ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ " МӘҢГІЛІК ЕЛ " ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҮЛЕСІ
¹ 2( 10) 2016
Ïåäàãîãèêà
В данной статье рассматривается вклад национальной идеи " Мәңгілік ел " Президента Н. Назарбаева в развитие Республики Казахстан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың " Мәңгілік ел " ұлттық идеясына қосқан үлесі қарастырылған.
КАКИМОВА АДЕМИ РЫСБЕКОВНА
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі
This article discusses the contribution of the national idea " Mangilik ate " President Nursultan Nazarbayev in the development of the Republic of Kazakhstan.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ " МӘҢГІЛІК ЕЛ " ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҮЛЕСІ
Мәңгілік Елдің тұрағы- ұлттық мемлекет. Біздің тарихымыз көне сақтар мен ғұндардың, Көктүріктер мен Қазақ хандығының ұлттық мемлекет құру идеясына негізделген. Сол идея жүзеге асқан ғасырларда Ұлы дала дәуірлеген, мемлекеттігінен айырылған заманда ұлардай шулаған. Қазақ халқының ерік-жігері ерекше ғой. Ішкі-сыртқы жаулармен сан ғасыр қиян-кескі айқасып жүріп, түбінде айы оңынан туатындығына иланды. Қандай қиямет болса да Ұлы Даланың ұраны байрағы құламайтынына сенді. Алтайы алтынмен, Ұлытауы күміспен, Алатауы аспанмен, Қаратауы көктүріктің киесімен көмкерілген ұлан өңір келер ұрпаққа мәңгі мұра болып қалатындығына күмән келтірмеді.
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев " Қазақстан-2050 Стратегиясында " Қазақ Елі " идеясын жайдан жай көтеген жоқ. Мәңгілік Ел- атабабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман- әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман- тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Біз Президенттің: Мен қоғамда " Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?" деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік Ел идеясы. деген ұлағатын ұдайы басшылыққа алуға тиіспіз. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі- Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік Ел!
Бүгінде әлемге қарасаң тар жол тайғақ кешкен таңдаулардан аяқ алып жүргісіз. Олардың әрқайсысы талай-талай қыл-көпірден өткен және әр ұлттың тағдырын шешуде. Ұлттық мүдделер алпарысып жатыр. Сол айқасқа өзіне жаһандық деген ат қойып алған еуропалық таңдаудың айдарынан жел еседі.
Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол " Қазақстан-2050 " Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан
мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі- Мәңгілік Ел! Ол- барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де " Мәңгілік Ел " деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю- бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз.
Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз " Түркі жұртының мұраты-Мәңгілік Ел " деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін- Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі- бірлік, берекесі.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтатамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбәр жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
2015 жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Соның ішінде, тарихи жадымызды қайта жаңғыртып, жастарымыздың бойында тарихи сана қалыптастыруда, әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтудің бөлек екендігі даусыз.
Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық тарихы жөніндегі көптеген іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде кеңінен атап өтілді. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, республика Үкіметі бекіткен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы аясында және Білім және ғылым
62