EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 52

Ïåäàãîãèêà ¹2 (10) 2016 оқушылар төмендегі мәселелерді білуі керек: Жай процент - әр жыл (немесе салым мерзімі) өткен сайын жылдың түсімі есепке алынып, келер жылдың түсімі алғашқы салым бойынша есептелінеді. Күрделі процент - процентті табысқа есептейтін процент. Кредит үшін процент - кредит (несие) бергені үшін банкілер өндіріп алатын төлем, оның мөлшері кредиттің көлеміне, жылдық төлем мөлшеріне, сондай - ақ экономикалық конъюктура факторлеріне байланысты. Банк - кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша қаржысын тарту мен жинақтауды және төлемдерге делдалдық жасауды (пассив операциялар), сондай - ақ, ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын, қысқа мерзімді кредит беруді, қайтарылатын, төленетін және мерзімі әр түрлі несие беруді (актив операциялар) жүзеге асыратын кредит қаржы мәселесі. Депозиттер - 1) банкілер мен жинақ кассаларындағы ақша салымдары; 2) клиенттер банкіге қоятын белгілі бір талапты қуалайтын банк кітаптарындағы жазбалар; 3) кредит мекемелеріне сақтауға берілетін бағалы қағаздар (акциялар мен облигациялар); 4) тәуелді, сотқа келуді қамтамасыз ету үшін сот және әкімшілік мекемелеріне ақшалай жарна төлеу; 5) кеден мекемелеріне төленетін жарналар мен баж салықтары мен алымдардың төленуін қамтамасыз ету. Маркетинг - шаруашылық қызметінің тауарлар мен қызмет жөніндегі тұтынушылар бизнесі және мемлекет сұранысын қанағаттандыратын мақсатын көздейтін түрі. Материалдық экономика - теориялық экономиканың экономикалық жүйелерде заңдылық пен тиімділікті анықтау үшін математикалық модельдеуді және әдістерді қолданатын бағыты. Менеджмент - 1) жалдамалы кәсіби басқарушы; 2) өндірістік басқару жөніндегі маман;3) спортшылардың жаттығуын, жарысын, т. с. с. ұйымдастыратын кәсіби спорттағы іскер адам. Сонымен қорытындылай келе, математикалық модельдер пәнаралық есептерді шешу құралы бола отырып, оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға септігін тигізеді деген түйінге келеміз. ӘДЕБИЕТТЕР 1. 2. 3. 4. "Мұғалім кz" Республикалық журнал № 5- 2011 "Математика информатика" Республикалық журнал №3-2013 "Қазақстан мектебі Математика" Республикалық журнал № 4 -2014 "Оқыту, тәрбиелеу технологиясы" Республикалық журнал № 1 -2014 50