Ïåäàãîãèêà
" Қартқожа " романымен, Сәкен Сейфулиннің " Тар жол тайғақ кешу " романымен таныса отырып, оларды өзара салыстыру арқылы өз батырлардың бейнесін қиялында сомдайды. Бұл ізденіс пен үлкен еңбектің нәтижесінде келетін құбылыс. Яғни, оқушының тарихқа деген қызығушылығын, ұлтына деген патриоттық сезімін арттырады. Тарих сабағында көркем әдебиетті жүйелі түрде пайдаланса, болашақта оқушының тарихи мәселені түсіндірудегі ойын тартымды, көңілге қонымды баяндауынада қолайлы жағдай туғызады. Қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы дәрісті оқытуда пән аралық байланыстың ерекше мәнін айта отырып, қәзіргі таңда біздің мақсатымыз, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын ұлтжанды жастарды тәрбиелеу. Осындай сабақтардың бірі- Ж. Молдағалиевтың " Мен- қазақпын " поэмасын оқыту сабағы. Төменде аталған сабақтың өткізілу жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиевтың " Мен- қазақпын " поэмасы Сабақтың мақсаты: а) Ж. Молдағалиевтың " Мен- қазақпын " поэмасына талдау жасау, ақынның азаматтық тұлғасын таныту; ә) оқушылардың өз бетінше іздене білу, ой қорыту және шығармашылық қабілеттерін дамыту; б) ақын өмірін үлгі ету, поэмадағы ұлттық болмыс пен биік рухты таныта отырып, ұлтжандылық пен елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: модельдік технология, СТО бағдарламалары, зерттеу, іздендіру, талдау, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: слайд-суреттер Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі: іздендіру сабағы Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау. ІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту 1. Е. Құдайбергеновтің " Мен- қазақпын " әніне түсірілген бейнебаянды көрсету ІІ. Мағынаны тану. 1. Жаңа сабаққа кіріспе: Жазбаймын уақыт өтсін, ойнасын деп, Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп. Ойлансын өзі жайлы- заман жайлы, Көргенді қиялымен байласын тек,- деп жырлаған осы жолдардың авторы Жұбан Молдағалиевтың өмірі, шығармашылығы, " Мен- қазақпын " поэмасы бойынша алдын ала берілген модельдің бағыттары бойынша жұмысымызды бастаймыз. Б. 1. Жұбан- лирик ақын. 1. Бағытты түсіндіру және жұмыс жасау: 2. Жұбан лирикасының ерекшеліктері(" Махаббат ерлігі ", " Қазақ " өлеңдеріне шолу жасау арқылы); 3. " Махаббат ерлігі " өлеңін жатқа айтқызу( Жұбан өлеңдеріндегі ұлтжандылық идеясын тапқызу); Бағытты қорыту:- Жұбан Молдағалиев алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күнге дейін, жарты ғасырға жуық үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, қалыптасу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын. Қоғамда атқарылып жатқан сан алуан істер, бастамалар, жаңа өрлеу, жаңа идеялар- Жұбан өлеңдерінің желісі. Еңбек адамы, оның парасаты, жалпы адамгершілік сипат, жақсы мен жаман арасы, залалдық пен қайырымдылықтың арақатынасы, күн мен түн, жау мен дос- бұлардың бәрі Жұбан Молдағалиев ақын өлеңдерінен мол орын алған. " Махаббат ерлігі " атты өлеңде бір соқыр, бір ақсақ- екі мүгедек музыканттардың бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуінен өмірдің өлмес күші танылады, меніңше, мұнда тұтас ұлттың ұлт ретінде өмір сүруге деген ұмтылысы, оптимистік рухы жатыр.
¹ 2( 2) 2015
Б. 2. Жұбан- эпик ақын. " Мен- қазақпын " поэмасы. а) " Қазақ " өлеңі мен " Мен- қазақпын " поэмасын салыстыру 3. Поэма тараулары бойынша жұмыс( поэманың құрылым ерекшелігін, мазмұнын игерту мақсатында): ә) Тарих таразысы б) Ұлы Отан соғысының ерлері в) Жері байдың- елі бай г) Байқоңыр- жер кіндігі немесе Жұбан шығармашылығындағы Байқоңыр тақырыбы. е) Салыстыру: Махамбет пен Жұбан ұқсастығы: Махамбеттің " Мен, мен едім, мен едім " өлеңі мен Жұбанның " Мен-қазақпын " поэмасы бойынша
" Мен- қазақпын " поэмасына( жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін табу мақсатында) Б. 3. Жұбан- азамат ақын. Мен- қазақпын, азатпын: желдей еркін, даламдай кең! Бағытты түсіндіру және онымен жұмыс жасау: " Нағыз патриоттар өзінен бұрын Отанының қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ ата жұртының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар " Б. 4. " Мен- қазақпын қаныммен, сүйегіммен." Бағытты түсіндіру және онымен жұмыс жасау:- " МЕН ҚАЗАҚПЫН " деп, мақтанышпен әлемге жар салған қасиетті сөзді Жұбанның айтуы заңды құбылыс. XV ғасырдағы ұлы ақын, әрі батыр қарға бойлы Қазтуғаннан басталып, бүгінге жеткен қазақ поэзиясының ұлы көшін жалғастырған қазақтың талай сөз зергерлері- арынды ақындар өмірден өткені белгілі. Солардың ішінде Махамбет " Мен, мен едім, мен едім, Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім …" деп жырласа, " Мен қазақпын ", мен осы ұлттың перзентімін деп мақтанышпен айту-Жұбанға бұйырған екен. Ол осылай деп жырлайтын ақыны бар ұлттың және солай жырлай алатын ақынның бағы. Себебі қазақтың ұлттық намысын аяқ асты етіп, жерін тұтастығынан, ұл-қыздарын ана тілдерінен айырып жатқан тарихтың жолайырық кезінде найзағайдай жарқылдап, мың өлген ұлттық намысты оятып, мәңгі өлмейтін жолға салып, елдің еңсесін көтерген Жұбағаңның " Мен қазақпын " поэмасы болды. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен …- деген жолдар әрбір қазақтың қасиетті Құранмен бірдей күнделікті қайталап айтатын жолдарына айналды. Себебі нүктеге дейін қысқарып, сөз арасынан қыл өтпейтін осы қысқа жолдарға ақын қазақтың мақтанышы мен мұңын, тарихы және тағдырын сыйғыза білді. Бұл жолдардың екінші қасиеті- оларды қанша қайталасаң да, оның мәні қасиетті Құран сүрелері сияқты, өзгермейді. Керісінше, " Мен қазақпын " деп қайталаған сайын әрбір алаш баласының ойы мен санасына қайсарлық, Ана тіл мен Атамекенге деген сүйіспеншілік мәңгіге ұялайды. Олай болса, сіздер де Жұбан ақынша " Мен- қазақпын, азатпын: желдей еркін, даламдай кең!" деп өз ұлтыңа деген мақтанышыңды көрсетіп, мына тапсырмаларды орындаңыз, өйткені бұдан 58 жыл бұрын Жұбан аталарың: Ұлы аманат етейік еркіндікті, Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті. Аңсаймын мен, сенемін туады ертең, " Қазақ болу- зор бақыт " дер күн тіпті …- деп аңсаған күні туды деп есептеймін. Шығармашылық жұмыстар орындату: 1. " Қазақ болу- зор бақыт " тақырыбында өлең жаздырту; 2. " Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған " тақырыбында ойтолғау жаздырту; Сабақты қорытындылау: ІІІ. Үйге тапсырма: 1. " Мен- қазақпын " поэмасынан үзінді жаттау. 2. " Жұбан- ұлт ақыны " тақырыбында реферат дайындау.
47