EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 56

¹2 (10) 2016 Ïåäàãîãèêà Зерттеу-ізденушілік технологиясын "Біз ізденімпаз баламыз" таңдау сабағында қолдану барысында біз төмендегідей қорытындыға келдік. Мектепте бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде өздігінен дамуы мен тәрбиесіне және оқу жұмысын мұғалім, оқушылар мен ата- аналардың ынтымақтастығы, гуманизациялау принциптері негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметтік түбегелі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқаруы тиіс. Бұл технологияны қолдану жүйесінде қамтамасыз ететіндей мүмкіндіктер мол. Себебі бұл жүйеде: - тәжірибе жүргізу барысында күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған өзгерістерді оқушылар күнделіктеріне белгілеп отырады және бұл жұмыс бастауыш сыныптан басталуы тиіс; - мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалыптастырады; - бүкіл бақылау - бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. - ғылыми зерттеу - ізденушілік жұмысын жүргізу барысында ата - аналар өз тараптарынан көмек көрсете білді Зерттеу - ізденушілік технологиясын қолдануда мұғаліммен бірге оқушыларда ғылыми жобаға жан-жақты дайындалуына және оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және дүниетану сабағы бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекетткерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. ӘДЕБИЕТТЕР 1. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл 2. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз 3. "12 жылдық білім" Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық - сараптамалық журнал 2006, № 4 4. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с. 5. Жексенбаева Ү.Б. "Зерттеушілік оқыту технологиясы" (Бастауыш мектепке) 6. Жексенбаева Ү.Б. "Организация научно-исследовательской деятельности школы" 7. Жексенбаева Ү.Б. "Мен зерттеуге үйренемін дәптері". 8.М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б. 9. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996. 10. Кенжеғұлова А. Жаңа тақырыпты материалдандырылған әрекет түрі бойынша меңгерту. /А.Кенжеғұлова. // Бастауыш мектеп.- 2001.- №4.- 14 б 54