EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 65

Ïåäàãîãèêà
министрлігінің қолдауымен өткен " Қазақ " хандығы мыңжылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең " тақырыбындағы халықаралық ғылымипрактикалық конференция осындай ауқымды ісшаралардың бір парасы. Аталмыш форумның жұмысына Қытай, Германия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан сияқты алыс-жақын шет елдерден және елімізге танымал маман ғалымдар қатысып, еліміздің тарихи қалыптасуы мен дамуына қатысты тың деректерді ортаға салды. Бұл ғылыми мәжіліс Елбасымыздың " Мәңгілік Ел " идеясының қазақстандық моделін әлемге танытуға, Қазақ еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы беделін арттыруға бағытталды.
Күні кешеге дейін бұралаң жолда, бұрмалауға көп ұшыраған ұлттық тарихымыз өзге елдің мүддесі, көзқарасы тұрғысынан жазылды. Ең өкініштісі, көптеген дәл тарихи деректерге, дәледенген ғылыми зерттеулерге, батыл ойлар мен тың көзқарастарға жол берілмеді. Енді өз тізгініміз өз қолымызға тигенде, төл тарихымызды өзіміз тереңдете зерттеп, ғылыми дәлел-дәйекпен жазуымыз қажет. Содан соң, төрткүл дүние алдында айқара ашып, қалың ел мен ұлағат күтетін ұрпағымызға насихаттап жеткізуіміз керек. Сол жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған тарих қазақ ұлтының өзіне мақтаныш сезімін туғызуы тиіс, өзге халықтар біздің шынайы тарихымызға құрметпен қарауы қажет. Өйткен, ұлт Тәуелсіздігінің алтын діңгегі ұлттық тарихымызда жатыр. Ал ұлттық тарихымызхалқымыздың мәңгілік бойтұмары!
Елбасымыздың " 100 нақты қадамнан " тұратын Ұлт жоспары- Ұлтты есейту жолындағы бағдарлама болып саналады. Неге 100 қадам?! Өйткені бәрі айқын, дәлелді және нақты. Оның ішінде 15 қадаммемлекеттік аппараттың кәсібилігін түбегейлі арттыруға бағытталса, 19 қадам- сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі тиімді іс-қимыл, 50 қадам- жоғары технологияны экономикалық өсім және адами капиталды дамытуды ынталандыратын, тікелей қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер, 6 қадам- қоғам бірлігі мен Қазақстандағы біртектілікті нығайтуды көздейді. 10 қадам- Үкімет жұмысының тетіктерін жетілдіруді, қоғамдық бақылауды күшейту мен азаматтардың атсалысуын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Қоғамдық идеалы, нақты жоспары жоқ халық дами алмайды. Қазақстанның ширек ғасыр ішінде осыншама табыстарға қол жеткізуінде стратегиялық жоспарлаудың, биік мақсаттар арқылы ұлтты жігерлендірудің орны аса зор. Елбасы о бастан қоғамды әлем деңгейіндегі асқақ мақсаттарға ұмтылуға шақырып келеді. " Қазақстан-2050 " Стратегиясы, " Нұрлы Жол " Жаңа Экономикалық Саясаты, " 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспары, озық 30 елдің қатарына қосылу міндеті- мұның барлығы Мәңгілік Ел болу жолындағы өзара сабақтас жүйелі қадамдар.
Елбасы: " 100 қадам "- бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Бұл реформалардың мәні- ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу.
Елбасы саясатының арқасында біз бірлігімізбен мақтана аламыз. Көпұлтты елімізде татулық, рухани келісім, бір-бірімен үндескен мүдде жасампаз болашаққа кедергісіз жетелеп келеді. Халықаралық қауымдастыққа үлгі болып болып отырған ел ішіндегі татулық, достық қарым-қатынас, діни түсіністік үлкен мәнге ие. " Бірлік-біздің барша табыстарымыздың кілті " деп Елбасы айтқандай, айрандай ұйып отырған елдің
¹ 2( 10) 2016
келешегі кемел болмақ. " Тілегі бірдің- жүрегі бір ", мақсаты мен ісібір жерден шыққан дүйім жұрт тосыннан келген қиындықты жеңіп, кез келген белесті бағындырары сөзсіз. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды.
Елбасы халқына арнаған сөзінде: " Қазақстан-2050 " Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас үрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз " Мәңгілік Ел боламыз " деді, " Мәңгілік Ел " идеясын ұсынған Қазақстан Президенті Нұсұлтан Назарбаев барша халқын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңіглік құндылықтары- ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды.
Ел туын ұстаған ерен тұлғаның халқымызға сіңірген еңбегін санап шығу мүмкін емес. Әсіресе, одақ тарағандағы дағдарысты жағдайда елді аман сақтап қалуы, Тәуелсіздігімізді алмай тұрып-ақ Семей полигонын жаптыруы, Астананы елдің қақ ортасы Сарыарқаның төріне көшіруі, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы, " Мәңгілік Ел " ұстанымын алға тартуы көреген көсемнің үлгісі екендігі айқын. Қазақстан халқын бүкіл әлем таниды, елімен санасады, сыйлайды, үлгі етеді. Сәуірдің 26-сы күнгі сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын болмаған деңгейде дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануы ел халқының дүние дидарындағы абыройын асқақтата түсті. 2004 жылы басталған " Мәдени мұра " стратегиялық жобасының арқасында ұлттық құндылықтарымызды түгендедік.
Қай кезде де өз заманынан оза туған тұлғалар болады. Елдің еңсесін тіктеп, керегесін кеңейтетін жаһандық деңгейдегі саяси қайраткерлер, әрине, саусақпен санарлықтай. Сондай тұлғалардың бірі- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасының күрескерлік қасиеттері Қазақстанның өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Табиғатынан табандылықпен күресе білетін Президентіміздің бұл қасиеті қазіргі әлемді жайлаған қысылтаяң кезеңде Қазақстанды 30 өркениетті елдің қатарына қосу бастамасымен ұштасып жатыр. Қиыннан қиыстырған ер ғана мұндай тәуекелге бара алады және өзінің жеңетініне сенімді болады. Халықтық құндылықтардан, ұлттық тәрбиеден тәлім алған Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің өмір жолында, еңбек жолының әр белесінде кездескен қиындықтарды жеңе біліп, биік белестерді бағындырды. Қазақстан әлемдегі 150-дей мемлекетпен ынтымақтастық, саудаэкономикалық қарым-қатынас орнатты. Барлық көрші елдермен достық, тату-көршілік туралы келісімдер жасалып, мемлекеттік шекараларымыз шегенделіп, барлығы да мығым етіп бекітілді. Бұл- тәуелсіз мемлекет тарихындағы ең елеулі жайттар.
Желтоқсанда қазақтың намысын қорғап алаңға шыққан, жауапқа тартылған азаматтарды ақтағаны үшін, сол күрескер жастарға Алматы қаласында " Тәуелсіздік таңы " атты ескеркіш орнатқаны үшін, Желтоқсан көтерілісіне " Ерліктің ғана емес, елдіктің де нышаны " деп үлкен саяси баға бергені үшін, желтоқсандықтардың бейбіт шеруде айтқан " Менің Қазақстаным " әнін еліміздің Мемлекеттік гимніне айналдырғаны үшін, елдіктің, бірліктің үлгісін көрсетіп, рухымызды көтергені үшін Нұрсұлтан Әбішұлына шексіз алғысымызды білдіреміз.
Елбасымыз: " Дағдарыс-келеді, кетеді, өтеді. Бірақ ұлт болашағы, ұрпақтар жалғастығы, мемлекеттің баяндылығы мәңгілікке қалады. Дағдарыстан кейін
63