Ïåäàãîãèêà
Қыран мінез, Тау көңілді көкбері ек
Қаратпадық қанша жауды бетпе-бет.
Осы күнге дейін қанша тағдырды
Туған елім, ту ап кешіп өткен ек!
Туған елім - тұтас орман жан-жағым
Сол орманға сан жоқ кірген жолдарым.
Өзің үшін өмірлерін жоғалтқан,
О,қаншама батырың мен хандарың!
2-оқушы:
О, Арқам, ғасырларды арқалаған
Есілім - ерке бұрым алты ораған!
Армысың, ақ дидарлы төр Астана,
Осынша ұрпағына ортақ Ордам!
Бәйтерек - ертегідей тез көктеген
Өңін еш өткешекте өзгертпеген.
Туған ел тулап аққан тірлігің -ай,
Серпін бар сеніміңде сөз жетпеген.
3-оқушы:
Қарашы, қадамыма қарыштаған
Ел аз шығар еңсеммен таныспаған.
Ертең жұрт Экспоға жиналады,
Жаңа құсын көрсетіп әлі ұшпаған.
4-оқушы:
"Нұрлы жол" - нар көңілді тың бастама,
Үлгі боп үлкен оймен тұрды Астана.
Әл жинап әр шаңырақ белін буды,
"Жасыл ел"- жаңа тұлға, бір жас бала.
5-оқушы:
Саммиттер сап түзеді саласымен
Ассамблея - шақырды даласы кең.
Діннің де бірлестігін бейбіт шешіп,
Кеңесті інісімен, ағасымен.
6- оқушы:
О,Тәуба, келеміз нұр биікті асып
Тағдыр да тұрар аздап тиіп-қашып.
Бірлігін туған елдің биіктетті,
Қала мен ауыл бүгін иықтасып!
Тұр өстіп, текті ұрпақты ашық ғалам
Ғұмырлы топырағың ғой жасытпаған.
Өз ұлың өзегінен тепсең кетпес,
Дәл мендей болса екен-ау ғашық балаң.
7-оқушы:
Көтер енді дүниемді көктемгі
Ерлік күннен есте қалды көп белгі.
О, Астанам, желбіреген көк Туы,
Мәңгілік Ел болар шағың жетті енді!
(Айжарық Абылқасымов)
3-бөлім.
"Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің нұрлы жолы
- Елбасы жолдауы"
Жоспар:
1. "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" жолдауындағы
негізгі саяси бағыттар.
2. Елбасы жолдауы арқылы патриоттық тәрбие берудің
жолдары.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 9
қарашада Қазақстан халқына арналған жолдауы -
баршамызға жаңа серпіліс берді. Жаңа жылға - жаңа
күшпен аттанып барамыз...
Жолдау - еліміздің даму перспективаларына жасалған
жаңа саяси бағыт. Өткенімізді өлшеп, келешегімізді
кемелдеуге көмектесер, адастырмас тарихи құжат деп
білеміз.
¹2 (2) 2015
Мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың,
азаматтық қ оғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің,
өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық
беделіміздің жыл санап артуы - әрине, Елбасымыздың
сындарлы саясатының нәтижесі. Біздің әлемге танылған
тәуелсіз Қазақстанымыз - мұнымен тоқталмақ емес. Оған
Елбасымыздың контрциклды сипатқа ие болған,
экономикамыздағы құрылымдық реформаларды
жалғастыратын "Нұрлы Жол" жаңа Экономикалық
Саясатқа бағытталған жолдауы кепіл. Бұл жолдауды да
Қазақстан халқы жылы қабылдады, жоғары баға берді.
Біз де құптай отыра тыңдадық. Әсіресе, шағын және орта
бизнесті қолдау, тұрғын үй, балабақша мәселелері -
ЭКСПО-2017 көрмесіне даярлық - мемлекет өркендеуінің
өзекті жолы. Инфрақұрылымды дамыту туралы: "Жол -
шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі.
Барлық аймақтар темір жолмен, тасжолмен, әуе
жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада
тоғысқан тоғыз жолдың торабы Елорданың жасампаздық
рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс" деген
Елбасы сөзі - ел әлеуетін арттырудың негізгі бағыты,
болашақта атқарылар істің жаңаша бағдары.
Жаңа жолдауды оқи отырып, жаңаша ойға қалдық.
Түрлі бағыттағы перспективаның айқындылығына көз
жеткіздік. Ел ертеңіне деген сеніміміз артты. Елбасымыз
осы жолдауы арқылы өз мемлектін шексіз сүйетін халық
перзенті екенін тағы бір дәлелдеді. Жолдаудың әр жолы
бізді пайымды ойға, терең философияға, қажырлы
еңбекке, тың серпіліске ерекше сезіммен шақырды. Бұл
- патриоттық сезім емей не? "2015 жыл - ұлттық
тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау
тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының
550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен
Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70
жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа
Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде
айрықша рөлге ие" деп атап көрсетілді жолдауда.
Тәуелсіздік туын желбірету - біз үшін оңайға түскен жоқ.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған осы күнді біз - 550
жыл күттік. Қан төгілді, жан шықты, жас ақты. Ер бел
шешіп ұйықтамады, қаншама хандарымыз бен
абыздарымыз елім деп еңіреді. Оған тарих куә, қазақ
елі куә... Біз - егеменді елдің жастарымыз. Елбасы бізге
үлкен сенім артып отыр. Елдігімізді ертеңге алып бару,
көк туымызды мәңгілік желбірету - ұрпақ міндеті. Бұл -
бабалар аманаты, Елбасы аманаты. ""Мәңгілік Ел"
идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13
ғасыр бұрын Тоныкөк абыз "Tүркі жұртының мұраты -
Мәңгілік Ел" деп өсиет қалдырған. Бұл біздің
жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры
сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді" деп
көрсетілді жолдауда.
"Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан
таусылмас
қуат
көзі.
Ол
"Қазақстан-2050"
Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан
мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа
Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел!
Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы
құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі
бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім
де "Мәңгілік Ел" деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны
қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді
қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп,
табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың
жұмысының түпкі мәні - осы! Жолдаудағы осы жолдарды
тебіренбей оқып көріңіз. Ұлтым деп соққан шексіз
махаббатты жүректің лүпілі ғой бұл.
Құрметті оқушылар, жоғарыда келтірілген Елбасы
жолдауындағы үзінділер - біздің бойымыздағы Отанға,
ел ге, жерге деген махаббатымызды еселей түсеріне
сенімдімін. "Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың
кілті. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты
39