ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
НЕГІЗІНДЕ ОРЫНДАТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
¹ 2( 2) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақала қазақ тілін оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану мәселелеріне арналған. Автор қазақ тілі сабағында оқушыларға өз бетімен орындайтын тапсырмалар берудің тиімділігін сараптайды. Оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын игертуге бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды әзірлеудің әдістемесін ұсынады.
Статья посвящена использованию технологии разноуровневого обучения на уроках казахского языка. В статье анализируется эффективность методики по выполнению учащимися самостоятельных заданий. Автор делится опытом по подготовке разноуровневых заданий, направленных на изучение грамматики казахского языка.
МУСИНА КҮЛШАТ СЫЗДЫҚҚЫЗЫ
Семей қаласындағы М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы
The article is concerned with the use of multi-level training technology in the learning the Kazakh language. The article analyzes the effectiveness of the methodology for the accomplishment of independent assignments students. The author shares his experience in the preparation of multi-level training tasks aimed in the study of grammar of the Kazakh language.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
НЕГІЗІНДЕ ОРЫНДАТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Грамматикалық тапсырмаларды деңгейлеп саралап оқыту технологиясы элементтерін пайдаланып орындату арқылы білім алушылардың өз бетімен тіл мәселелерін талдап, синтаксистен алған білімдерін практикалық дағдыға айналдыруды тәжірибе жүзінде жүзеге асырып келемін. Тапсырмалар, негізінен, үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгейде бағдарлама талабы бойынша білім алушының игеруі тиіс міндетті тапсырмаларды оындауы қамтылады. Екінші деңгейде мәтіндік мазмұны көлемді және білім алушыны әрі қарай шығармашылықпен ізденуге бағыттайтын, өз мүмкіндігін болашақта бәсекеге қабілетті маман болуға бейімдейтін тапсырмалар беріледі. Білім алушының сөйлеу мәдениетін арттыру үшін мүмкіндік бар жерде стилистикалық тапсырмалар қоса қамтылады. Жаттығу мәтіндерін көпшілік жағдайда М. О. Әуезовтың шығармалар жинағынан және " Балалар кітапханасы " сериясынан шыққан көркем әдебиеттерден, Әзілхан Нұршайықов шығармаларынан аламын. Оның өзіндік себептері бар: біріншіден, біздің оқу орны М. О. Әуезов есімімен байланысты, әрі әлем таныған Әуезовті бүгінгі жас ұрпақтың жете тануына, оның өмірдерегі мен шығармашылығына қатысты тиянақты білімі болуына және соның қажеттілігіне назар аударту. Екіншіден, бүгінгі білім алушыларымыз ертеңгі жас маман, маман болғанда да, мектеп табалдырығын жаңа аттайтын бастауыш сынып оқушыларын оқытатын, яғни " Бастауыш білім беру мұғалімі " және " Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі " біліктілігін иеленетін жастар болғандықтан балаларға арналған көркем әдеби шығармаларды оқуын қадағалау, әрі балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу пәнімен байланыстыры оқыту болса, үшіншіден, қазіргі қазақ тілі пәні оқытылатын оқу кабинеті оқу орнында 1939-1940 жылдары білім алып, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер жазушының есімімен байланысты. Жаттығу жұмыстарының тапсырмасы оқытылып отырған тақырыпты меңгертуге, практикалық дағды қалыптасыруға лайықталады. Мәселен " Синтаксис " тарауын оқытқанда жаттығу жұмысын төмендегідей үлгіде құрастырдым. " Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері. Сөз тіркестері." тақырыптарын өткенде " 1- деңгей. Мәтіндегі өзара байланысқан сөздердің синтаксистік қатынасын табыңдар. Салаластық қатынастағысын бір бөлек, сабақтастық қатынастағысын бір бөлек теріп жазып, предикативтік, предикативтік еместігін ажырат. 2-деңгей. Шығармашылық тапсырма.
Жаттығудың мазмұнын ашатын мақал-мәтел не нақыл сөз тауып жаз, түсіндір "- түрінде беріледі. Үйге тапсырма екінші жаттығудағы мәтін мазмұны негізінде " Жаттығудың мазмұны бойынша шағын көрініс құрастыр " түрінде беріліп, қосымша тапсырма ретінде " Синтаксистік сөз тіркестерін теріп жаз, еркін сөз тіркесінен айырмашылығына назар аудар " деген тапсырмалар арқылы пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болады. Тапсырмаларды орындау үшін берілген мәтін мазмұны төмендегідей:
А) Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар- әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. Байтас пен жорға Жұмабай да анадайдан аттарынан түсіп жаяулап жетектеп, Құнанбайға қарай келеді екен. Бірақ өңі сұпсұр, зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес. Батыс жақтан 4-5 атты жолаушы келеді екен. Арты Қыдырдан шыққан жолаушылар тәрізді. Өздері өңшең толық денелі үлкендер сияқты. Құнанбайдың бүгін әдейі тосып отырған адамдары болу керек. Ол соларға қарап тұр.
Ә) Әжесін құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай ымырт жабылғанша осында болды. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. Жөндеп ішкен де жоқ. Күні бойғы аштығы да ұмытылған сияқты. Келесі жаттығуда " Басыңқы сыңары есім сөз табы болатын тіркестерді бір бөлек, басыңқы сыңары етістік болатын тіркестерді бір бөлек көшіріп жаз, бағыныңқы сыңарының грамматикалық тұлғасын анықта "- деп берген дұрыс. Ұсынылатын мәтін мазмұны төмендегідей:
Абай терезе алдынан атып тұрып, Оспанның анаған бір зорлық қылып келе жатқанын сезіп, алдынан шығып ұстай алды. Смағұл да кеп Оспанға жабыса түсті. Өз үйіне жетіп алған Оспан енді төбелеске әзірленіп, қарсы айналып:
- Ал қайтесің?- деп, Смағұлды жағадан ала бергенде, Абай екеуін айырып жіберіп, Смағұлға қарады.
- Немене, не қылды?- деп, еді Смағұл қорсылдап, жылап қоя берді.- Құлжамды, қызыл құлжамды ұрлап мынау...- Қашан? Әй, жылауық!- деп Оспан әуелі күліп алып, артынан өтірік қорс-қорс етіп жылаған боп,- " Кіжіл
48