¹ 2( 2) 2015
тапсырмасы берілді?", " кім үй тапсырмасын талдайды?" сияқты қарапайым сұрақтар қойылса, сабақта сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту кезеңдерінде " қай топ өз тапсырмаларын бірінші болып қорғай алады?", " тапсырманы тағы да қалай толықтырып орындауға болады деп ойлайсыңдар?", " өз ойыңды негіздей аласың ба?" сынды күрделі сұрақтар ұсынылды. Ал рефлексия жүргізерде " шешімді бірлесіп қабылдадыңдар ма?", " кімнен көмек сұрайсың?", " жауабыңның дұрыстығын қалай негіздейсің?" деген сұрақтар қойылды. Менің байқауымша, қарапайым сұрақтар қазақ тілінен орташа үлгеретін, анағұрлым күрделі сұрақтар жалпы сыныпқа қойылып жатты. Қате берілген жауаптарды сабырлы түрде қабылдап, " қай жерде қате жібердім деп ойлайсың?", " жауабыңның дұрыстығына сенімдісің бе?" " балалар, тапсырманың орындалуы сендерді қанағаттандыра ма?" сұрақтар арқылы күмәнданғанымды білдіріп, сыныптастарының көмегімен қатемен жұмысты жүргізіп отырдым. Шынын айтқанда, курсқа дейінгі сабақтарда мен жіберілген қателерді қорытындылап, түзету жұмыстарын уақыт аз болғандықтан жасай бермейтінмін. Егер оқушы өз қатесін тауып, дұрыс сұрақтар қойып, оны түзетуі, өз жауабының дұрыстығын дәлелдей алса, оқу мен оқыту үдерісінің нәтижеге бағыттай жүргізілгендігін көрсетеді.
Сабақта оқушылар тарапынан қойылған әрбір сұраққа мұқият жауап беріп отырдым. Оқушылар сұрақ қоя отырып мұғалімнің берген жауабынан өздерінің ойлау бағытының дұрыстығына сенуге, қолдау көруге тырысады. Меніңше, оқушылардың сұрақтары мен жауаптарын көтермелеп, келісімімізді білдіріп, көңіл қойып отырсақ, оқу және оқыту үдерісін оң арнаға бағыттайтындығымызға сенімдімін. Сұрақтарға жауап бере отырып сабақ соңында оқушылар
- талданған материал көлемінде сыни тұрғыдан сөйлеуге ынталанды;
- өз қызығушылықтары тұрғысынан жауап беруге үйренді;
- жауап бере отырып тақырып мазмұнын меңгереді, зерттеушілік жұмыстар жүргізуге бағытталады;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының берік қалыптасқандығы айқындалды. Оқушылардың ойлау қабілеттерін жоғарғы деңгейде дамыту үшін сапалы, мазмұнды, игерілетін материал маңызын ашатындай сұрақтар қойып, ойланып, жүйелі, жинақы, толыққанды жауап бере алатындай уақыт пен мүмкіндік беруіміз керек. Топтық жұмыста жауабы қорытындыланатын, тәжірибеде қолдана алатын проблемалық сұрақтар қойған дұрыс. Сабақта оқушыларды ойлануға, жай ғана ойлануға емес, сыни тұрғыдан ойлануға жетелейтін сұрақтар қоя білу мұғалімнен кәсіби біліктілік пен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Сабақ барысындағы сұрақ-жауап жұмыстарының нәтижесін қорыта келе, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда түрткі болу сұрақтарынан гөрі оқушылардың жауаптарынан кейін туындайтын сұрақтардың маңызы анағұрлым жоғары болатынына көзім жетті. Келесі сабақта тапсырмаларды бір-бірімен алмасып тексеретін жұптық жұмыстар да жүргізілді. Жұптық жұмыстар кезінде оқушылардың бір-бірімен байланысы тіпті тығыз болғандықтан олар әр тапсырмаға сыни тұрғыдан талдау жүргізе алады. Ал " Сабақтас құрмалас сөйлем " тақырыбын өткен кезде әр топтың көшбасшысы жаңа тақырыпты бекітіп, қайталап түсіндіретін жұмыс түрін жүргіздім. Топ жетекшілері ортаға шығып жұмысты қорғаған кезде олардың көшбасшылық іс-әрекетінің нәтижесі айқын көрініп тұрды. Осы кезеңдегі менің тәжірибемнің негізгі мақсаты-оқушылардың алдына олардың сыни тұрғыдан ойлай алуын дамытатындай мәселерді қоя білу және оқытудағы көшбашылықты дамыту болды. Әрине оқытудың жаңаша құрылымы өз
Ïåäàãîãèêà
нәтижесін бірден бере қоймайтыны белгілі. " Жыл мезгілдері " тақырыбы бойынша құрылған орта мерзімдегі жоспардағы соңғы сабақта АКТ-ны пайдаланып, интерактивті тақтамен жабдықталған мультимедиалық кабинетте жұптық жұмыс түрінде өткіздім. " Менің сүйікті мезгілім " тақырыбындағы эссе түрінде жазылған үй тапсырмасын әр жұп алмаса отырып оқып, бағалау парағында бағалады. Дарья, Ольга, Бек, Жанаргүлдер өз эсселерін сыныпта оқып, өзге оқушылардың пікірлерін тыңдады. Жұптық жұмыс диалог түріндегі тапсырмалардың орындалуы арқылы жандана түсті. Өйткені оқыту орыс тілінде жүргізілетін сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Диалог арқылы сыни ойлауды дамытуда Александер / 2001,2008 / " Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен ісәркетке тартумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізгендігін көрсетті " деп ұсынған ғылыми пікірінің айқындығын тәжірибе барысында байқадым. Әр жұп орындаған " Тапсырманы аяқта " кезеңінде жұптар тапсырманы өз қалаулары бойынша аяқтап, сынып болып талқылады, ең сәйкес келеді деген жауапты қабылдады. Жауаптары сай келмейтін жұптардан тапсырманы қайта қарап шығуларын сұрап, дұрыс жауап берулеріне мүмкіндік бердім. Осы тапсырманы талқылау кезінде әр оқушы тапсырманы әртүрлі аяқтап, бір тақырып төңірегінде бірнеше ой түйінделген. Арман " құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді, бірнеше жай сөйлемнен тұрады " десе, Ислам " құрмалас сөйлем-жай сөйлемдері салаласа, сабақтаса байланысатын көп құрамды сөйлем " деп анықтама беріп өткен. Курсқа дейін қате жауаптардың жауабын өзім айтып, оқушылардың дұрыс жауап табуларына жағдай жасай қоймайтынмын. Сабақты бекіту кезінде құрмалас сөйлемді толық қайталап, тірек сигналдар кестесін сызу тапсырылды. Әр жұп өз сызбасын қорғай отырып, құрмалас сөйлемдер, олардың түрлері мен жасалу жолдары жайлы білім, білік дағдыларын бекітіп шықты. Сабақтың соңында алынған тест жұмысының нәтижесі бойынша оқушылардың сабақ материалын талапқа сай меңгергендігіне көзім жетті. Оқушылар тест жұмысының жауабын тексерген кезде өз іс-әрекеттеріне риза болып, көңілдері толғаны көрініп тұрды.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрену модулінің тәсілдерінің бірі " Инсерт " кестесін толтырғанда оқушыларда біршама баяулық байқалды. Бұл тәсіл берілген тақырып аясында алған білімдерін жан-жақты бекіте отырып қорытынды жасап, келесі сабақтардың алға қоятын мақсаттарын ашуға ықпал ететін, сыни тұрғыдан ойлауды керек ететін күрделі әрекеттерді жүзеге асыруды керек етеді. Қорыта келе, мен Инсерт, Синквейн, кластер, Топтастыру, Венн диаграммасы, Миға шабуыл, " Алты қалпақ " ойыны сияқты тәсілдерді өз сабақтарымда тиімді түрде ұштастыра қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда жетістіктерге жететініме сенімдімін. Сабақ соңында кері байланыс орнатуға бағытталған " Алты қалпақ " ойыны кезінде көк қалпақты таңдап алған Балжанның " Жыл мезгілдерінің әрқайсының өз орны бар. Олардың адам өміріндегі, шаруашылығындағы, жалпы тұрмыстіршілігіндегі маңызы зор. Оларды бірінен-бірін бөліп алып қарау мүмкін емес " деген пікірі оқушыларды ойланта алғаны анық. Сабақ аяғында оқушылардың сабақтың өту барысы жайлы айтқан пікірлерінен оларға сабақтың құрылымы, материалдардың таңдалуы мен ұсынылуы, тапсырмалардың әртүрлілігі, қолданылған тәсілдердің ұнағандығын білдім.
" Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту
54