Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 10) 2016
Данная работа представляет собой разработку открытого урока для 9 класса, направленного на профессиональное ориентирование школьников. Работа будет полезна учителям и психологам.
Аталған жұмыс 9 сыныпқа арналған кәсіптік бағдарға бағытталған ашық сабақ жоспары болып табылады. Жұмыс мұғалімдерге және психологтарға ұсынылады.
УЗБЕКОВА БАЯН ХАНАТОВНА. РАМЬЯНОВА АНАР МАУЫТХАНОВНА
"№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп- кешенінің мұғалімдері
This work is the development of open lesson for grade 9, aimed at professional orientation of students. The work will be useful for teachers and psychologists.
" МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ " КІРІКТІРІЛГЕН АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандықтарға ата- аналар көмегімен сипаттама беру, қыр- сырын ашу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Сынып: 9 сыныптар Мақсаты: 1. Мамандықтар жайлы білімдерін толықтыру. 2. Мамандықта бағдарлама білуді дамыту. 3. Мамандықты таңдаудан жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Өткізу барысы: Сыныптар 2 топқа бөлінеді. Әрбір топтан 5 оқушы қатысады. Топтың атын құрады. Әрбір дұрыс жауап үшін белгіленген ұпай беріледі. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
- Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Бүгін сендермен мамандықтар әлеміне саяхат жасаймыз. Ойынымыз 2 раундтан тұрады. " Ойшылдар " интеллектуалды ойнына қош келдіңіздер! 1 раунд
Адам- табиғат 100 300 500 Адам- техника 100 300 500 Адам- белгілеу жүйесі 100 300 500 Адам- көркем бейне 100 300 500
Тапсырмалар: Адам- табиғат 100 " Адам- табиғат " бағытының еңбек объектілері
( жануарлар, өсімдіктер, жер бедері, ауа, су, т. б.) Адам- табиғат 300 Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен өзара әрекеттестігін зерттейді. Бұл бағыттың кейбір мамандары тірі организмдер туралы білімді толықтыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Басқалары бұл білімді қолданбалы мақсатта қолданады: жаңа дәрі- дәрмектер жасау, егінді көтеру, қоршаған орта жағдайын жақсарту үшін.( агроном) Адам- табиғат 500 Үй, спорттық және лабораториялық жануарларға қамқор болады, сонымен қатар адамдарды жануарлардың жұқпалы ауруларынан қорғайды. Ол медициналық мәселелерді, сыртқы жарақаттарды анықтайды, операция жасайды, рецептілер жасайды, жануарларға түрлі аурулардан егу жасайды. Жануарлардың иесіне оларды күту бойынша кеңестер береді.( мал дәрігері) Адам- техника 100 Ол ұзақ күрделі полиграфиялық үрдісті аяқтайды. Ол басылған беттерді соңғы өнімге, яғни кітапқа, журналға, каталогқа айналдырады. Мұндай мамандық мамандары кітап фабрикаларында, типографияда және көбейту аппараттары бар мекемелерде жұмыс істейді.( редактор) Адам- техника 300 Бұл мамандық адамды механикалық шеберханаларда, жөндеу цехтарында, техникалық қызмет көрсету және жедел жөндеу станцияларында еңбек етеді. Олар автокөліктердің техникалық жағдайын бақылайды, ақауларды жойып, жөндей жұмыстарын жүргізеді.( автомеханик) Адам- техника 500 Нан өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейді. Ол арнайы құралдарды қолдану арқылы нан өнімдерін пісіреді. Сонымен бірге қамыр жасау және қамыр бөлу машиналарымен жұмыс жүргізеді, қамыр илейді, қамырдың, өнімнің дайын болуын анықтайды.( технолог) Адам- адам 100 Оның негізгі міндеті- азаматтардың және ұйымдардың заңды қызығушылықтары мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Ең алдымен ол- құқық білгірі. Адамға кез келген жағдайда заңгердің кәсіби кеңесі қажет болғанда ол осы маманға жүгінеді( заңгер) Адам- адам 300 Негізгі міндеті- жасөспірімдердің бақылаусыз қалуын және құқық бұзушылығын алдын алу, оларға қосымша әсер ету. Жұмысының мағынасы- жасөспірімдерді өз уақытында жаман қылықтардан алдын- алу, алдында өз жүріс- тұрысына жауапкершілігін арттыру.( инспектор) Адам- адам 500 Жаттықтырушылар іс- әртекті түрлерінің ерекшелігі бойынша оларды балалар, жасөспірімдер және ересектер спорты деп бөледі. Бірінші деңгей адамдарды спорт мектептері мен секцияларда жұмыс істейді. Екінші деңгей- республикалы, қалалық құрама командалары үшін спортсмендерді дайындаумен айналысады. Үшінші деңгей- чемпиондар мен рекордсмендер, яғни жоғары санаттағы спортсмендермен жұмыс.( жаттықтырушы) Адам- белгілеу жүйесі 100 Бұл мамандық міндеті оған артылатын жауапкершілікке байланысты. Ол қоңырауларға жауап береді, қажеттілігінше анықтамалық ақпарат береді,
55