EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 38

¹2 (10) 2016 Жасыл ел Ауданымызды көгалдандыру мақсатында ауданы 25х25 км2 тіктөртбұрыш пішінді жер бөлінді. Осы жерге алма бағын, қарағай, шырша және қарағаш ағаштарын отырғызу жоспарланды. Осы ағаштарды отырғызылатын жер әртүрлі фигурада /тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция тб/болу керек. Әр бөліктің ауданын есептеп шығар. 2х2 м қа бір ағаш отырғызылса әр қайсынан неше түп ағаш қажет. Жайлы баспана Үй иесінің тапсырысы бойынша 25м х17м жайлы баспана үй жобасын жаса. Үй жобасын сыз әр бөлмесінің ауданын және жалпы үйдің ауданын есепте. Үй иесінің өтініші бойынша Жатын бөлме екеу: квадрат және тіктөртбұрыш Қонақ бөлме: ромб Ас бөлме: тік төртбұрыш Балалар бөлмесі: параллелограмм Болашақтағы туризм орталығының кескіні 36 Ïåäàãîãèêà Суретте болашақтағы туризм орталығының кескін жобасы кескінделген. Кескінде көрсетілген жобаның әр бөлігінің ауданын және жалпы ауданын есепте. Қонақ үй: Табандары 40, 140м және бүйір қабырғалары 130 м-ге тең трапецияның ауданын тап Шипажай және демалыс базары: Қабарғалары 40 м, 70 м және олардың арасындағы бұрышы 600 болатын параллелограмның ауданын тап. Шынықтыру орталығы: Трапецияның табандарының қатынасы 2:3, орта сызығы 80 м, биіктігі 50 м. Трапецияның ауданын тап Орталық саябақ: Диагоналы 50 м-ге тең квадраттың ауданы неге тең. Болашақ қуаты Күн батареялары - күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Қазіргі уақытта көбінесе фотоэлектрлік түрлендіргіш кеңінен қолданылады. Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты, күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде ол ең үлкен мәніне (максимумына) жетеді.Қазіргі Күн батареяларының пайдалы әсер коэффициенті - 8-10%, олай болса 1 м 2 , ауданға тең келетін қуат шамамен 130 Вт-қа тең. Үйдің шатыры ұзындығы 3м болатын диагоналі бір қабырғасына перпендикуляр және бір бұрышы 45 0 болатын екі параллелограмнан құралған. Осы үй шатырына 0,5х0,5м болатын күн батареяларынан нешеу қоюға болады? Олар қанша энергия өндіреді? Үйге тапсырма: Болашақтағы мектеп жобасын сызу