан, ұстазынан, құрбы-құрдасынан "- деп ойшыл Абай атамызда өте дұрыс айтқан. Осы пікірді халық педагогикасында: " Ұстазына қарай шәкірті ", " Ұстазы жақсының ұстамы жақсы ", " Аға-жаға, ұстазпана ",- деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың
65