Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 2) 2015
Мақала оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру жолдарын қарастырады. Автор тәрбие беру үрдісінің оқушылардың бойында ғылым мен ғылыми зерттеу әрекетін жүзеге асыруға деген қызығушылық оятудағы рөлі туралы баяндайды.
Статья рассматривает вопросы мотивирования учащихся к исследовательской деятельности. Автор делает акцент о роли воспитательного процесса в пробуждении интереса у детей к науке и научно-исследовательской деятельности.
The article deals with the motivation of students to research. The author focuses on the role of the educational process in the awakening of interest in children to science and research activities.
САҒИДОЛДИНА ҚАРЛЫҒАШ ӨМІРТАЙҚЫЗЫ
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектепгимназия-интернатының тәрбие жетекшісі, Өскемен қаласы
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА, ІЗДЕНУГЕ, ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Өзінің " Өмір әдебі " кітабында Сара Назарбаева " Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет "- деп жазады [ 1,4 ]. Осы тұжырымды мектептегі тәрбие үдерісінің де басты ұстанымы деп қараған жөн сияқты. Мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын алдыға қойып отыр. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену әр тұлғаның тәрбиелі, тәліміне де байланысты. " Екінші Аристотель " санатындағы Әл- Фараби, " оқығандар көсемі " атанған Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов сияқты ұлылар тәрбиесіз білімнің қауқарсыздығына, өз деңгейінде нәтиже бермейтініне ерекше көңіл бөлген, артына ұлағатты пікірлер қалдырған. Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты- жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның " Мен " менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналысында болып отыр. Осы салмақты мақсаттар тәрбие үдерісінің алдына ауыр да бірақ маңызды міндетті жүктейді. Тәрбие ісі-әлеуметтік, қоғамдық іс. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін рухани байлық та аса қажет. Ал ұрпақ бойына рухани байлықты егу-тәрбие жұмысының дұрыс қойылуына, оның инновациялық жолдарынан ізденуіне де тікелей байланысты. " Воспитание есть процесс социальной в самом широком смысле слова..."-дейтін көрнекті педагог А. С. Макаренко пікірі бүгін де ескіріп тұрған жоқ. Бала қоғамда, белгілі бір ортада өмір сүреді. Оның жақсыжаман қасиеттерін бойына жинайды, олардың өз беттерімен даму үдерісі жүреді. А. С. Макаренконың " Направить это развитие и руковадить им- задача воспитателя " деген сөзі тұлға тәрбиесінің алдындағы қасиетті міндетті меңзейді [ 2, 508 ]. Жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру айнасында тәжірибелі ұстаздар, тәрбие жетекшілері ғалымдар ізденістері баршалық. Осы жерде орыс ғалымы Г. С. Батищевтің: " Человеке нельзя " сделать ", " произвести ", " вылепить " как вещь, как продукт, как пассивный результат воздействия извне, но можно только обусловить его включение в деятельность вызвать его собственную активность и исключительно через механизм этой его собственной( совместно с другими людьми) деятельности он формируется в то, чем делает его это( общественная в своей сути) деятельности "- деген тұжырымына үңіле қарау керек [ 3, 254 ]. Расында да тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзін тану, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттеріне ықпал етуұстаздар алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет. Міндеттер ауқымды, мақсаттар айқын, бірақ оны жүзеге асырудың тиімді жолдары қандай деген проблемалы сұрақтар бәрінен де күрделі, бәрінен де ауыр әрі маңызды. Білім мен тәрбиелі жанды бір ағза( организм) деп есептеп, жоғарыдағы сұрққа бірігіп жауап ізденгенде ғана мақсатқа жетуге болады. Өкінішке орай " тәрбие жұмысы менікі емес, немесе білім беру мұғалімдердің шаруасы " деген үстірт, педагогқа жат көзқарастар әлі де баршылық. Қазір дарынды баламен жұмысқа ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми- ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны- әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.
Осы үдерісте тәрбие жетекшілердің де атқаратын жұмысы баршалық. Жүйелі, жоспарлы түрде оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу мәселесін тәрбие жұмысының да маңызды бір бөлімі ретінде қарастырған жөн. Осы үдерісте тәрбие жетекшісінің ролін төмендегідей саралауға болады.
- Диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып, ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;
- Тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау.
- Танымдық белсенділіктерін дамыту үдерісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру- оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы. Белгілі ғалым Ж. Қараев танымдық белсенділікті бірбірімен тығыз байланыстағы үш бөлікке бөледі [ 4,68 ]. " Өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылуды " танымдық белсенділіктің мотивациялық тұлғалық бөліміне жатқызады. Мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген жөн. Жанжақты дамыған дарынды, құзіретті тұлға қалыптастыру мәселесі көп ізденісті қажет етеді.
Тәрбие жұмыстарын әр түрлі амал-тәсілмен жүргізу ісі де тер төге еңбек етуді қажет етеді. Тұлға құзыреттілігі нәтижеге бағытталған тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыруға әрекеттену- бүгінгі тәрбие жұмысының басты мақсаты. Тәрбие жұмысының басында тәрбие сағаттары тұрады. " Құзыреттілік- компетентность, яғни, латын тіліндегі мағыналық аудармасы білгір, жан- жақты білімді, барлығынан хабардар, лайықты деген ұғымды білдіреді. Құзырлылық туралы Г. С. Құдайбергенова:
61