EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 30

¹ 2( 2) 2015
соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады.
Жыл өткен сайын біз соғыс тақырыбынан алшақтағандай болғанымен де, әлі де отандық тарихшыларымыз осы тақырыпты әр қырынан зерттеп, халық зердесінде сақтау ісімен айналысуда. Хельсинки қаласына іссапармен барып қайтқан Байланыс және ақпарат агенттігі Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Ғазиза Исахан Фин соғысына қатысып, тұтқынға түскен қазақстандық 27 боздақтың құжаты елге қайтарып әкелді. Осылардың ішінде біздің атамыздың майдандас жауынгерлері де бар шығар...
" Жүз күннің қайғысын, бір күннің қуанышы жуады "- деген халық даналығы ажал тырнағынан аман қалған Есетай соғыс аяқталысымен Кавказ әскери оқругіне жіберілген 101 атқыштар полкінің 4- дивизиясының сабында Понти қаласына тұрақтайды. 1940 жылдың қыркүйек айында кіші командирлерді Киев әскери округіне қарасты Обручи станциясына Совет Армиясына кіші лейтенат даярлайтын мектепке жіберіледі. Ашаршылықты көрмесең, Ас қадырын білмейсің. Жаяушылықты көрмесең, Ат қадірін білмейсің- деген халық даналығы бар. Әскерге алынған үш жылдың ішінде Есетай атамыз әу баста Түркістанның ең шеті нүктесі Кушкаға түссе, одан Ленинград әскери округі Чуд ауданындағы Силищенскідегі полктік мектеп, Новгородтағы кіші лейтенанттар курсы, одан қайта Силищенск казармасындағы әскери қызмет, 11 айдан соң совет-фин соғысы, соғыстан соң Кавказ, енді міне Украина топырағы қатаң әскери режим мен ұзақ жолдағы суық вагондардағы сенделіс денсаулығына кесірін тигізгендіктен, 1 айдан соң 1940 жылдың қазан айында кіші лейтенат даярлайтын мектепті аяқтамастан, ұзақ мерзімді демалысқа жіберіледі. " Науалы- екі өзеннің ортасында, Жазылған Жер шарының картасында. Қыры- мал, ойы егін, суы балық, Алланың жаратушы арқасында. Қусақтан құлдай соқса бір қоңыр жел, Ішіңнен тарқайтындай қайғы мен шер. Желбіреп көкжелегі, тал-терегі Жаратқан Құдай артық не деген жер. Данабек Байсалханов Отанын қорғап, 1940 жылдың қараша айында аман есен еліне оралып, бейбіт өмірге белсенді араласты. " Елтай " колхозына бастық болып тағайындалысымен бел шешіп, іске кіріскенімен де мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болған фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. 204- дивизия Қиыр Шығыста Ұлы Отан соғысының өрті қаулап тұрған шақта 1941 жылдың 27 маусымында құрылған. Дивизияның құрамына енгізілген 700, 706 және 730 атқыштар полк, 657 артиллериялық полк, 193 дербес истребитель-танкіге қарсы дивизион, 166 зениттік автотранспорттық ротасы, 306 барлау ротасы, 372 саперлық батальоны, 583 дербес байланыс батальоны, 358 медико-санитарлық батальон, 194 химқорғану дербес ротасы, 514 автотранспорттық рота, 356 далалық нан пісіретін, 833 дивизиялық ветеринарлық лазарет, 1487 далалық почта станциясы, 921 Госбанктың далалық кассасы бөліміндегі жауынгерлерді сегіз ай көлемінде майдан өміріне сәйкестендірілген жағдайда әскери және саяси дайындықтан өткізді. Батыстағы майданнан алшақ орналасқан Қиыр Шығыстағы шекара бойында Маньчжурия мен Корея жағынан кез келген
Òàðèõ
оңтайлы сәтте КСРО шекарасын бұзуға ниеттенген бақайшағына дейін қаруланған Квантун армиясы шикізатқа бай ұлан байтақ Сібір жерін басып алу үшін әскерін миллионнан астам жауынгерін шоғырландырған болатын. Қиыр Шығыс майданының жауынгерлері мен Тынық мұхит флоты және Қызыл Жалаулы Амур әскери флотилиясының теңізшілері күнделікті еліміздің Қиыр Шығыстағы шекараны күзете жүріп бірмезетте әскери дайындықты да тоқтатқан жоқ. Гитлершіл герман әскерімен қоян қолтық айқасқа түсер сәтке тыңғылықты дайындалды. Әскери операциялар кезінде әр түрлі әскери бөлімшелердің өзара бірлесіп соғысу тактикасына машықтанды. Міне аталмыш 204- дивизияның 706 атқыштар полкінің сапында Есетай атамыз өзінің әскери қызметін бастаған болатын. Сол бір ел басына күн туған қиын қыстау күндерде жалын жамылып от кешкен, жүрегі жұртым деп соғып, тар кезеңде туған еліне пана бола білген біздің аталарымыз қан майданға аттанды. Соғысқа аттанған жерлестеріміз майданның барлық бөліктерінде де көзге түсе білді. 1942 жылы қыс айларында Ұлы Отан соғысының аса ірі шайқасы Волга бойы және Кавказ үшін ұрыстар жүріп жатты. Соғыс барысында Сталинград шайқасының бетбұрыс әкелгені баршамызға аян, бұл ұрыстарда да біздің жерлестеріміз ерекше батырлық, жүректілік, батылдық танытты. Ұрыстарда көрсеткен ерліктері үшін Есетай атам " Боевое красное знамия ", " Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі " және т. б. медальдарымен марапатталды. Неміс-фашистеріне Сталинград түбінде берілген соққы, олардың ұрыс тізгінін қолынан шығарып қана қоймай, жеңіске деген үміттерін де үзді. Қазақ халқында мынадай сөз бар: " Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді "- дегендей, батыр атамыздың Совет- фин соғысы мен 1941-1942 жылдарында ысқырған ажал оғы мен ызғарлы окопта қаруы мен қаламын қатар ұстап, соғыс туралы орыс тілінде жазылған қойын күнделігі Сталинградтың мұражайында сақталған. Өкінішке орай Сталинград шайқасында Есетай ата 1942 жылдың тамыз айында аяғынан жараланып, ұзақ айлар бойына әскери госпитальдің төсегіне таңылады. Тек 1943 жылы әскер қатарынан босатылып, елге орала салысымен-ақ жарасына қарамастан еңбек майданына кірісіп кетті. Соғыстан оралғаннан кейін батыр атамыз қаруын ел тізгінін қолына алып тыл майданына айырбастағанын білеміз. Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласы мен тыл бірбірінен ажырағысыз бір тұтас жауапкершілік лагеріне айналды. Қазақстан майданды қару-жарақпен, оқдәрімен, азық-түлікпен жеңіс үшін қажетті нәрсенің бәрімен қамтамасыз етті. Замандастарының арасында шоқтығы биік, ақыл парасатымен ұстамдылығы мен еңбекқор табандылығымен танылған Есетай атамызды Ақжарда " Ынталы кедей " шаруашылығының бастығы болып тағайындалды. " Жаралының мұңын жаралы білер, қайғының мұңын қазалы білер "- дегендей. Майданның алдыңғы шебінде ажал оғының астында жүргенде де, азаматтары соғысқа кетіп, жас бала мен қам көңілді қариялар мен жаралы жарлы көңілмен қалған әйелдерді білгірлікпен басқара отырып, қан майданға қажетті азық түлік пен жылы киімді әзірлеу, шаруашылықтағы мал жанды аман сақтау, егістіктің жай күйін ақсатпай өзіндік жауапкерлігін, азаматтық борышына, отанының алдындағы перзенттік парызын абыроймен орындады.
" Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін " деген тілекпен еңбек еткен қаншама әзиз аналар, асыл жарлар мен елдің береке бірлігі мен білікті басшылық нәтижесінде қан майдан мен тыл майданындағы бірлескен жанқиярлық ерлік жеңістің таңына жеткізді.
28