Ïåäàãîãèêà
2-топқа: АКТ-ның зияны
3-топқа: АКТ-ны қолдану ережелері - 15 минут
В) Слайдтар "АКТ пайдасы мен зияны"-10 минут
Компьютерге қызықпайтын бала жоқ,
Бұған алаңдамайтын ата-ана жоқ дегендей
АКТ пайдасы:
Баланы дамытуға бағытталған оқыту ойындарын
ұсынады;
компьютер ұсынған сабақ, балаға ойын сияқты
көрінеді;
баланың қолдарының бұлшық еттері және көру
органының дамуы;
(пернетақтаны басқанда және жүгірткімен экрандағы
керек нәрсені тапқанда
баланың кішкене моторикасы жаттығады)
бала абстрактылы ойлайды;
виртуалды әлемге саяхат жасайды.
АКТ зияны:
Баланың компь ютер ойынына шектен тыс
әуесқойлығы неліктен? Себебі бала одан қолдау табады.
Ойын ойнаған бала өзін сол кейіпкердің орнына
қояды;
яғни өзін батыл, күшті, ақылды сезінеді;
ойында барлығы баланың ойынша болады;
ол рөлдерді, деңгейді, декорацияны өзі таңдап, тіпті
кейіпкердің тағдырын да өзгерте алады;
бұл ойында бала "билеуші" рөліне кіреді.
Ұялы байланыстың зияны:
әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді
электромагниттік толқынның ұлғаюы - заман апаты;
он жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған
адамда мидың гематоэнцэфаликалық кедергілердің
бұзылуы басталады, яғни, миға зиянды заттардың
кірмеуіне себепкер болатын сүзгішті қабырғалары
бітеледі. Бұл болашақта адамның мидың қатерлі ісік
ауруына шалдығуына әкеліп соғады;
электромагниттік өрісті, адамның қан айналым жүйесі
¹2 (2) 2015
көтере алмайды. Соның салдарынан адам Паркинсон
ауруына шалдығады;
адамның электромагниттік өрістен иммундық жүйесі
әлсірейді;
ұялы телефондағы кішкентай экранда ұсынылған
ойынға әуестенген адамның бүйрегіне тас жиналуы және
жүрек ауруларын әкеп соқтырады.
Бала денсаулығын сақтау үшін, сақталуы керек
қауіпсіздік шаралары:
Компьютер үстелінің дұрыстығы
Жас ерекшелігіне сәйкес компьютерде артық уақыт
отырмау
Ұялы телефонды қолдану ережелері:
қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу;
телефонмен 15 минуттан артық сөйлеспеу;
телефонды құлақтың түбінде қоспау және өшірмеу;
жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспау;
телефонды қуатталып жатқанда 1,5 м қашықтықта
болу;
ұйықтаған кезде 2метр алыс жерге қою.
Е) Рефлексия "Тауға шығу"-5 минут.
Тақтаға таудың суреті ілінеді. Ұстаздар өз ойларын
ортаға салып айтады. Стикерге жазып, таудың суретіне
жапсырады.
Бұл коучинг мектебіміздегі педагогик алық ұжым
арасында әдістемелік кеңесте өткізілді. Коучинг өткізу
арқылы әріптестеріміздің қызығушылығын оята алдық.
Оның дәлелі коучинг барысында теориялық материалды
талдау, постер қорғау және рефлексия кезіндегі
мұғалімдердің аса белсенділікпен жұмыс істеуі.
Мұғалімдер W IKI беттері, подкастинг туралы мағлұмат
алып, ұялы телефонды қолдану ережелері туарлы
ақпарат тиімді болғандығын атап өткен.
Коучингті мектептегі әдістемелік кеңесте, пән бірлестік
отырысында, жас мамандарға әдістемелік көмек беру
мақсатында қолдануға болады.
73