¹ 2( 2) 2015 Ïåäàãîãèêà
АЖГОЖИНА МАРЖАН ДӘУІТБЕКҚЫЗЫ
Семей қ. Т. Аманов атындағы № 16 орта мектептің қазақ әдебиеті мұғалімі
46
РАЙСТАНОВА ПЕРИЗАТ КӘРІМХАНҚЫЗЫ
Семей қ. Т. Аманов атындағы № 16 орта мектептің тарих пән мұғалімі
" Әдебиет- өмір айнасы ",- болса, өмір деп отырғанымыз- тарих. Зер салып қарасақ, қазақ қоғамының тарихи дамуының барысындағы үлкендікішілі оқиғалардың көркем әдебиетте суреттелмегені, жырланбағаны жоқтың қасы. Ғылымда әдебиет тарихы және әдебиеттің тарихилығы деген ұғымдар бар. Әдебиеттің тарихилығы дегеніміз, тікелей тарих ғылымымен байланысты. Себебі, әдеби шығарма, тарихи әлеуметтік ортамен, белгілі бір халықтың мәдениет тарихымен, салт-дәстүрі мен сенім- нанымдары, ұлттық мінезімен, ойлау ерекшеліктері мен аңсаған армандары тамырлас болып келетін құбылыс. Әдебиетте тарихтың қайталанбас келбеті және өзіндік қасиеттері, тереңдік толқыны, көркемдік тұрғыдан бейнеленіп берілген жағдайда оқырманға берер танымдық мәні арта түседі. Яғни Қазақстан тарихын оқытуда көркем- шығарманы пайдаланудың маңызын арттыра түседі.
Қазақстан тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану әдісі студенттің тарихи фактіні ойында ұзақ сақтауына әсер етеді. Өйткені, тарих қоғамдағы тап тартысын нақты деректермен дәлелдесе, көркем шығарма сол фактілерді бейнелі кескінмен елестетеді. Әдебиет- сөзбен сурет салу болса, ендеше, тарихи деректі оқушы жай өтіп кеткен іс, оқиға, факті ретінде емес, адам тағдыры, оның басынан кешкен сан-қилы оқиғалар ретінде түсініп, оған тарихи мән берсе, оқушының шығармашылық тұрғыдан ойлануына және патриоттық сезімін оятуға тигізер әсері мол деп есептеймін. Мысалы, ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы жұмысшылардың ауыр тұрмысын Ғ. Мүсіреповтың " Оянған өлке " романынан үзінді келтіруге болады. Әсіресе ондағы, Оралдан азыптозып, Қарағандыға қашып келген жұмысшылардың мүшкіл халін, өндірістегі қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеген тұстары оқушы жадында мәңгі сақталады.
Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану оқушының өз бетінше іздену мен еңбектене білуіне де үйретеді. Мысалы, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының жағдайын көрсету үшін, Ілияс
Берілген мақала орта мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәсілдеріне арналған. Авторлар өз тәжірибелерінен алынған сабақ жоспарын ұсына отырып, оқушыларға Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті пәндерін байланыстыра оқытудың тиімді жолдарын көрсетеді.
Статья посвящена вопросу реализации межпредметной связи в средней школе. Авторы на примере урока по истории Казахстана показывают наиболее приемлемые способы интегрированного обучения истории Казахстана и казахской литературе.
The article focuses on the issue of intersubject communications in the high school. Authors on the example of a lesson on the history of Kazakhstan shows the most appropriate way to integrated teaching of history of Kazakhstan and Kazakh literature.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Есенберлиннің " Көшпенділер " триологиясы халықтың тарихын таңба басқандай өрнектеген тарихи туынды. Ал, Абылай ханның ХVIII ғасырда мемлекет басшысы, қолбасшы және дипломат болғаны және Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы ішкі және сыртқы саясаттағы қызметі туралы түсіндіргенде, Абылай бейнесін Бұқар жырау мен Үмбетей жыраудың толғаулары арқылы суреттесе, халқын сүйген ханның тарихтан мәңгі өшпес орын алғанын көреміз. Олай болса, студентке Абылай дәуірін, оның тұлғасын, сыртқы саясат саласындағы қайраткерлігін ғылыми тұрғыдан талдауына, саналықпен түсіне білуіне, оның дипломатиялық қызметі туралы өздігінен ізденулеріне бағыт-бағдар береді.
Үйлесімді, әрі ұтымды пайдаланылған көркем әдебиет оқушының өз халқына, оның тарихи дәстүріне, Отанына деген патриоттық сезімін оятады.
Мысалы, ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күрестің шиеленісуі туралы мәселелерді қарастырғанда, әсіресе Исатай мен Махамбеттің басшылығымен болған 1836-1847 жылға шаруалар көтерілісінің мәнін жеткізуде Махамбет жырларын және Ә. Әлімжановтың " Махамбеттің жебесі ", Т. Әлімқұловтың " Қараой " атты шығармаларынан үзінді пайдалану оқушыларға патриоттық әсер қалдыра отырып, ерлікке деген қызығушылық пен құрмет сезімін оятады.
Ал, 1916 жылғы көтерілісті өткенде, Торғай, Жетісудағы патша жарлығына қарсы көтерілістерді талдай отырып, көтеріліс басшыларына сипаттама жасағанда, оқушы Ұзақ, Жәмеңке, Бекболат, Тоқаш Бокин, Әбдіғаппар, Амангелді, Кейкі сияқты батырлар бейнесімен тарихшының пайымдауы арқылы танысады. Ал енді батырларды жазушы немесе ақын қалай сомдайды? Мінезін қалай ашады?- деген сауал бойынша оқушылар өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, М. Жұмағұловтың " Қыран қазасы қияда " романы, Омар Шипин, Күдері Жолдыбаевтардың " Амангелді батыр " жырлары, Ж. Жабаевтың " Зілді бұйрық ", Иса Дәукебаевтың " Бекболат батыр " жырларымен, Мұхтар Әуезовтың " Қилы заман " повесі және Ж. Аймауытовтың