Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 10) 2016
Данная методическая работа представляет собой план проведения урока по математике для учеников средних классов. Работа будет полезна преподавателям математики и студентам педагогических ВУЗов.
This methodological work represents the lessons plan for mathematics for secondary-school students.
Аталған жұмыс математика пәнінен ортаңғы буын сыныптарына арналған сабақ жоспары болып табылады. Жұмыс математика пәні мұғалімдеріне және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады.
АГАНАСОВА ГАУХАР ЖУМАГАЛИОВНА
ШҚО Аягөз қаласы К. Бозтаев атындағы орта білім беретін мектептің математика мұғалімі
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНАН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар тақырыбы бойынша қайталауға арналған есептер шығарту Сабақтың типі: Білімді қорытындылау, қайталау, жүйелеу. Сабақтың мақсаты:
Білім ділік: Төртбұыштар тақырыбында алған білімдерін еске түсіре отырып пысықтау, тереңдету, қорытындылау, жүйелеу, фигуралардың қөасиеттерін еске түсіре отырып ауданын табуға есептер шығаруда тиімді пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау, сызбаларды оқу қабілеттерін, есептің шарты бойынша сызбалар салу, Венн диаграммасы бойынша фигураларды салыстыру қабілеттерін дамыта отырып геометрия пәніне деген қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істей алуға. өзін және өзгені тыңдай білуге және өз ойларын толық жеткізе білуге, топтағы өз орнын анықтай білуге, тапсырманы тиянақты орындауға, мәдениеттілікке, адамгершілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: топ арасындағы сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: жеке тіліктер, интербелсенді тақта, бағалау парағы, маркерлер мен плакаттар Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:- Сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Өйткені бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Біз " Төртбұрыштар " бойынша алған білімдеріңді тек пысықтап және тексеріп қана қоймаймыз, сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.
Бүгінгі сабағымызды ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайық. Бұл көрме 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен( ХКБ) ұйымдастыруымен өтеді. Болашақта осындай үлкен көрмелерге қатысушы болады деп сенемін. Елін сүйген әр адам елі үшін еңбек етеді. Бүгінгі жетістігіміз сол көрмеге қосқан үлесіміз болсын.
- Топқа бөлу: алдымен өз еріктерімен отырғызу, алған карточкаларындағы сұрақтардың жауаптарына байланысты: тіктөртбұрыш, параллелограмм, трапеция, ромб топтарына бөлінеді, топтың атын анықтайды; Тіктөртбұрыш. Квадрат: 1. Үш нүктесі бір түзудің бойынша жатпайтын төрт нүктеден және оларды өзара қосатын төрт кесіндіден тұратын жазықтықтың бөлігі 2. Қабырғасы 8 см және 12 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз? 3. Барлық бұрыштары тік параллелограмм 4. Ауданы 1,69мм 2 болатын квадраттың қабырғасын табыңыз? 5. Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см, ал бір қабырғасы
келесісінен 6 есе ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз Параллелограмм: 1. Параллелограмның үш бұрышының қосындысы 2800. Барлық бұрыштарын табыңдар. 2. Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын дөңес төртбұрыш 3. Ауданы бір қабырғасымен оған түсірілген биіктіктің көбейтіндісіне тең
4. Параллелограмның қабырғаларының ұзындықтары 24см және 38 см болса, периметрі қандай? 5. Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмның ауданын тап. Трапеция: 1. Табандары параллель басқа екі қабырғасы әртүрлі болатын дөңес төртбұрыш 2. Ауданы табандарының қосындысының жартысын биіктігіне көбейткенге тең 3. Трапецияның биіктігі 16 см, ауданы 4 дм2. Орта сызығының ұзындығын табыңдар
4. Табандары 15 см және 19 см, ал биіктігі 18 см болатын трапецияның ауданын табыңдар. 5. Трапецияның орта сызығы 7см, табандарының бірі екіншісінен 4см-ге артық. Биіктігі 6см. Ауданын тап Ромб 1. Барлық қабырғалары тең параллелограмм 2. Ромбының бір бұрышы 50 градусқа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап
3. Қабырғасы 16 см, ал бұрыштарының біреуі 300 болатын ромбтың ауданын табыңдар, 4. S = 1 / 2 d1 d2 5. Диагоналдары өзара перпендикуляр және олар бұрыштарының биссекрисалары болып табылады. Топ басшысын аквариум әдісімен таңдайды; бағалау парағын үлестіру / бағалау логотип арқылы болады.
Логотип күн сәулелерінің таралуын энергия көзі және энергия нышаны ретінде белгілейді.
Тегiс және әдемi формалары бар дөңгелек гүл жапырақшалары қозғалыс және энергияны суреттей отырып айналмалы түрде симметриялы орналастырған.
Сары және ашық-көгiлдiр түстер басым, олар кемпiрқосақтың түстерiн еске салады. Логотип жарқын, көркем және интерактивті формада жаңа энергияны білдіреді.
Қазір әр топ өз топтарының атына байланысты постер, кластер, немесе Венн диаграммаларын құру арқылы сол фигураның қасиеттерін ашып көрсетеді.
1. Тіктөртбұрыш: Ромб пен Квадратқа Вен диаграммасын құрады 2. Параллелограмм: Кластер жасайды 3. Трапеция постер жасайды 4. Ромб постер жасайды
35