EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 57

Ïåäàãîãèêà белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатындығын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру-мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек" деп Воль ф пен Александер/2008/ тұжырымдағандай өзгермелі ортада өмір сүретін, оны жасайтын, өзгертетін, дамытатын өскелең ұрпақтың әр нәрсеге сын көзімен қарап, парасатты пайым жасай алатын дәрежеге жетуі болашағының баянды болуының басты кепілі деп білемін. Сыни тұрғыдан ойлау модулін тәжірибе барысына енгізудің қиындығы оқушылардың тапсырмаларды сыни тұрғыдан шеше отырып, өмірде қажетті қасиеттер-көңіл қою, бақылау, сараптау, ойлану, қорытынды жасай білу, ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, тапсырманы шешудің бірнеше жолдарын тауып, тиімдісін таңдай білуге үйреніп, дағдыланулары болды. Сабақ барысында "сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" модулін сабақ барысына енгізуде "Сұрақтар туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмытарын жүргізе ала ды, мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттың қажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады" деген бағдарламаның ұсыныстарын басшылыққа алып, сабақта АКТ-ні де оқушылардың презентациялар, проекттер қорғауында интернет көмегін пайдаланып та жүрмін. Сыни тұрғыдан ойлай оқытуды өз тәжірибемде қолдана отырып, "Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын ¹2 (2) 2015 оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша , көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады" деп жазылған Бағдарламаның "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" тарауындағы қорытындылармен келісемін және сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушылар өзгелердің дәйекті дәлелдемелерін саналы түрде қабылдауға қабілетті болу керек дегенді қосамын. "Сыни тұрғыдан ойлау" модулінің элементтерін сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде де, ынтымақтастық орта тудыруға бағытталған тренингтерде де, сабақтың тақырыбын, мақсатын, мақмұнын ашатын материалдарды игеруде де, сабақты бекітіп, рефлексия жасауда да қолданып, тиімді нәтижесін саралау мүмкіндігі кеңінен берілген. Оқушылардың білім мазмұнын меңгеруінде сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды басты мақсат етіп алып, сабақ жоспарларын сыни тұрғыдан ойлау технологиялары негізінде құрамын. Әр сабағымды оқушылар талдап, дәлелдеп, қорытындылап, қорғап, шешім қабылдайтын тапсырмалармен толықтырып отырамын. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды бастауыш сыныптардан, тіпті балабақшадан бастаса орта және жоғарғы сыныптарда оқушылардың өзіндік көзқарастары қалыптасып, "ойлау туралы ойлана алатын" тұлғаға айналғанына куә болар едік. Балаларға сабақта ойлау, сөйлеу еркіндігін беріп, олардың пікірлерін тыңдап, қабылдай алуға үйренуіміздің маңызы зор. Оқушыларға сабақта тек қана тапсырмаларды орындаушы ғана емес, идея тауып, ой тастаушы, яғни сабақтың қозғаушы күші болу мүмкіндігін беру керек. ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2. Вольф С. пен Александер Р. "Дәлелдеу және диалогтік оқыту: өзгермелі өмірге арналған балама педагогика", 2008. 3. Александер Р. "Мәдениет және педагогика: бастауыш білім берудегі халықаралық салыстыру", 2001. 4. Мерсер Н. "Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер", 1995. 55