EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 32

¹ 2( 2) 2015
сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы( абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нөлдік қажет. Осы мақсатқа негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі- Т. Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген " Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках " атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және қазақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын мақал-мәтелдерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық. Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn( сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath( с. с. а.: Жұмсақ( жылы) жауап ашуды қайтарады) т. б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі. Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right( с. с. а.: Әрқашан тұтынушыныкі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі " Сэлфриджезді "( Selfridge ' s) ашқан Г. Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде " Тһе сustоmег іs аlways гіgһt ", яғни " әрқашан тұтынушынікі дұрыс " деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданысқа енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы " авторлы " тіркестердің мол қоры бар.
Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды көркемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ мақал-мәтелдерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға( би, шешен, ақылғөй, дана қариялар т. б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын мақал-мәтелдерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады./ 1 / Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус( Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.
" Тһеге іs а timе оf еvегуthing( с. с. а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен. Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегу thing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvеrу рrроsе under tһе һеаvеn ".( с. с. а.: Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген./ 9 /
LINGUISTICS
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.
Мысалы, " Таке саrе оf реnсе аnd the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs "( с. с. а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан. Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауарайына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын " Маnnеrs таке the тап ", Маnnеrs таке thе man "( с. с. а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, Good mannеss таке the а man. Адамды адам ететін оның әдептілігі); If yоu sit bу worthier man thаn thуsеlf аrt оnе, Suffеr hіm fіrst tо tоuсһ thе теаt( с. с. а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, ягаи соған қарап ас іш) т. б.
" Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас " деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және казақ тілдеріңде наным-сенімге байланысты макалмәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі " Gоd hеlрs thоsе W HO hеlр thеmself "( с. с. а.: Өзіне өзі көмектескендерге құдай да жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған " Геракл және күймеші " атты Эзоптың( Аезор) аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпақка батып түрып калған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шандырады. Адамның бұл қылығына катты ашуланған Геракл: " күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де, өгізінді алға айда " дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж. Барэт( Jоһn Вагеі) " Аn Аtуеагіе "( 1580) атты еңбегінде: " Gоd helps thоsе іn tһеіг аnаіге, which aге іndustrious "( с. с. а.: Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт( G. Herbert) " Jасulа Рtudеntum " деген шығармасында " Неlр tһуsеlf, аnd Gоt will һеlр tһее "( с. с. а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда сондай да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие " Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf " мақалы алғаш рет 1736 жылы Б. Франклиннің( В. Frаnкlіn) " Рооr Rісһагd ' s Аlmаnаск " атта еңбегінде қолданылды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты
30