EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 64

¹ 2( 2) 2015
" Құзыреттілік- нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалылық критерийі,"-дейді [ 5, 7 ].
Тәрбие үдерісіндегі құзыреттілік- оқушылардың өмірде кездесетін әр түрлі ситуациядан шыға білуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өз беттерімен саналы түрде іс-әрекеттер жасауы, өмірден өз жолдарын таба білуі. Сол себептен де жүргізілетін барлық жұмыстар мақсаты, оқушы құзырлылығын қалыптастыру айналасында болуы керек. Ғалым С. Ш. Әбенбаев: "... тәрбие жұмысының негізгі формасы- сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатынасуы " [ 6,67 ].
Тәрбие жұмыстарында жаттандылық, құрғақ ақыл айту не оқушыларды жалықтыратын сұрақ-жауаптарға негізделген, сабақтарға ұқсас тәрбие сағаттары нәтиже бермейді. Тәрбиешінің іскерлігі, ұйымдастырушылық қасиетінің маңызы ерекше, ол алдымен тәрбие жұмысын өзі жетекшілік ететін сыныбының жетістігі мен кемшілігін ескере отырып, жүргізу керек. Бұл жерде педагогикалық консилиумның алатын орны ерекше. Тәрбиеші әр баланың жеке басын жете білуі керек. Ол- ең алдымен, зерттеуші, ізденуші.
- Қандай ситуация болса да балаларды түсініп, одан шығаратын жол тауып, қамқорлық жасаушы;
- Балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін, мінез-құлқын бағалаушы, әр баланы түсінуші, жанынан табушы;
- Балалардың пікірімен санасушы, олардың талаптілегінен шығушы;
- Әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді қолдай отырып, өз-өзін, бір- бірін тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- Баланың дарыны, қабілеті, интеллектісін дамытуды мақсат етуші болуы керек.
Ең бастысы, тәрбие құралдарын терең меңгерген, өз жеке басымен де үлгі-өнеге болатын жоғары интеллекті, мәдениетті, балаларды сүйетін ұстаз болуы тиіс.
Тәрбие жұмыстарын жүргізуде интерактивті әдістердің маңызы зор. Бұл әдіс оқушының танымын белсендіруде, тілін дамытуда, бір-бірімен қарым-қатынас жасауда әрі тәрбие жұмысын қонымды, қызықты етіп жүргізуде тиімді болып келеді. Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: "... Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз..."-дейді.[ 7,2 ] Осы қасиетті міндеттер мен мақсатты жүзеге асыруда мектептің ондағы ұстаз- тәрбиешілердің атқаратын еңбегі ерекше. Қазір білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін оның алғы шарттары жасалуда. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру, дарын көзін ашу сынды келелі мәселелер сөз жоқ, ұстаз-тәрбиеші жұмысын да жаңа арнаға бұруда. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу- әсіресе қазақ халқында ежелден-ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-салты бүгінгі тәрбие үдерісінде тиімді екені даусыз мәселе.
Ïåäàãîãèêà
Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы- Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, " Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын ", " Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа "- дейді. " Адамды сүюден басқа қызық жоқ " деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Білім мен тәрбиені тұлғаға қарай бағыттай беру мәселесі алдыда тұрған кезеңде Абайға бұрыласың. " Толық Адам қандай болу керек?" деген сұрақ ақынға маза бермейді. Мысалы, " Әуелі бір суық мұз- ақыл зерек " өлеңінде: " Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек "- деп, ой тастайды. Ары қарай ақын: Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек " деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, " Адамзаттың бәрін сүй " деп ақыл айта отырып, " Адамзатты сүю- хақтың жолы, ғаділеттің жолы " деген анықтама береді. Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. " Әкенің баласы- адамның дұшпаны, адамның баласы- бауырың "- деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті-адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылықтың алды- " махаббат, ғаделет, сезім " дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді. Өмірін Абайды зерттеуге арнаған М. Әуезов былай дейді: " Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді. Олар үш нәрсе: " надандық, еріншектік, залымдық ". [ 8,21 ] Ақын адамдар арасындағы береке- бірлік, достық ынымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. Осы мәледен келіп, тақырыптың өзектілігі туындайды. Абай тағылымы арқылы жүргізілетін тәрбие өзі үзбей жырлаған " Адам " айналасынан бастау алуы керек. " Адам кім?", " Мен-адаммын ", " Абай және Адам ", деген тақырыптар жас өскіннің адамға деген құрметі, сыйламы, түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Алдына бала келген күннен- ақ, ойлы ұстаз білім мен тәрбие үрдісін олардың өзін Адам ретінде түсінуі мен оған деген мақтан сезімін қалыптастырудан бастағаны жөн. Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу- ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол. Абай мұрасы- Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жанжақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары. Абай мұрасын оқыту туралы жазылған авторлық бағдарламалар, жинақталған іс тәжирибелер баршылық. Ал тәрбие жұмысына негізделген бағдарламалар жоқтың қасы. Әсіресе Абайдың Толық Адам туралы тағылымы негізінде тәрбие үдерісін жүргізу өте тың мәселе.
ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Назарбаева С. " Өмір әдебі " / Білім- образование, № 2, 2002- 4б. 2. Макаренко А. С. " Избранное педагогическое сочинения, 5 т. М.- Педагогика, 1979 г.- стр. 508. 3. Батищев Г. С. " Деятельная сущность человека как философский принцип " М., 1966- стр. 254. 4. Қараев Ж. " Танымдық белсенділік деңгейлері " / Қазақстан мектебі, № 3, 2004ж.- 68б. 5. Құдайбергенова Г. С. " Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өздік дамуында ", Алматы, 2006 ж- 7б. 6. Әбенбаев С. Ш. " Сынып жетекшісі ", Алматы, 2001 ж- 67б. 7. Назарбаев Н. Ә. " Қазақстан халқына жолдауы ", А., 2007- 2б. 8. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы: Санат, 1995 ж.- 21б
62