Ïåäàãîãèêà
¹2 (10) 2016
Данная работа освещает вопросы новых
инновационных технологий в образовании. Также
автором
рассматриваются
особенности
преподавания на основе данных технологий.
Аталған жұмыс білім берудегі жаңа технологиялар
мәселесіне арналады. Сонымен қатар автор осы
технологияларды қолдана отырып оқытудың
ерекшеліктерін қарастырған.
КАМБАРОВА
АЛЬФИЯ
КУАНДЫКОВНА МАҚСҰТОВА
АЯУЛЫ
БЕЙБІТҚЫЗЫ
Семей қаласының №3
орта мектеп-кешенінің
информатика пәні
мұғалімі Семей қаласының №3
орта мектеп-кешенінің
ағылшын тілі пәні
мұғалімі
This paper covers the issues of new innovative technolo-
gies in education. The author also discusses teaching meth-
ods based on these technologies.
БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың
жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық
ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына
айналып отыр. Инновацияның басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың
жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы. Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді
сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен
дүние жүзін жаулап келеді. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп, қолданысы кеңейе бастаған "инновация" термині
ауыз екі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста кеңінен қанат жайып келеді. "Инновация" ағылшын тілінен
аударғанда "жаңалық енгізу, жаңашылдық" деген ұғымды білдіреді. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында "Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен
көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу" деп ұстаздар қауымының алдына
жаңа міндеттер қойды.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру,
өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетістігіне
жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде
құрылатын болғандықтан, педагогикалық техналогия сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді
жалғастырмалы орындау оларға объективті қарым -қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін
жинағы ретінде қалыптастырылады. Педагогикалық технологияны оны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік.
"Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек" -
деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына
сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.
Мұғалім жұмысын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастыру әлеуметті-белсенді, бәсекелесуге
барынша қабілетті, құзыретті түрде жетілген, дербес тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология дегеніміз - оқытушының өзін -өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі.
Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты
дамудың барлық мүмкіндіктерін