Ïåäàãîãèêà
шылау, бастауыш, баяндауыш " деген т. б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары- фонетика- дыбыс туралы ғылым, морфология- сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр. 4. Тіл ұстартуды көрнекілік әдіс арқылы дамытуды көздейтін еңбектер. Әдіскер ғалым қазақ тілін оқытуда көрнекілік әдіске ерекше мән берген. Тілшінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарында да, үлкендерге арналған кітаптарында да сөйлеуге үйретудің, тіл ұстартудың бірден-бір жолы ретінде суреттерге көп көңіл бөлінеді. Ол иллюстративтік құралдарды пайдаланудың, оқулықтарды түрлі-түрлі суреттермен жабдықтаудың үлкен тәрбиелік және тіл дамытушылық қасиеті бар деп біледі. Сол себепті А. Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан " Әліппесінің " жаңа түрі көптеген суреттерді қамтыған. Сол сияқты үлкендерге арналған " Сауат ашқышта " да түрлі иллюстративтік материалдар маңызды орын алған. Сонымен қатар тілші " Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы " деген мақаласында да осы мәселелер жөнінде пікір айтып, ой тұжырымдайды.
5. Қазақша сауатты сөйлеудің, оқудың, жазудың әдістерін қарастыратын еңбектер.
А. Байтұрсыновтың қазақша дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазудың, сауатты болудың амалдарын баяндайтын көрнекті еңбектері- " Тіл жұмсар " мен " Сауат ашқыш ". " Тіл жұмсар "- тіл үйретуге байланысты жазылған жаңаша еңбек. Ол екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімі " Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын кітап " деп аталған. Ал екінші бөлімі алғашқы бөлімдегі материалдарды тереңдетіп меңгеруге
¹ 2( 2) 2015
арналған жаттығу-тапсырмалардан тұрады. Бұл кітаптың өзі әдістемелік жағынан бірін-бірі толықтыра келіп, автордың өзі атап өткендей: " әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем бөлшектерін жаза білуді тәжірибе арқылы жұмыс істеп үйретуді көздеген ". Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас текстер " Тіл құралдың " синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересектердің сауатын ашуға арналған әліппе- " Сауат ашқыш " деген кітапта орын алған. Бұларда автор Қожанасыр, Алдаркөсе әңгімелерінен бастап, халық аузындағы аңыз-әңгімелерді, билер сөздерін, бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларын, Абай, Ыбырай және өзінің өлеңдерін, аударма және төлтума мысалдарды, Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан жасалған аудармаларды, Ыбырай Алтынсариннің " Хрестоматиясындағы " кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақынның " Кенесары- Наурызбай " поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған. " Сауат ашқыш "- әдістемелік жағынан әр түрлі тақырыпта кеңінен берілген дидактикалық материалдарымен көзге түсетін еңбек. Мұнда автордың нақтылы көздеген мақсаты өзіндік сөз жүйесінен, тапсырмалардың берілу амал-тәсілдерінен байқалады. Жалпы алғанда, тұңғыш тiл бiлiмiнiң негiзiн салушы ғалым, лингвист А. Байтұрсынов артына көп мұра қалдырып кеттi. Оның мұрасы өшпейдi, өлмейдi. Бүгiнгi ұрпақ пен келер ұрпаққа үлгi-өнеге болып қалады. А. Байтұрсынұлы хат таныту, сауаттандыру, тілді меңгерту әдістемесін жетік білген. Бұған әліппе, тіл құралдарының құрылымы, ондағы материалдар, қолданылған әдіс-тәсілдері, сүйенген принциптері дәлел бола алады. Тұжыра келгенде, Ахмет Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтары әдістемелік иірімдерге толы. Бұлардың бүгінгі оқыту ісімізде пайдасы шексіз.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Салқынбай А. Қазақтың тілші-әдіскер тұлғалары.- Алматы: Нұр-пресс, 2006. 2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас негіздері. Алматы: Print-S, 2005. 3. Байтұрсынұлы А. Ана тілі.-Алматы, 1914. 4. Қыдыршаев А. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы: фил. ғыл. канд. автореф. // Қыдыршаев А.- Алматы, 1995
75