Ïåäàãîãèêà
күлжәм ",- деп, Смағұлды мазақ қыла бастады... Абай Оспанға тап беріп зекіп:- Бер құлжасын!- деді.- Оспан:- Алғам жоқ, өтірік...- деп тана берді. Бірақ Абай ырық бермеді. Тінте бастады. Оспанның тінту бермек ойы жоқ. Барынша бұлқынып, Абайдан сытыла қашып, пеш қасына барды. Екі қолын артына ұстап, бұрышқа кептеле тығылып тұрып алды. Дәл жанында үлкен биік шелекке ашытып қойған түйенің қымызы бар.
Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы. Оспан әдейі сол араға тығылып тұр. Абай қыспаққа ала берсе, сол шелектің бір септігін көрмек. Тіпті, болмаса шелекті құлатып Абайдың өзін де шатаққа ұрындырмақ. Өзінен қайратты артық ағаға содан басқа мұның істер дәрмені жоқ. Оспанның шатақ іздеп тұрғанын таныған Абай, енді оны сүйреген жоқ. Бірақ қатты ыза боп, Смағұлға болысып кеп:
- Шығар шапшаң құлжаны! Көрсет қолыңды!- деп тұрып Оспанның құлағынын алып, аямастан жұлқып бұра бастады. Оспан айқай салып шыңғыра беріп, күбі шелектің бетіндегі асжаулықты бір сыдырып түсірді. Шелектің өзін қағайын дегеніне Абай жібермеді. Сонымен келесі бір сәтте Оспан айқайын зорайта беріп, қолындағы қызыл құлжаны қымыз ішіне " шөп " дегізіп тастап жіберіп, екі қолын көтеріп, Абайға:
- Міне! Ойбай!... Міне, түк жоқ!- деп зарлап қоя берді. Абай мұның не қылғанын байқаған жоқ еді. Бірақ Оспанның бар қимылын бағып тұрған Смағұл құлжанын қымыз шелекке түскенін байқап қалды. Ол тап беріп шелекке жетті де, білегін сыбана беріп, кір-кір қолын қолтығына шейін бойлата қымыздың ішіне салып жіберді. Жеңі де малынып, бірге жүзіп жүр. Қымыздың ішін салдырлатып сүзіп жатыр. Абай енді Смағұлдың ақымақтығына ыза боп, Оспанды қоя беріп, ананы тартайын деп еді, Оспан дәл осы кезде Абайдан босай сала қымыз бетіне үңіліп тұрған Смағұлды желкесінен түйіп-түйіп қалып, қымыздың ішіне бет-аузы мен құлағына шейін батырып жіберді. Өзі және сақылдап кеп күле бастады. Смағұл құлжаны таба алмай, аузымұрнына қымыз кетіп, шашалып, ықылық, атып, тағы бақыра тұрды. Барынша күйіп қайнаған қалпында Оспанға жұдырық ала ұмтыла берді.
" Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін " өткенде " 1-деңгей. Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай жекежеке теріп жаз, ерекшелігін түсіндір. 2- деңгей. Жалқы есімдердің этимологиясы туралы не білесің? Қосымша мәлімет іздестір. 2. Мақал--мәтел, нақыл сөз, тұрақты тіркестер болса теріп жаз, мағынасын түсіндір "- сынды болып келеді. Ұсынылатын мәтін:
Абай Сүйіндіктен де қысылған жоқ. Бала емес, ысылған ашық, үлкендерше сөйлейді. Тоғжан кеп отырғаннан кейін Сүйіндікк қарап:- Сүйіндік аға, осы мына сіздің жердің алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауыл атанды екен?- деді. Сүйіндік:- Кім білсін, шырағым!- дей түсіп, аз отырып,- Е, Тобықты мен Матайдың шабуылы, жаулығы қалған ба? сондағы қуғыншы мен жортуылшының бірі қойған атыдағы.. Өзі өзге таудан бөлініп, айдалаға оқшау барып тұр ғой. Содан қарауылдамай, қайдан қарауылдасын!- деді.
- Сүйтіп бұл атты Тобықты қойған дейсіз бе? Тобықты келмес бұрын сондай ат жоқ па екен?
- Қайдан болсын? Бұл өңірдегі барлық атты Тобықты өзі қойған.
- Әй, білмеймін-ау! Бар атты өзі қойса, Шыңғыс дегені несі екен? Шыңғыс деген Тобықты бар ма?
- А, жоқ! Мынауын жаңа бір сөз. Бәсе, бұ Шыңғыс деген осы үлкен алып таудың аты неге Шыңғыс атанды
¹ 2( 2) 2015
екен бұл?- деп, Сүйіндік өзі де ойланып қалды. Әдірбек әкесінің мүдіргенін намыс көріп:- Шыңғыс деген сөз " шын қыс " дегеннен, қысының қаттылығынан болыпты-мыс деседі ғой!- деп еді. Абай бұған күлді де:- Олай болмас. Шыңғыс деген белгілі хан аты ғой,- деді.- Бәсе, осы сөз менің құлағыма бір тиген еді. Жадымда қалыпты. Кәне, білсең өзін айтшы, шырағым,- деп, Сүйіндік Абайды тыңдағысы келді. Жас қонақ Шыңғыс хан жайында өзі білген, естіген әңгімелерін айтып кеп, өз көңіліндегі біраз долбарды қосып:
- Тауының " Шыңғыс ", биігінің " Хан " аталғаны содан. Және сонау бөлек бір тауы " Орда " аталғаны да сол. Шыңғыс ханның мекен еткен қонысы екенін паш етеді. Қарауыл демек те сол кезден қалған ат емес пе екен?- деп тоқтады. Қисынды-ақ екен!- десті. Шыңғысты былай қойып, тақ осы Сүйіндік қыстауы Түйеөркештің қасында тұрған " Хан " биігін, онан соң Мамай қыстайтын анау " Орда " деген таудың бәрін де шешті. Соны осы күнге шейін неліктен аталғанын білмей жүру, мұндай үлкеннің бәріне енді ғана орасан көрініп еді.
" Сөйлем мүшелері. Бастауыш." тақырыбында " 1- деңгейге " Предикаттық қатынастағы сөздердің лексика- грамматикалық мағынасын түсіндір ", 2-деңгейге шығармашылық тапсырма ретінде " Қазақы ырымдар туралы не білесің? Мәтін мазмұны бойынша салтдәстүрге қатысты ой-пікірлерді теріп жаз, толықтыр "- деген тапсырмалар берілгені дұрыс.
А) Әр үйдін ішінде ұсталатын кілем, тұскиіз, сырмақ, текемет, көрпе-жастығы да бірге жіберіледі. Көбінің ыдыс-аяғы да сай болған. Дастарқан, орамалдың да олқы болмай, жаңа болуына, таза болуын, Ұлжан өзі көзімен атқарып, қадағалап жіберткен. Әр үйдің тігушілері қазір бірге кеткен жігіттер. Кейін қонақ күтетін күтушілер де солар болмақ.
Өңшең пысық, елгезек, сергек жігіттер екен. Бәрі де Бөжей ісіне бұл ауылдардың бет бергенін іштей шынымен мақұлдаған жастар сияқты. Тегіс көңілденіп аттанысты.
Ә) Бір уақыт Ербол шабатын аттың санын айтып келді. Жиынын Байдалы санатқанда, жүз елу ат болыпты. Соның ішінен он атқа бәйге аталыпты. Бәйгенін бәрі де тоғыз-тоғыздан. Адыңғы бәйге- түйе бастатқан тоғыз, екінші- жамбы бастатқан тоғыз. Ол жамбы кешегі Ұлжан әкелген күміс еді. Содан арғы тоғыздар да түгел саналыпты. Үлкен астың күресі де үлкен. Балуандар бәйгесі де сондайлық тоғыз-тоғыздан. Б) Көз байланып қалған еді. Осы шақта ғана Абайлар тасырлата басқан қатты жүріспен кішкене тастақ төбеге шыға бергенде, алдарынан ит үрді. Жауынды, бейуақ ішінде елп еткен үміттей боп, кешкі оттар жылт-жылт көрінді. Жақын жерде, жолдың сол жағында, көгалды бұлақ басында жеті-сегіз үй қоңырқай ауыл отыр екен.
В) Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ. өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар. Омырауы ағытылған, " сері жаға " ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек камзолы бар. Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де, жүзіне жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады. Г) Әйгерім келе жатқандарды әлі де аңғара алмай, қадала қарап тұрды:
- Біреуі еңгезердей бір үлкен кісі!- деді де, мынау Кенжем ғой. Сол емес пе?- деп, үйден жаңа шыққан Ерболға бұрылды. Әйгерімнің Кенжем дейтіні Оспан болатын. Оның
49