¹ 2( 2) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақалада қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің әдістемелік маңызы ғылыми тұрғыда сарапталған. Автор еңбектерге шолу жасай отырып, тілші ғалымның әдістемелік нұсқауларының тәжірибелік қырларын ашып көрсетеді.
Статья посвящена научному анализу методической значимости трудов основоположника казахского языкознания Ахмета Байтурсынова. Автор делает обзор его трудов и отмечает практическую значимость методических рекомендаций ученого лингвиста.
НАТАЛЬЯ МИНХ
" Erudit " білім беру-ғылыми орталығының қазақ тілі оқытушысы
The article focused on scientific analysis of methodological works of the founder of the Kazakh linguistics Ahmet Baitursynov. The author provides an overview and reports practical significance of the works of the scientist linguist
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ
Қазақ тілі- сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол- халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл- адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл- халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениетің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу- қажеттілік.
Тілді оқыту өзіндік орны бар, маңызды бір саласы- әдістеме. Сондықтан оқыту әдістерін, оларға байланысты еңбектер және тілді оқыту жүйесін қалыптастыру, тілді оқыту әдістеме саласының міндеті болып табылады. Қазақ тілін оқытуда бұл реттегі алғашқы зерттеулер Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тікелей байланысты. Ахмет Байтұрсынұлының қолымызда бар әдістеме мәселелері жөніндегі еңбектерінің өзі ғалымды қазақ әдістемесі ілімінің негізін салушы, ірі әдіскер, нағыз педагог деуге толық құқымыз бар. Ғалым-тілшінің сапалы оқытудың кілті- іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек деген ой-пікірі кез келген әдіскерге кажет. Бүл көзқарастар, әсіресе, қазіргі уақытта қазақ тілін қалайда мемлекеттік тіл есебінде барлық осында тұратын халықтардың, ұлттардың қарым-қатынас құралына айналдырамыз, басқа ұлт өкілдеріне жедел үйретудің тиімді жолдарын табамыз деп сан-сала бағдарламалар, оқу-құралдары, кітапшалар шығып жатқан кезде пайдалы-ақ. Тілшінің пікірінше, жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Бұл әділетті тұжырымды бүгінгі өмірдің өзі дәлелдеп отыр. А. Байтұрсыновтың әдістемеге қатысты еңбектерін және ондағы айтылған мәселелерді бірнеше топқа бөлуге болады: 1. Оқулықпен қатар жазылған, оқытудың әдістемесін қөрсететін еңбектер. А. Байтұрсынов 1912 ж. мектеп балаларына арнап қазақша " Оқу құралын " жазып шығарғаннан кейін, енді осы оқулықты қалай оқытудың әдістемесін көрсететін " Баяншы " атты әдістемелік еңбегін жарыққа шығарды. Сол сияқты оқулықтарға қосымша әдістемелік құрал болып табылатын " Нұсқаушы " атты кітабы да осындай мақсатты көздеген еңбек.
Автор бұл еңбектерін мүмкіндігінше өзі жазған оқулықтармен бірге, сол жылдары қатар жазып, шығарып отыруды мақсат еткен. Өйткені тілші оқу құралдары бар болғанымен, енді сол оқу құралдарын тұтыну жолдарын көрсететін әдістемелік еңбектер болмаса, бұл оқу құралдарының тигізер пайдасы шамалы деп есептеген.
74
2. Қазақша әліпбидің, дыбыстың негізінде сауат ашу әдісін іске асыратын еңбектер.
А. Байтұрсынов 1910-1928 жылдар аралығында қазақша дыбыстың, әліпбидің негізінде оқыту әдісін іске асыратын бірнеше еңбектер жариялаған. Бұған тілшінің жоғарыда айтылған " Оқу құралы " мен " Баяншыдан " басқа " Әліппе " және " Әліп-би астары " атты кітапшалары куә.
Автор оқытудың, білім берудің ең тиімді де керек жолы қазақша " қарыптарды "( әріптерді) дұрыс үйрету, дыбыстарды сауатты жазу, оқу дейді. Сол себепті ғалым тілдің дамуы мен өзгеруіне аса мән беріп отырған. Ол: " Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгертілмеген тіл жоқ "...- дей отырып, 1916 жылы әліппенің жаңа түрін жазады. Бұл еңбек " Жаңа әліп-би "( Қызыл-Орда, 1926) деп атала келіп, қазақ тіліндегі басылған кітаптардың көрсеткішінде: " Жаңа құрал. Емлесі жаңа. Қазақстан Білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарды ",- деп бағаланған(" Шора ", 1913). 3. Ана тілін оқытудың әдістерін баяндайтын еңбектер. Ғалымның бірқатар еңбектері ана тілін оқытудың тиімді әдістерін қарастырады. Бұл ретте А. Байтұсынов оқыту сапалы болу үшін жаңалыққа құштар, ізденімпаз ғалымтілші екенін көрсетеді. Оның " Ана тілінің әдісі ", " Тілқұрал " атты еңбектері- мектеп оқушылары мен мұғалімдерге қазақ тілінің түбегейлі ерекшеліктерін танытқан, үйреткен басылымдар. А. Байтұрсынов қазақша " Әліппені " жазып шығарған соң, қазақ тілін арнаулы пән ретінде оқуға мүмкіндік беретін жаңа оқулық жазуды ойлайды. Сөйтіп, үш бөлімнен тұратын " Тіл-құрал " атты кітап жазды да, әрқайсысын І-Тіл танытқыш, ІІ-Тіл танытқыш, ІІІ-Тіл танытқыш деп бөліп, қазақ тілінің фоңетикасын, морфологиясын, синтаксисін талдап, жүйелеп көрсетті. " Тіл құралы "- қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген " зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу,