¹2 (2) 2015
байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау
жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына
сіңіре білуге тиіспіз" деп атап көрсетті Елбасы. Ендеше,
ел бірлігі - Отанға деген шексіз махаббаттан басталмай
ма? Мен баршаңызды Отанымызды Елбасындай сүюге
шақырамын.
Әр тармағы тарам-тарам ойға жетелейтін бұл
жолдаудың жолы болсын деп тілейміз! Бәрімізге нұрын
шашқан құтты жол болғай!
4-бөлім.Оқушылармен пікіралмасу (18 мин)
Мұғалім сөзі:
- Құрметті оқушылар, Елбасының "Нұрлы жол -
болашаққа бастар жол" атты жолдауынан алған
әсерлеріңмен бөлісе отырсаңыздар.
Оралова Әсем:
Осы уақытқа дейін Экспортқа шығарылатын шикізат
туралы және ЭКСПО-2017- нің маңыздылығы мені
ойландырып келген еді. "Елбасы жолдауы арқылы оның
қажеттілігіне көзім жетті. Қазақстан, әлемдік
экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның
эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде,
барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді" деп
жолдауда көрсетілсе де, мен енді Қазақстанның бұл
жолдан қиналмай шығарына сенімдімін.
Турсунханова Гүлнұр:
Менің мамандығым болашақ тәрбиеші болғандықтан,
мен өз мамандығымды бизнес саласымен ұштастырғым
келеді. Яғни, болашақта балабақшалар ашқым келеді.
Осы тұрғыдан алғанда, шағын және орта бизнесті қолдау
және балабақша салу қажеттілігіне көңіл бөлінуі маған
әсерлі болды.
40
Ïåäàãîãèêà
Нугумарова Зарина:
Елбасының сегіз қырлы азамат екенін біз білеміз. Ал,
бүгін мен Елбасы жолдауын оқи отырып, оның жазылу
ерекшелігіне таң қалдым. Сөйлемнің құрылымы, сөз
саптау, терең ойды қарапайым, түсінікті, әдеби тілмен
жеткізе білуі - Елбасының кәнігі тіл маманы екенін
дәлелдегендей болды.
Оразаева Данара:
Ал,
мен
ерекше
тебіреністе
отырмын.
Қазақстанымызды Мәңгілік Ел қыламыз десек, оған
жалпы ұлт болып ат салысуымыз керек деп есептеймін.
Өзіндік үлес қосқанымыз абзал. Елбасы да жастарға
үлкен сенім артатындығын білдірді емес пе? Ендеше,
осы сенімді ақтауға тиіспіз.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Құрметті оқушылар, бұл саяси-танымдық сынып
сағатын өткізудегі мақсатым - Елбасының "Нұрлы жол
- болашаққа бастар жол" атты Жолдауы арқылы
сендердің бойларыңдағы Отанға деген сүйіспеншілік
сезімді еселей түсу еді. Жүректеріңіздегі еліміз бен
жерімізге деген махаббатты жолдау арқылы жол тауып,
ояту еді. Бұл мақсатымның орындалғанына кәміл
сенімдімін. Сынып сағатын мына бір өлең жолымен
аяқтасам деймін:
Айт, маған Абыз Елім ендігіңді
Теңіздей тебіренейін желді күнгі.
О, елім, тарт алдыға Нұрлы жолмен,
Тартайын мен де батыл белдігімді!!!
Сынып сағаты "Елім менің" әнімен, хормен
аяқталынады.
Сөзі: Н.Назарбаев. Әні: Б. Тілеуханов.