LINGUISTICS ¹ 2( 2) 2015
ТАШИМОВА АЙНУР АЗАТХАНОВНА
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, магистрант
Мақала мақал-мәтелдерді бір тілден екінші тілге аударудың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Зерттеу объектісі ретінде автор ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдерді қарастырады. Ол мақалмәтелдердің семантикалық мән-мағыналарын салғастыра отырып, бір тілден екінші тілге түпкі мағынасы мен айтар ойын сақтай отырып аударуға қатысты өз ұсыныстарын білдіреді.
Статья посвящена вопросам перевода пословиц и поговорок с одного языка на другой. Объектами исследования автора выступают пословицы и поговорки английского и казахского языков. Автор сопоставляет семантические значения пословиц на двух языках и выдвигает свои предложения по эффективному переводу пословиц и поговорок одного языка на другой с сохранением их значений и идейного посыла.
The article deals with the translation of proverbs and sayings from one language to another. The objects of the author ' s study are proverbs in English and Kazakh languages. The author compares the semantic value of proverbs in two languages, and puts forward her proposals for efficient translation of proverbs and sayings one language to another while maintaining their values and ideological promise.
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ
АУДАРЫЛУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. Мақал-мәтелдер- халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы. Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.
Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы " Book of Proverbs in the Old Testament " атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым
Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы " Collectanea "( 818 MM), 1508 жылы Венецияда " Chiliades "( 3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты. Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд( John Heywood) өзінің алғашқы " A Dialogue Containing the Numberin Effect of all the Proverbs in the English Tongue " атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондайақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақалмәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe " Bibliotheca Scholastica Instructissimaor, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes ", 1639 жылы пастор Дж. Клардың( JohnClarke) " Paroemiologia Anglo-Latina ", 1640 жылы Дж. Хербергтің " Outlandish Proverbs ", 1659 жылы Дж. Хауэльдің " Proverbs ", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің ' English Proverbs " атты еңбектері жарық көрді.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер " клише " деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С. И. Вяльцеваның ағылшын мақалмәтелдерін стильдік, ал Э. Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А. В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің " Курс английского языка ", " Курс фразеологии современного английского языка " тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен " Англо-русский фразеологический словарь " сөздігі т. б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мәнмазмұнының тереңдігін айқын көрсететін тұстардың бірі- аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы
29