Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 2) 2015
Мақала қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау амалдарын қолдану мәселесіне арналған. Автор орта мектептердегі орыс тілінде оқытылатын сынып оқушыларына қазақ тілін үйретуде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың ерекшеліктері туралы баяндайды. Мақала орта мектептің қазақ тілі мұғалімдері үшін пайдалы.
Статья посвящена методике использования приемов критического мышления на уроках казахского языка в средней школе. Автор рассказывает о применении технологии критического мышления в обучении казахскому учащихся классов с русским языком обучения. Статья будет интересна учителям казахского языка в средней школе.
САДЫБЕКОВА ГҮЛЗИРА АМАНБЕКОВНА
Семей қаласы № 29 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
The article is devoted to the method of using techniques of critical thinking in the classroom of Kazakh language in high school. The author discusses the use of technology in teaching critical thinking Kazakh students in grades with Russian language of instruction. The article will be of interest to teachers of the Kazakh language in high school.
ОРЫС СЫНЫПТАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Сөздік қоры өте бай, арналы ауқымы кең мемлекеттік тіл- қазақ тілін терең ұғындыра оқыту, шәкірт санасына саралап сіңіру өзге ұлт өкілдері тұрғай қазақ тілді сыныптардың өзінде ұстаздан зор шеберлік пен біліктілікті, оқушыдан талпыныс пен талапты қажет ететін сөзсіз. Ал орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі сабағының мақсаты мен маңызы, білім мазмұны, оны оқыту барысының жаңаруына, оқушылардың білім, білік дағдысының функционалдық сауаттылыққа бағытталуына педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттырудың Кембридж бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстарының маңызы өте зор.
Кембридж университеті бағдарламасы бойынша орта мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлағанда мен өз сабақтарыма Бағдарламаның жеті модулін ұштастырып енгізуге тырыстым. Соның бірі- танымдық ауқымы кең, оқушылардың жан-жақты дамуына тікелей әсер ететін " Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету " модулі. " Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену " модулін меңгеру арқылы оқушылар " ойлау туралы ойлануға ", яғни өзіндік көзқарастарын қалыптастыра отырып, оны дәйектеуге, дәлелдеуге, қорғауға, жан-жақты саралауға қалыптасады. Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру екі жақты, оқушыларда да, мұғалімдерде де жүреді, екеуі де бірбірімен тығыз байланыста дамиды. Оқушылардағы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту олардың зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру, баға беру және дәлелді түрде сараптау, өз шешімдерін қорғай алу, өз білім, білік дағдыларын тәжірибе арқылы қайта қарастыру түрінде жүргізілсе, мұғалімдерде балаларға білім берудегі өзіндік тәжірибесі мен тәсілдерін жетілдірудегі жетістіктерін сыни тұрғыдан ойлай алу мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Сыни тұрғыдан ойлау- әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын ортаға еркін жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін оқушылардың қызығушылығын оята білуіміз керек. Қызығушылығы оянған оқушы сабақта міндетті түрде белсенділік танытады. Сұрақтар қояды, оған жауап іздейді, жауаптар негізінде қорытынды жасайды, өзіндік пікірі қалыптасады, оны өзгелермен бөліседі, басқалардың көзқарасымен танысады, салыстырады, шешім қабылдайды. Осы орайда алғашқы сабақта мен оқушыларға қазақ тілін жаңа әдістемелік негізде меңгеретіндіктен әртүрлі
әдістермен жұмыс істейтіндігімізді, топ құрамының үнемі өзгеріп отыратындығы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Топ құрамының жаңарып отыруы әрбір оқушының өзіндік қабілетінің ашылып, оқиғаға әртүрлі тұрғыдан қарайтын ұжымда жұмыс істеп қалыптасуларына жағдай туғызады. Сонымен қатар мен оқушыларға әрқайсысының қазақ тілі пәніне тікелей қатысты болмаса да топтық тапсырмаларды орындай алатындай білім, білік дағдылары бар екендігін ұғындыруға тырыстым. Жалпы тәжірибе барысында бұрын байқалмайтын оқушылардың іскерлік көрсетіп, белсенділік танытқандарын байқадым. Өз тәжірибемдегі алғашқы сабақтарынан бастап оқушыларға " Қателесуден қорықпауды ", " Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін " талпыныс жасайтындығымызды айтып, тәжірибенің мақсаты мен мазмұнын жүзеге асыруда осы бағыттарды басшылыққа алатындығымызды ұғындырдым. Осы сөздердің мағынасын ашуды сұрағанымда балалар жалаң түрдегі түсініктерін айтып, кең, мағыналы жауап бере алмады. Соңғы кезде біздің оқушыларымыз көркем әдебиетті өте аз оқиды, шығармалар жазып, шешен тілмен сөйлей алмайды. Ал оқытылуы орыс тіліндегі сыныптарда мұғалімге сөздік жұмысы, мәнерлетіп оқыту, мазмұндау, мағынаны ұғыну сынды күрделі де маңызды жұмыстарды қатарынан жүргізуге тура келеді. Сондықтан мен әрбір сабаққа қатысты қанатты сөздерді тауып, талдауды, оларға өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыруды мақсат еттім. Жалпы тәжірибедегі барлық сабақтарымда топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастырып, олардың бірін-бірі үйретіп, бір-біріне кеңес беру негізіндегі тапсырмалар қорытындысы бойынша кластер құруға бейімдедім.
" Талантты және дарынды балаларды оқыту " мен " Оқытудағы басқару мен көшбасшылық " модульдері енгізілген сабақтарда оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету жұмыстары жүргізілді. " Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады " деген Нұсқаулықта жазылғандай сұрақтар сабақтың кезеңдері мен олардың күрделілігіне қарай өзгеріп отырды. Сабақтың бастапқы кезеңдерінде " қандай үй
53