Ïåäàãîãèêà ¹ 2( 10) 2016
СУЛЕЙМЕНОВА КУЛЬДЖАМАЛ БАЙГАЛИЕВНА, КҮНСЛЯМОВА МЕЙРАМГҮЛ МҰРАТҚЫЗЫ
Семей қаласының № 35 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері
В статье рассматриваются вопросы организации исследовательской деятельности учащихся начальных классов. Освещены цели, задачи и методы исследований на уроках. Также представлена методическая разработка факультативного занятия.
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының зерттеу қызметтерін ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Сабақта зерттеудің мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері көрсетілген. Сонымен қатар, факультативтік сабақтың әдістемелік үлгісі берілген.
The article deals with the organization of research activity of primary school children. When covering goals, objectives and methods of research in the classroom. Also presented methodical development of extracurricular activities.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ТАҢДАУ САБАҚТАРЫНДА ЗЕРТТЕУ- ІЗДЕНУШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты- еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Осыған орайда мектебімізде оқушыларды аймақтық компонент негізінде зерттеу-ізденушілік іс-әрекетке баулу; жүйелі түрде қатыстыру; жан- жақты тәрбиелеу мақсатында 1 сынып оқушылары арасында " Біз ізденімпаз баламыз " таңдау сабағының бағдарламасы және оқушыларға арналған зерттеу-ізденушілік дәптері ұсынылады.
Таңдау сабағының өзектілігі: Зерттеушілік- бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Таңдау сабағының мақсаты: 1 сыныпта дүниетану пәніне арналған " Біз ізденімпаз баламыз " атты таңдау сабақтары және сабақтан тыс уақытта оқушылардың зерттеу- ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Міндеттері: 1. Тақырып бойынша теориялық мәлімет бере отырып, оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту. 2. Зерттеу жұмысының барысын, жоспарын құру. 3. Эксперименттік жұмыс жасау барысында, оқушыны қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру.
4. Тақырып бойынша қорытынды жасау арқылы, оқушының таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік туғызу, ғылыми жоба қорғауға дағдыландыру.
" Біз ізденімпаз баламыз " таңдау сабақтарының өткізілу түрлері: 1. Зерттеу сабақтары 2. Шығармашылық сабақтар 3. Практикалық сабақтар 4. Теориялық- қортындылау жұмысы: ғылыми жобалар қорғау. Зерттеудің әдіс- тәсілдері:- Бақылау- Әңгімелеу, салыстыру- Практикалық жұмыс- Теориялық материалдарды жинақтау;
- Тақырып бойынша материалдарды іріктеу;- Ақпарат көздерінен мәлімет алу, тәжірибе жасау, сұхбат алу, қорытынды жасау, ғылыми жоба қорғау; Оқушылардың зерттеу- ізденушілік таным белсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс әр түрлі формада жүргізіледі:- Топтық жұмыс- Жұптық жұмыс- Ата-анамен баланың жұмысы- Өзіндік жұмысы Күтілетін нәтиже: Оқушылардың ынтасының, қызығушылығының артуы. Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы. Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы, дәлелденуі. Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болуы қажет. Оның мақсатытаңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, шағын баяндама дайындайтынын алдынала түсіндірілуі керек. Әрине, бұл жұмыс түрі кішкентай оқушылар үшін күрделі және жаңа. Оларға ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер бар екенін айтып түсіндіру қажет. Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері: 1. Проблеманың өзектілігі( болашақ зертеулерді анықтау, проблемаларды табу); 2. Зерттеу саласын анықтау( негізгі мәселелерді белгілеу); 3. Зерттеу тақырыбын таңдау( зерттеу шеңберін белгілеу); 4. Шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу( зерттеу әдістерін таңдау); 5. Зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау; 6. Ақпаратты жинау, реттеу( алған білімдерін есепке алу);
7. Алған материалдарды жинақтау, талдау( белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);
8. Есеп беруге дайындалу( негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);
9. Баяндама( зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру). Зерттеу- ізденушілік технологиясын қолданудың түпкі мақсатының бірі оқушыларда жинақтаған материалды, өткізілген тәжірибелерді талдап, одан қорытынды шығару, мәнді- мәнсіздерін ажырату, бақылаған өзгерістерге қорытынды жасай отырып, аймақтық
51