EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 66

¹2 (10) 2016 де өмір бар", деп халықты жарқын болашаққа, үлкен жетістіктердің куәсі болатынымызға сендіре білді. Жалпыұлттық біртектілікті нығайту жолындағы аса күрделі проблема әрі оған қол жеткізудің маңызды тетігі - мемлекеттің жан-жақты ойластырылған тіл саясаты, тіл құрылысы. Тәуелсіздік жылдарында, бұл салаларда қол жеткізілген мәселелер жеткілікті. Ұстамды, орнықты тіл саясаты елдегі қоғамдық келісім мен татулықтың басты негіздерінің бірі болды. Ал жалпыұлттық біртектілікке ұмтылу, оны бекіту тіл саясаты мен тіл құрылысы саласында мүлдем соны, күрделі мәселелерді күн тәртібіне қойып отыр. Жалпыұлттық біртектілік дегеніміз, ең алдымен тіл мәселесіндегі түбегейлі мәселені - мемлекеттік тілдің барлық деңгейдегі өз мәртебесіне сай басымдығын, толыққанды қызмет жасауын талап етеді. Ол өз функцияларын қоғамдық қатынастардың барлық Ïåäàãîãèêà салаларында толыққанды, қазіргі заманғы ғылыми- техникалық прогреске, индустриялық және ақпараттық қоғамның өскелең талаптарына сай жүзеге асыруы керек. Мемлекеттік тіл ғана жалпы ұлттық біртектілікке жетудің нақты, іргелі тілдік-рухани негізі. Ұлт-мемлекет болып қалыптасқан, жалпыұлттық, азаматтық біртектілік мәселелерінде қазіргі өркениет үрдісінен шыққан Батыс елдерінің тәжірибесі осыны көрсетіп отыр. Қорыта айтқанда, кешегі өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Елбасының күрескерлігін тағы бір дәлелдеді. Бұл халықтың риясыз сенімін білдіреді. Н.Ә.Назарбаев "Нұрлы жол" бағдарламасы мен бес институттық реформаны жүзеге асыруда халқының қолдауына иек артып отырғандығын ескерсек, барша қазақстандықтар бір мақсатқа жұмылғанда ғана "Мәңгілік Елге" айналамыз. ӘДЕБИЕТТЕР 1. "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы, 2014 жылғы 11 қараша, 2. Халқының бағына біткен перзент. Ел туын ұстаған ерен тұлға. Егемен Қазақстан, 23 маусым 2015 жыл 3. Нысанбаев Ә. Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм 2-кітап Алматы, 2011 4. Қазақстан хал қы - мемлекеттік билік пен егемендіктің қайнар көзі. Егемен Қазақстан, 17 маусым 2015 жыл 5. Ұлт жоспары. 5 реформа және 100 қадам. Тәуелсіздік тірегі - әлеуетті мемлекет. Егемен Қазақстан, 3 маусым 2015 жыл 6. Елімен етене Елбасы. Нұртай Сабильянов "Күрескер". 64