Ïåäàãîãèêà ¹ 2( 10) 2016
3 Ауылдың көнекөз қариясымен сұхбаттасу
4 Мұрағатта жұмыс істейтін қызметкерлерімен кездесу және сұхбаттасу
5 Тарихи деректер арқылы мәлімет жинақтау
Зерттеу-ізденушілік
Зерттеу-ізденушілік
бақылау
ҮІІ Үй тапсырмасы: " Менің шыққан тегім " мәлімет жинақтау 3.2. Ғылыми жобалар үлгісі Дүниетану сабақтарының жүктемесіне 33 сағат бөлінгендіктен 1 сынып оқушылыры үшін " Біз ізденімпаз баламыз " таңдау сабағының тиімділігін байқауға болады. " Өсімдік топтары ", " Өсімдік мүшелері ", " Шөп текті өсімдіктердің мүшелері ", " Жеміс ", " Тұқым ", " Көкөніс ", " Өсімдіктердің көбеюі " атты тақырыптармен танысты. Сондықтан алынған " Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтау ", " Өсімдіктердің өсу мерзімін анықтау " зерттеу жұмыстары орынды және тиімді өткізіледі. Зерттеуге пияз, бұршақ алынғаннан кейін пияз, бұршақ жөнінде баяндама дайындалды, пияздың, бұршақтың мүшелері зерттелінді. Тәжірибе өткізілген бойы оқушылар өздері суарып, топырағын қопсыту т. б. жұмысарын өз еріктерімен белсене атқарды. " Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтау "( 1 эксперимент) Шаймерденов Нариман " Пияздың пайдасы " атты баяндама дайындады. Пияз- тағам дәмін кіргізетін аса пайдалы бақша дақылы. Египеттіктер оны өте тәтті зат санап, мереке күндері ғана қолданған. Пияз қалдықтары тіпті египеттік перғауындардың табыттарынан да табылған. Жер жүзінде пияздың 400-ден астам түрі кездеседі. Қазақсанда жабайы пиядың 108-дейі бар. Күнделікті тамаққа пайдаланылатын кәдімгі пиязды тамақ және дәрі реінде халық өте ерте уақыттан бері пайдаланып келеді. Құлаққа суық тиіп ауырғанда, естімей қалғанда пияздан алынған шырынға мақтаны ылғалдап алып, құлаққа салып қояды. Пияздың сөлі қақырық түсіріп, жөтелді басуға көмектеседі. Үгілген пияз суын жараны жазатын дәрі, сондай-ақ терінің қышынып, қабуына қарсы ем ретінде пайдаланады. Пияздың жапырақтары С дәруменіне бай. Оны сығып алған сөлін балмен араластырып, көзге жақса көздің көруі жақсартады. Сонымен қатар бетке әжімтүсірмеу үшін және түскен әжімді кетіру үшін пияздың шырынын азырақ суға араласырып бетке жағады. Пияздың мүшелерімен танысу- Тамыр- Пиязша- Жапырақтары " Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтау " зерттеу жұмыстары. Бірінші зерттеу сұрағы анықталды: № 1 қорытынды: Өсімдіктің дамуына су қажет № 2 қорытынды: Өсімдік тіршілігіне ауа қажет № 3 қорытынды: Өсімдік тіршілігіне жылу қажет № 4 қорытынды: Өсімдік тіршілігіне жарық қажет № 5 қорытынды: Өсімдік тіршілігіне қорек қажет Әр тәжірибені өздері орындап толық ғылыми қорытынды жасауға мүмкіндік туындады.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДІЛІГІ Зерттеу тақырыбы: " Өсімдіктердің іршілігіне қажеі жағдайларды анықтау "
Мерзімі Жұмыс мазмұны Зерттеу әдәстері Ескерту
Өсімдік топтарымен танысу
Өсімдік мүшелерімен танысу
Оқулықпен жұмыс
Оқулық, мәлімет жинақтау, баяндама дайындау, бақылау
1 тәжірибе Бақылау, оқулық, күнделік бақылау дәптерімен жұмыс
2 тәжірибе Бақылау, оқулық, күнделік бақылау дәптерімен жұмыс
3 тәжірибе Бақылау, оқулық, күнделік бақылау дәптерімен жұмыс
4 тәжірибе Бақылау, оқулық, күнделік бақылау дәптерімен жұмыс
5 тәжірибе Бақылау, оқулық, күнделік, бақылау дәптерімен жұмыс
Баяндама жасау әдісімен танысу
Өсімдік тіршілігіне су қажет
Өсімдік тіршілігіне ауа қажет
Өсімдік тіршілігіне жарық қажет
Өсімдік тіршілігіне жылу қажет
Өсімдік тіршілігіне қорек қажет
53