ОҚУШЫЛАРҒА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ " НҰРЛЫ ЖОЛ- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ " ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
¹ 2( 2) 2015 Ïåäàãîãèêà
ГӘККУ АЙЖАРЫҚҚЫЗЫ
М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Берілген әдістемелік жұмыс- оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы " Нұрлы жол- болашаққа бастар жол " Қазақстан халқына Жолдауын оқытуға арналған тәрбие сағатының тәжірибелік үлгісі ретінде ұсынылған. Ұсынылып отырған тәрбие сағаты оқушыларға патриоттық беруге және олардың қоғамдық-саяси дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Сабақ жоспары орта мектеп мұғалімдеріне, арнайы орта оқу орындарының оқытушыларына арналады.
Данная методическая работа представляет собой пример разработки классного часа, посвященного изучению Послания Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана " Нұрлы жол- путь в будущее " от 11 ноября 2014 года. Классный час направлен на патриотическое воспитание учащихся и развитие их общественнополитического кругозора. Разработка урока будет интересна учителям средних школ и преподавателям средне-специальных учебных заведений.
This methodological work is an example of the design of the lesson devoted to the study of the Address of President of the Republic of Kazakhstan N. Nazarbayev to the people of Kazakhstan " Nyrly Zhol- The Path to the Future " on November 11, 2014. This lesson aimed at patriotic education of students and the development of their social and political outlook. The design of lesson will be interesting to the teachers of the secondary school and teachers of specialized educational institutions.
ОҚУШЫЛАРҒА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ " НҰРЛЫ ЖОЛ- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ " ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Саяси-танымдық сынып сағаты. Мақсаты: 1. Елбасының " Нұрлы жол- болашаққа бастар жол " атты Қазақстан халқына арналған жолдауын оқушыларға таныстыру, саяси, танымдық түсініктерін қалыптастыру;
2. Мемлекет бағдарына сәйкес оқушы бағытын жолдау арқылы айқындау.
3. Алдағы келе жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойлары, Экспо-2017 көрмесі, Астана қаласы көркеюінің Елбасы жолдауымен тығыз байланыстылығын түсіндіру; 4. Жолдау арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру; 5. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын бағалауға баулу; Көрнекіліктер: Видеороликтер, презентациялар, газет-журналдар, жолдау мәтіні. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі( 2 мин) 1-бөлім. " Бабалар тілегі " Сахналанған көрініс( 5 мин). 2-бөлім. Әдеби монтаж( 5 мин). 3-бөлім. " Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің нұрлы жолы- Елбасы жолдауы " атты баяндама( 7мин) 4-бөлім. Оқушылармен пікіралмасу( 18 мин) Қорытындылау( 3мин). 1 бөлім: Театрландырылған көрініс " Ұлы дала " Қараңғылық. Күңіренген қобыз дауысы. Сахнада ерсілі-қарсылы аппақ киімді, аппақ таяғы бар абыз жүреді. Жарық сол абызға түсіп тұрады.( Абыз- қазақ елінің атасы, тәуелсіздікті, жеке ел болуды қалаған бабаларымыздың жиынтық образы). Абыздың сөзі: Жүз нарға кілем жаптырып, Қазақтың сәнін арттырып, Ұзатып алсам сәнменен, Көңілімді хош таптырып, Бала берсе тезінен, Пірлердің бітсе демінен,
Шілтеннің тиіп шылауы, Артылып туса өзімнен! Кеуде бір жерді жол қылсам, Шөлең бір жерді көл қылсам. Құрап жанды көп жиып, Өз алдына ел қылсам!( Қазтуған, Доспамбет жыраулардан алынды). Сахнаға бір жас жігіт жүгіріп шығады:- Ассалаумағалейкум, ата! Абыз-ата:- Уағалейкүміссалам балам! Аманбысыңдар, ұрпақтарым!.. Жас жігіт:- Аманбыз. Ғасыр шарлап келе жатқан дауыстарыңыз тағы да естілгендей болды ма? Абыз-ата, тас жастанып, мұз жамылған тарихтың қанды парағы дәл бүгінгідей көз алдымызда. Өмірден қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған күн туар ма деп өтіп едіңіздер. Ол күн де- міне, ұрпақтарыңыздың басына туды. Ұлы баба, Қазақ деген аттың әлемді шарлағанына да 550 жыл толыпты. Ата, жүріңіз мен сізге бүгінгі гүлденген Отанымды, тәуелсіз Қазақстанымды көрсетейін! Абыз-ата:- Білем, шырақтарым, білем. Бәрін де сезем. Анау құздар мен шыңдардың, тау мен тастардың, өзендер мен көлдердің үстінен өздеріңнен көз айырмай қарап отырам. Разымын, разымын, қарақтарым. Жасай беріңдер, мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтары!... Жас жігіт:- Абыз ата, кетпеңіз, кетпеңіз.... Кетпеңіз ата... Осы кезде жарық жарқ етіп жанып, сахна пердесі көтеріледі. Арт жақтан Гүлденген Қазақстан туралы видеоролик, алдында әдеби монтажға қатысатын балалар тұрады. 2-бөлім. Әдеби монтаж. 1-оқушы: Басталатын орта белден Ор жақтан Керей ханнан ашылады әр қақпам. Жәнібектің ордасында от жағып, Бабаларым басын қосқан жан-жақтан.
38