¹ 2( 2) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақала орта білім беру мекемелерінде оқушылардың ғылыми зерттеу әрекетін ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Автор оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру мен баулудың тәсілдері мен жолдарын көрсетеді. Оқушылардың ғылыми зерттеу әрекетін ұйымдастыруға жөніндегі өз тәжірибесімен бөліседі.
Статья посвящена вопросам организации научно-исследовательской деятельности учащихся в учреждениях среднего образования. Автор статьи описывает приемы и методы мотивирования учащихся к исследовательской деятельности. Делится собственным опытом по организации научно-исследовательской деятельности учеников.
АУҒАНБАЕВА БАҚЫТГҮЛ ОМАРҒАЛИҚЫЗЫ
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектепгимназия-интернаты директорының орынбасары Өскемен қаласы
The article deals with the organization of research activity of pupils in secondary education institutions. The author describes the techniques and methods of motivating students to research. Shares her own experiences on the organization of research activity of students.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушыларды ғылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарына баулу- бүгінгі білім беру үдерісінің басты талабы. Олар әр түрлі конкурстарға, ғылыми жоба жазып, қорғауға қатыстырылуда. Ал енді оқушыларды ғылым әлеміне қалай әкеліп, қалай жетелеу керек, оның тиімді жолдары қандай деген өзекжарды мәселелер ғалымдарды да, ұстаздарды да ойлы, жүйелі жұмыстарға жетелейді. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу төменгі сыныптардан басталуы керек.
Мектеп мұғалімінің бұл үдерістегі басты мақсаты- оқушыларды дербес ойлауға, өз беттерімен еңбектенуге, өз беттерімен ізденуге, проблеманы өздерінше шеше білуге баулу болып табылады. Ал бұл мақсаттар біртебірте оқушылардың білімге селқос, ықылассыз қарауын өзгертіп, дайын дүниені қайталап берумен ғана шектелетін іс-әрекеттерін тежейді. Керісінше, оларды таным, ойлау белсенділіктерін дамытып, зерттеу, іздену жұмыстарына ынтасын арттырады. Ең бастысы, оқушы ешкімге " тәуелсіз " зерттеу еңбегіне төселеді, өзін-өзі оқытады, білімдерін өз ізденістерімен алуға түрткі жасайды.
Оқушыға зерттеу, іздену жұмысында жетекшісі, ұстазының ақыл-кеңесі бағыт-бағдары қажет. Бұл жөнінде ғалым А. С. Обухов былай дейді: " Успешность исследовательской деятельности обеспечивается совместными усилиями преподавателя и обучаемых, т. к. это " творческий процесс совместной деятельности двух субъектов( двух личностей) по поиску решения неизвестного, в ходе которого осуществляется трансляция между ними культурных ценностей, результатом которой является формирование мировоззрения " [ 1,35 ]. Бұл мәселеге Ресейліктердің ерекше көңіл бөліп келе жатқанын жүйелі түрде шығып тұратын " Исследовательская работа школьников " атты журналдан көруге болады. Ғалымдар, тәжірибелі жаңашыл ұстаздар оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулудың теориялық, практикалық мәселелерін жазып, арнайы зерттеуде.
Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды талапты ұрпағы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: " Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек ",- деген сөзі бүгінгі ұрпақ тәрбилеп отырған педагог біздерге үлкен ой салады [ 2,1 ].
Дарын- зерделілігімен дамып отыратын үздіксіз үдеріс.
Психология ғылымының докторы В. Панов: " Дарындылық оқушы үшін қабілеттілік қана емес, ол- сын. Дарынды оқушы ұстаз үшін мәртебе, әрі сын...",- деген [ 3,45 ]. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне, кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Осы талаптарға сай жұмыс істеп келе жатқан бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы аумағында білім мен мәдениеттің, руханияттың ошағына айналған 95 жылдық тарихы бар дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектепгимназия-интернатында дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді жолдары, оларды ғылыми жұмысқа баулу және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жетекші орынға қойылған. 2009 жылдан бері Өскемендегі Жамбыл атындағы гимназия-интернатында әйгілі педагог, әдіскер ғалым, ұлт ұстазына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертханасы жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде Қ. Бітібаеваның ұзақ жылдар қызмет еткен Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектепинтернатында ұстаздың пәндік оқу кабинетінде оқуәдістемелік материалдар мен көрнекіліктердің республикада теңдесі жоқ жүйеленген аса бай қоры жинақталған. 46 еңбектің авторы Қ. О. Бітібаеваның " Ғылым әліппесі " атты оқушылар үшін жазылған оқу құралыелімізде тұңғыш рет жазылғанеңбек болып саналады. Бұрын-соңды болмаған, оқулықдәптер үлгісіндежазылған тікелей оқушыға арналған оқыту құралының ішкі мазмұны да ерекше. Ол әр оқушыға арналған, күнделікті алдында жататын көмекқұрал.
Сондай-ақ, әдіскер ұстазбен авторлық бірлікте жазған келесі еңбегіміз оқушыларды ғылыми ізденіс, зерттеушілік іс әрекетке жетелеудің белсенді жолдарын, құзыреттілік тұрғысынан оқыту, дарын көзін ашу мәселесін сөз ететін " Оқушыларды ғылыми ізденіс, зерттеу іс әрекетіне баулу " атты оқу құралын айтуға болады. Осы еңбектер негізінде " ғылым " деген не, ғылыми-зерттеу жұмысына қалай келуге болады, ғылыми жұмыстардың түрлері қандай, ғылыми жобаны қалай жазуға әрі қорғауға болатыны жайында оқушыларды теориялық біліммен қаруландыруға, оны тәжірибеде жүзеге асыруға жол көрсетіп, оқушыларға бағыт-бағдар беруді көздейміз. Бұл оқу құралдары облысымыздағы мектеп мұғалімдерінің ең қажетті
58