EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 46

¹ 2( 10) 2016 Ïåäàãîãèêà
ЖҰМАНИЯЗОВА ӘЙГЕРІМ ЖҰМАНИЯЗҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, 2 курс магистранты
САДЫКОВА РАЙГУЛЬ АЛИМГАЗИЕВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, а. ш. ғ. к., доцент м. а.
Мақалада пәнаралық байланыстар негізінде, кіріктірілген сабақтарды оқыту процесінде жоспарлау және жүзеге асырылуы туралы қарастырылады.
В данной статье рассматривается планирование и осуществление интегрированнх уроков в учебном процессе на основе межпредметных связей.
This article focuses on the planning and implementation of integrated lessons learning process on the basis of interdisciplinary connections.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР НЕГІЗІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАНУЫ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Қазақстан қабылдаған " Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы " республикаға еуропалық білім беру кеңістігіне интеграциялануға мүмкіндік береді және " өндіріс пен ғылымды интеграциялауда жоғары білім беру экономиканың барлық саласы үшін құзыретті, бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады "[ 1 ].
Көпшілігінде психолого- педагогикалық зерттеулер интеграция мәселелерінің жеке аспектілерін ашады және кешенді жағдайын көрсетеді. Пәнаралық байланыстардың идеясы және өзіндік дидактикалық мәселесіне ауысуы Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, К. Д Ушинский сияқты әртүрлі ғасыр педагогтарының теориялық және практикалық ізденістерімен байланысты.
Пәнаралық байланыс және интеграция ұғымына орыс ғалымы педагог К. Д. Ушинский көп үлес қосты. Оның " Адам- тәрбие құралы ретінде " атты жұмысында 7 өзара байланысты талдай отырып, пәнаралық байланыстардың психологиялық негіздерін ашты. Оларға: қарама- қарсылық, ұқсастық, уақыт ретімен, мекенімен, талқылау байланысы, жүрек соғысымен және даму байланысы арқылы талдады [ 2 ].
Ғылыми интеграцияның пайда болуына байланысты білім мен әдістерді қалыптастыруда пәнаралық байланыстардың қалыптасуы жүрді. Оған дүниетаным, әртүрлі пәндердегі білімдер мен қабілеттерді дамыту, және нәтижеге жету барысы қарастырылды. Пән бойынша кіріктірілген сабақтар қазіргі уақытта көптеп өтілуде. Оқушыларға түсінікті болуы, білім мен білік, дағды қалыптастыруда жаңа сабақ ретінде өткізіледі. Мектептерде оқушылар пәнді дұрыс түсінбегендіктен, сабақтары нашарлай түседі, олардың алдын алу үшін коррекционды білім беру көмектеседі. Ертеректен бастап оқушыға пәнді қызықтыратын сабақтар өткізіп, білім алуына көмектесу қажет [ 3 ].
Ғылыми әдебиеттерде интеграцияның әртүрлі аспектілері қарастырылған. Мысалы, көптеген еңбектерде интеграцияның логикалық-әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері ашып көрсетілсе, кейбір жұмыстарда техникалық ғылымдар саласындағы интеграция мәселелері қарастырылған.
Интеграциялық сабақтар келесі талаптарға сай болуы қажет:
1. Сабақ оқушыға әртүрлі білімдер беруі қажет; 2. Оқытушы оқушылардыңтаным қызығушылығын арттыру қажет;
3. Сабақ оқушылардың ойлау қабілетін дамыту керек;
4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсету керек. Мұндай сабақтарды жиі- жиі өткізсе жаңалығы мен қызығушылығын жоғалтады. Сонымен қатар барлық тақырыптар және оқу бағдарламасының бөлімдерін интеграциялау маңызды емес [ 4 ].
Интеграцияланған сабақты келесі қасиеттерінен көруге болады:
- Интеграцияа негіздің болуы( мәселе, теория, меңгеру тәсілі және обьектісі)
- Білім беру мазмұнын таңдаудағы интеграциялық енгізілім: білім, қабілет, іс- әрекетке жетудегі бағалы бағыттылық формасы;
- Сабақ өткізудің адекватты формасын таңдау, оқушылардың әртүрлі жекешеліктерін дамытуды қамтамасыз етеді. Оқыту әдістемесінде " интеграция " термині- бұл білім беру заңдылықтарын оқытатын ғылым, оқушыларды белгілі бір оқу процесі арқылы тәрбиелеу, дамыту.
Интеграцияланған сабақтың әдістемесін қарастырайық [ 5 ]. 1. Интеграцияланған сабақты өткізу мақсаты мен міндеттерін анықтап алу. 2. Берілген материалдың мазмұнын қарастыру. Интеграцияланған сабақты өткізу үшін қажет: а) әртүрлі оқу пәндері бойынша бағдарламаны анализдеу; ә) бірдей тақырыптарды таңдап алу; б) жетекші идеялардың позициясымен байланыстыру; Оқыту әдістері мен құралдарының әсерінен интеграцияланған сабақтар 3 формада қарастырылады: Жеке, топтық, фронтальды. Интеграцияланған сабақтардың мақсаттарына сәйкес нәтижелерін қарастыруға болады:- Пән бойынша білім деңгейінің жоғарылауы;- Интеллектуалдың қабілетінің өзгеруі;- Оқушылардың сөйлеу мәнерінің дамуы;- Оқушылардың эмоциялық дамуы;- Оқушылардың таным қызығушылығының өсуі, сабақта және сабақтан тыс уақытта активті және жеке жұмыс жасауды үйрену;
44