EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 29

Òàðèõ қайтадан Селищенск к азармасына оралады. Сол жылдың қыркүйек айында атамыз тіркелген полк Эстония шек арасына жіберіледі. Дегенмен де бірнеше командирлер мен жауынгерлер Селищенск к азармасында қалдырылып, осы жерде І - запас бригадасының құрамындағы Есетай жаңа құрылған запастағы атқыштар полкінде әскери борышын өтеуін жалғастырады. Бригаданың штабы Ленинград қаласындағы "Бірінші Петр" бекінісінде орналасады. Фашизм мен халықаралық саясаттың шиеленісіп, сыртқы саясатта жас мемлекеттің қордаланған мәселелері қарапайым қазақ жігітінің тағдырында да орын алды. Әскери борышын орындап жүрген Есетай атамыз Қызыл Армия құрамында 1939-1940 жылдары Совет- Финляндия арасындағы соғысқа қатысты. Осы соғысқа қатынасқаны жөніндегі өзінің естеліктерінде былай деп жазады: - 1940 жылдың наурыз айының басында Кореля мойнағындағы Терриока ауданындағы (қазіргі атауы Зеленный город) 101-атқыштар полкінің 4-дивизиясының құрамын толықтыру үшін мен қызмет еткен Запас полкінің командирлері мен жауынгерлері совет - фин соғысы науқанына араласып кеттік. Біздің дивизия фин армиясының Выборг қаласын бағытындағы шоғырландырған күшімен шайқастық. Ер атамыз басқада жігіттермен бірге өмірінде бірінші рет етігімен су кешіп, от басқан, сұр шинельді төсек етіп, ақ қарды жастанып, көк мұз төсендіп жаумен шайқасты. Жалпы Карелияны мекендеген ең бірінші тұрғындар финдіктер болған. Ал 13-ші ғасырдың басынан бастап, Ресей мен Швеция бұл аймақта үздіксіз соғыс жүргізіп келді. Сөйтіп 1808-1809 жылдарғы соғыс нәтижесінде Ресей Швециядан Финляндияны жеңіп алды. Бұдан соң Финляндияға өз үкіметі мен өз парламенті бар автономиялық ұлы герцог аймағы деген мәртебе берілді. Ал 1812 жылы батыс Карелия немесе сол кездегі атауымен "ескі Финляндия" Финляндияның қалған бөлігіне қосылды. 1917 жылы 17 желтоқсанда Финляндия өзінің тәуелсіздігі мен бейтараптығын жариялады. Советтік Ресеймен жасалған 1920 жылғы Тарту Бейбіт келіссөзі Финляндияның, басқаша айтсақ, батыс аймақтағы немесе Финдік Карелиядағы Финдік басқару шекарасын заңды түрде бекітті. 1932 жылы Совет одағы мен Финляндия Тарту Бейбіт келіссөзінде көрсетілген шекара сызықтарын сақтап, оған шабуылдар жасамау жөнінде екіжақты келісімдерге келді. Алайда 1939 жылдың тамыз айындағы Молотов - Роббентроп келісімі бойынша, Финляндия Совет одағының ықпалына өтуі тиіс болды. Кейінірек сол жылдың өзінде-ақ Совет одағы Финляндияның басқа жерлерін өзіне қосып алу мақсатында оның территориясына басып кірді. Басталған соғысқа 4 миллион халқы бар Финляндия жағынан: 16 атқыштар дивизиялары мен резерв құрамалары, 900 артиллерия қондырғылары, 270 әскери ұшақтар және 29 кеме қатысты. Ең басынан бастап -ақ фин жағы қорғаныс тактикасын пайдаланды. Соғыс барысында Финляндияға 13 мемлекет көмектесті. Әсіресе Англия, АҚШ, Франция, Швеция фин әскерін қару жарақпен қамтамасыз етті. Финляндия өзінің одақтастарынан: 350 самолет, әртүрлі калибрлі 1,5 мың артиллериялық қару, 6 мың пулеметтер, 100 мың винтовкалар, 2,5 млн. артснарядтар, 160 млн. патрондар алды. Қаржылай көмектің 90% АҚШ-тан, қалғаны - Франция мен Скандинавия елдерінен түсіп отырды. 160 миллионнан астам халқы бар Кеңестер Одағы жағынан бұл соғысқа 52 атқыштар және кавалерия дивизиялары және арнайы құрылған қосымша құрамалар қатысты. Қызыл Армия соғыста: 11мың зеңбіректер мен минометтер, үш мыңға жуық танкілер, 3 мыңнан астам әскери ұшақтар пайдаланды. Осыған қоса кеңес әскерлері де орасан зор қару-жарақ, жанармай қоры, мотоландырған көлік, әр түрлі байланыс құралдары болды. ¹2 (2) 2015 Фин компаниясын 2-3 аптада аяқтауға жоспарлаған КСРО Бас Штабының жоспары іске аспай қалды. Кеңестік әскери теория мен оқу уставтары жоғары деңгейде болса да, олар Финляндияның территория- сының ерекшелігіне жарамай қалды, көбінесе ашық жерде соғысқа үйретілген Қызыл Армия орманды алқаптардағы соғыстарға өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Орманды алқап, қалың қар, -35-40 градустағы аяз, жолдың жоқтығы, финдер сияқты арнайы дайындалған шаңғы жауынгерлер, тіпті қарапайым шағын және икемді қысқы әскери киімнің болмауы майдан даласындағы жауынгерлердің жанқиярлық ерлігіне қарамастан тез аяқталатын "Фин" науқаны созыла түсті. Соғыс жүріп жатса да оны тоқтатуға әр түрлі қадамдар жасалды. Фин тарапынан болған ұсыныстарды қабылдамай, соғыстың І кезеңіндегі сәтсіздіктерді есептей отырып және келіссөздер уақытын ұтымды пайдаланған КСРО басшылары 11-ақпанда Қызыл Армияға жаңа шабуыл бастауға бұйрық береді. Селищенск казармасында І- запас бригадасына қалдырылған Есетай өзінің қарулас жауынгерлерімен бірге 101-атқыштар полкінің 4-дивизиясының құрамын толықтыру үшін майданға араластырылды. Қосымша дайындықтан өткен Қызыл Армия жаппай шабуыл жүргізе отырып, финдердің негізгі позицияларынан ығыстырып, шегінуге мәжбүр етті. Осыдан кейінгі шабуылда Қызыл армия Фин бұғазынан өтіп, финдердің Выборг қорғанысын айналып өтіп, Выборг қаласына шабуыл жасап, оны 11-наурызда алады. Жоғарыда атамыздың естелігінде аталғандай Выборг қаласының бағытындағы майдан шебінде ұрыстарға қатысқандығы жазылған. 1940 жылдың 12-наурызында Мәскеуде Кеңес Одағы мен Финляндия арасында бейбіт шартқа қол қойылды. Оның баптары бойынша Финляндия КСРО-ға қарсы коалицияға қатыспайтын болды, сонымен қатар Корел мойнағында ш екара Ленинградтан 150 шақырымға алыстатылды, оған қоса Мурманск, Мурманск темір жолы және Петрозаводскідегі шекара финдер жағына жылжытылды. Шарттың негізінде Финляндия Фин бұғазындағы бірнеше аралдар мен Рыбачий түбегін, Баренц теңізіндегі Средний түбегін беруге мәжбүр болды. Сонымен қатар фин жағы Ханко түбегін Кеңес Одағына 30 жылға жалға берді. Бұл жерлердің барлық көлемі 40 мың шаршы шақырымдай еді. Совет одағына берілген аймақтағы 420 мыңдай адам Финляндияның басқа жерлеріне күштеп көшіріліп жіберілді. Қазірде осы жерлер Ресейдің құрамындағы Карелия республикасының бір бөлігін құрайды. Осылайша 3 жарым айға созылған ақ қар, көк мұзда соғысқан жауынгерлердің қаны тарихта "Қысқы соғыс" деген атпен қалды. Осы 1939-1940 жылдардағы "Қысқы соғыс" екі жаққа да ауыр зардап пен көптеген адам шығынына әкелген болатын. 105 күнге созылған соғыста Қызыл Армияның шығыны орасан зор болды, оның ішінде 72 408 адам қаза тауып, 17 500 жауынгер хабарсыз кетті, 20 мыңға жуығы тұтқынға түсіп, 265 мыңы жараланып, контузия алған, үсігендер мен ауруға ұшырағандар. Соның 172 203 адамы қайтадан қатарға қосылды. Әскери техника жағынан Қызыл Армия 640 ұшақ пен 2,5 мың танк және т.б. қару жарағынан айырылды. Финляндия өзінің 19 571 адамынан айрылды, 43357 адам жараланып, 4161 жауынгері хабарсыз кетті. Көптеген кеңес және қазіргі орыс тарихшылары "даңқты соғыс" емес, "тарихи маңызы жоқ" соғыс деп көрсетуге тырысады, өйткені бұл соғыста мақтаулы Қызыл Армия азғантай армиясы бар Финляндия мен 3,5 ай соғысып өзінің осал тұстарын көрсетіп алды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және 27