EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 44

¹ 2( 2) 2015 Ïåäàãîãèêà жастардың қолында. Елдің символдары: Көк байрағы, Әнұраны, Елтаңбасы еліміздің әрбір азаматы үшін қымбат және ешқашан басқа біреудің белден басып, аттап өтуге болмайтын қасиеттері деп санауға тиіс. Отанға қызмет ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орны мен еңбегінен, олардың өшпес өнерінен, ғұламаларымыздың өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған жастарымыздың патриоттық күшімен өлшенеді. Біздің азаматтарымызда бір-біріне деген жанашырлық, дем беру, жақсылыққа қуана білу, бірінбірі бағалау, бір-біріне деген құрмет сезімдері мен ұғымдары барынша мықты болуы шарт. Екінің бірі тумысынан дана, білімпаз ғұлама болмайды, оқудан, тоқудан, үйренуден барып адам өзін-өзі толыққанды етіп тәрбиелейді. Патриоттық сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Ұлттық патриотизм жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп сезінуі, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі және оны қастерлеп қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болуы. Ғалымдар ұлттық патриотизм қанмен, тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет етуі, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп түсіндіреді. Демек ұлттық патриотизм дегеніміз- қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінезқұлық, ал қазақстандық патриотизм дегеніміз- қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болуы.
Жалпы патриоттық сезімнің қай-қайсысының болсын қалыптасуы отбасы тәрбиесінен( бала-бақшадан) бастау алатыны белгілігі. Сондықтан отбасында патриотизмге тәрбиелеу ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, шыққан ататегін білу және сезінуден басталып, халқына сүйіспеншілік, тарихи дәстүрлерді сақтау, одан соң туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік болып, өсе келе мектепте ары қарай дамып қалыптасуына шарт түзілуі тиіс. Баланы патриоттық рухта тәрбиелеудің алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталады. Ал патриоттық сезімдер мен түсінік түйсіктердің жүйелі де мақсаты қалыптасуы тек мектепте жүзеге асады. Сондықтан орта мектептің 1-ден 11-сыныпқа дейінгі бағдарламалары мен оқулықтарының ұлттық және Қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнда болуына көңіл бөлу қажет. Оқулықтардағы берілген мәтіндерді Отан, туған жер, оның байлығы, қазақ халқы, оның мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр туралы материалдарды жүректі тебірентіп, бойға қуаныш құятын сөздермен байытуға болады.
42