Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 2) 2015
Мақала орта мектеп оқушыларына тарих пәнін оқыту барысында патриоттық тәрбие беру мәселелеріне арналған. Автор педагогикалық үрдіс барысында оқушылардың бойына патриоттық сана-сезім ұялату мәселесіне көңіл бөлу қажеттігі туралы ойларымен бөліседі.
Статья посвящена вопросам патриотического воспитания на уроках истории в средней школе. Автор делится своим видением развития воспитательной части педагогического процесса на уроках истории. Статья будет интересна учителям истории средних общеобразовательных школ.
ТОҚТАРОВА АМАНГУЛ ТОҚАНБЕКҚЫЗЫ
Семей қаласының Т. Аманов атындағы № 16 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
The article devotes for the patriotic education in history classes in high school. The author shares his vision about the development of the educational part of pedagogical process in history lessons. This article will be interesting for history teachers in secondary and high schools.
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның келешегі алда, бітірген дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді,
Республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдетғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Бүгінгі таңдағы Қазақстан жағдайында ұлттың патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызын байланысты оқушыларды сабақ барысында отансүйгіштікке, ерлікке, адамдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының сапалы болуын отанға қосқан үлес ретінде қалыптастырудың да өзіндік мәні бар. Осыны әркімнің санасына сіңірген кезде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелейміз. Патриотизм( Отанға деген сүйіспеншілік)- ғасырлар бойы орныққан бөлектену арқылы пайда болған халық сезімі, " Патриот " сөзі( patris- " отан " грек сөзі)- Франция төңкерісі кезінде 1789-1793 жылдары пайда болған. Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш-жігері мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау. Туыпөскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің, әдетғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған. Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, қарт ұрпақтың еңбек және жауапкерлік дәстүріне, бейбітшілікті сақтауға, туған жерін сүйе білуге тәрбиеленеді. Тарих сабақтарында оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеудің мынадай жолдарын ұсынуға болады. халықтың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нақты мысалдармен ашып көрсету. халықтар тағдырының ортақтығына, әдетғұрыптарының, салт-дәстүрлерін ортақтығына назар аудару; көрнекті қайраткерлердің де, қарапайым халық өкілдерінің де тарихтағы, халық алдындағы қызметін, еңбегін көрсету; туған өлке материалдарын тиімді пайдалану;
отаншылдық сияқты тамаша қасиеттерді өркендетуге байланысты мемлекет пен үкімет тарапынан қабылданған құжаттарды пайдалану.
Қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу- аса маңызды міндет. Отан дегеніміз- адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы. Қазақстан жерінің астындағы байлықтың молдығын жеріміздің басқа елдермен салыстырғанда кендігін білгенде шәкірттерде мақтаныш сезімі оянды. Ал отаншылдық сезімдерді тереңдетуге негізгі жүгінетін құралым- карта. Күнделікті сабақта оқушылар бір-біріне картадан сұрақтар қойып, тақтаға шыққан оқушы көрсетіп отырады. Картамен көбірек жұмыс істеу оқушылардың еліміз картасын жақсы білуге, тарихта сөз етілген кез-келген жерді жаңылмай табуына, біліп отыруына көмектеседі. Осының нәтижесінде өз отанын терең білуге құштарлығы, сүйіспеншілігі артады. Бұның өзі қазақстандық патриотизмге тән ізгіліктің бірі деуге болады Еліміздің мемлекеттік белгілері Елтаңба, жалау, әнұран мәнін оқытқанда да суретпен белгіленген ғажайып тарих Отанға деген асқақ сезімді оятады. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелегенде патриоттық тақырыптағы өлең жолдарын оқыту, мақал-мәтелдер айтқызу үлкен роль атқарады. Қай кезеңде болмасын халқымыздан небір ойшыл ғалымдардың, ұлы адамдардың шыққанына көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жанжақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан тарихын оқыту барысында мәдениет мәселелеріне көп көңіл бөлемін. Қазақстанның ежелгі дәуір мәдениетін танып білу арқылы қазіргі қазақ халқының өмірі мен тұрмысы, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып сақталған тамаша дәстүрлерінің терең тамырлары жөнінде оқушы ой түйіндей білуі керек. Осы проблемаларды қалай жүзеге асырамын. Мен " Мәдениет " тақырыбын меңгертуге кірісе отырып, алдыма проблемалы міндеттер қоямын. Ол міндеттер- оқушылардың танып білуге қызығушылығын арттыру, жаңа білім алу жолындағы ізденіске құлшындыру, қазақ деген ұлы халыққа сүйіспеншілігін арттырып, мақтаныш сезімін тудыру.
Біздің Отанымыз- Қазақстан. Ендеше жастарымыз осы мемлекеттің мүддесін қорғайтын патриоттары болуы керек. Отанымыздың ішкі-сыртқы саясатын қорғау
41