Ïåäàãîãèêà
¹2 (10) 2016
компонентпен байланыстырып логика, математика, дүниетану, әдебиеттік оқу сабақтарымен тығыз байланысы
анық көрінеді.
Уақыт көлемі,сабақтың жиілігі: аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат
"Біз ізденімпаз баламыз" таңдау сабағының тақырыптық күнтізбе жоспары (1 сынып)
№
Тақырып
Сағат
Күні
1 Күз 1 2,3 Менің атым - ..... 2 4 Күз қандай түсті болады? 1 5,6 Менің шыққан тегім 2 7 Өсімдіктердің мүшелері 1 8,9 Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар 2 10,11 Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар 2 12,13 Өсімдіктердің өсу мерзімі 2 14 Егер де мен күн болсам.... 1 15 Балықтың жасын анықтау 1 16,17 Қардың әсемділігі 2 18,19 Құстардың қысқы тіршілігі 2 20,21 Жануарлардың қысқы тіршілігі 2 22 Аңдар қалай жасырынады 1 23,24 Бөлме өсімдіктерін күту және бақылау 2 25,26 Мысық немесе итті бақылау 2 27,28 Өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсері 2
29,30 Көктем қандай түсті? 2
31,32 Мен ең бірінші бәйшешекпін 2
33 Қорытынды сабақ 1
Бастауыш сынып оқушылары табиғатта болып жатқан құбылыстарды бақылауды үйренді. Оларды қоршаған
ортаны, заттарды, құбылыстарды танып, байланыстарын зерттеуге қызығушылықтарын білдірді. Сондықтан зерттеу
жұмыстарын жүргізуде оқушылар белсенділік көрсете біледі.
Осыған орай практикалық бөлімде төмендегі жұмыс түрлері ұсынылады.
3.1. Сабақ үлгілері
3.2. Ғылыми жобалар үлгілері
3.3. Ата-анамен баланың зерттеушілік жұмысы: "Семей орманы. Адамның зиянды істері"
3.4. Оқушылардың шығармалары, эссе, ой-толғау, сурет салу, сурет бойынша әңгімелеу
3.5. Оқу жылының соңында оқушылардың білімін анықтау мақсатында тест құрастыру ұсынылады.
3.1. Сабақ үлгісі
Сабақтың тақырыбы:. Менің шыққан тегім.
Сабақтың мақсаты: 1 Әр оқушы өзінің есімі жөнінде ғылыми зерттеу қорғайды
2. Ататек туралы мағлұмат беру, ұлттық дәстүрді дәріптеу
3.Оқу дағдысын қалыптастыра отырып, білімін тереңдету.
Сабақтың көрнекілігі: әр оқушының көрнекілігі
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, жоба қорғау.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ Өткенді аяқтау
1. "Менің атым- ....." тақырыбындағы ғылыми зерттеулерін қорғау
ҮІ Жаңа сабақ
1 . Ататек туралы мағлұмат беру.
2. Жұмыс мазмұнын түсіндіру
Мақсаты: Өзімнің шыққан тегімді анықтау.
Болжамы:__________________________________________________________
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДІЛІГІ
№
1
2
52
Мерзімі
Жұмыс мазмұны Зерттеу әдістері
Ата- анамен сухбаттасу
арқылы мәлімет жинақтау
Шежіреге сүйену арқылы
мәлімет жинау іздену
Зерттеу-ізденушілік
Ескертулер