EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 28

¹ 2( 2) 2015 Òàðèõ
т. ғ. к., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры
26
МҰҚАТАЕВА ЗӘУРЕ ҚАДЫРБАЙҚЫЗЫ
Адамзат тарихында бұрын-сонды болмаған зұлмат Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл болды. Бірақ сол қара жылдардың жаңғырығы әлі күнге дейін естіледі. Себебі ІІ дүние жүзілік соғысқа әлем халықтарының 80 пайызы қатысқан майдан батареясына 61 мемлекет тартылды. 40 елдің жері соғыс өртіне шарпылды. 110 миллион адам қолына қару алды. Ұлы Отан Соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Ресми мәліметке сүйенсек Жеңіс күніне тек олардың жартысына жуығының ғана аман жеткенін айтады. Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһар мандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһарм а н д а р ы н ы ң өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді. Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі- менің атам Сыдықов Есетай Сыдықұлы. Ауылдастарымыз Есетай атамыздың есімін естігенде біріншіден майдангер, екіншіден ауылымыздың ардақты қариясы ретінде құрметтесе, мен атамның " Естеліктері мен келер ұрпаққа аманатын " оқып шыққан соң, қолыма қалам алып 90 жасқа жетіп, екі соғыс пен " халық жауы " деген айдармен шерменде болған шежірелі де, өнегелі және қасіретті тағдыры жайлы жазуды өзімнің парызым деп санадым. Батыр атамыз І дүние жүзілік соғыс қызған шақта 1914 жылдың қазан айында дүние есігін ашқан. Балғын балалықтың қайғы уайымсыз шағы осы заман балаларының еншісіне жазылмаған еді. Аласапыран заман кезінде ел ішіндегі тұрақсыздықтан қазақтардың жартысы арғы бетке( Қытайға) қашса, жартысы жаңа үкіметтің заңына мойынсынып жаңа тәртіп, жаңа өмір құрылысына кірісті.
Мақалада Сыдықов Есетай Сыдықұлы жайында естеліктер жазылған. Есетай Сыдықұлының өмірі Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы тарихи оқиғалар желісімен байланыстырыла отырып жазылған. Мақала өңір тарихына қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналады.
Статья посвящена воспоминаниям о Сыдыкове Есетае Сыдыкулы. Жизнь и деятельность Есетая Сыдыкова описывается в свете исторических событий времен Великой Отечественной войны. Статья будет интересна для всех, кто интересуется краевой историей Восточного Казахстана.
The article dedicated of memories about Sydykov Esetay Sydykuly. In the article the life of Esеtai Sydykuly was written in the framework with the historical events of the Great Patriotic War. The article is dedicated to all who interested in the history of the region.

ШЕЖІРЕЛІ, ШЕРЛІ, ҚАЙСАР АҚСАҚАЛ

Бес жасқа толған кезде әкесі Сыдық дүниеден озып, жетімдіктің ащы дәмін ерте татқан Есетай отбасының қызығынан, әке тәрбиесі мен тәлімін көру бағынан айрылды. Алты жасынан сауатын арабша ғаріппен ашып, бес жыл ішінде " Әліп би " мен " Иман шарттан " бастап Құран аударған зерек жасөспірім Есетай атамыз сол заманғы құрдастарымен бірге 1928 жылдан бастап үш жыл бойына латын әріпін меңгерді.
" Отан отбасынан басталады "- деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті- оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны барын мақтан тұтады. Жаңа заманның жаңалығы біртіндеп шалғайда жатқан қазақ ауылына жетті. Міне осы жаңа өмірді құруда Есетай атамыз алғашқылар қатарында болып, өзі өмір сүрген ауданындағы ауылшаруашылығының қаз тұрып, қарыштап дамуына өзіндік үлесін қосқанын біз мақтанышпен, аса зор құрметпен айта аламыз. 1930 жылы Науалыда алғаш колхоз ұйымдастырғанда Есетай анасымен екеуі алғашқылардың бірі болып мүшелікке өткенін естеліктерінде жазған екен. Жиырмасыншы жылдары араб пен латын алфавитін меңгерген Есетай атамыз өз замандастарымен бірге 1932 ашылған ауылдағы тұңғыш мектеп табалдырығын аттап, үшінші алфавитті меңгерді. Тағдыр тауқыметі( осы кезде анасы мен қарындасы аштықтан ісініп, Есетайдың қолында жан тапсырды) мен ашаршылық жайлаған қасіретті отызыншы жылдар ауыртпалығы атамыздың құрдастарының еншісіне түскен аса үлкен сынақ пен төзімділіктің өмір мектебінің ащы сабағы еді. Рухы шыңдалып, аштық пен қиындықтың ауыр мектебінен өткен аталарымыз соғыстың сызды окоптары мен қара су мен қатқан нанды талғажау етіп, жеңісті жақындатқан қайсар жандар ретінде тарихта мәңгі есімдері сақталады.
1937 жылдың 20-қазанында Отан алдындағы азаматтық парызын өтеу үшін Қызыл армия қатарына алынды. Осы мезеттен 1938 жылдың 17-мамырына дейін Түркмен ССР Кушка қаласындағы № 247 полкте әскери борышын өтейді. 1938 жылдың 17- мамырында Ленинград әскери округіне жолданады. Ленинград әскери бөлімінің шешіміне сәйкес № 16 С дивизиясы орналасқан Новгород қаласына түседі. Атамыз өзінің қатарлас жауынгерлермен бірге Чудов ауданындағы Селищенск казармасындағы 47 / 48 атқыштар полкіне тіркеледі. Осы полкте бөлімше командирі деген дәреже алған полктік мектептен өткен. Полк басшылығының ұйғаруымен 1938 жылдың күзінде Новгород қаласындағы кіші лейтенаттар даярлайтын алты айлық курсқа жіберіледі. 1939 жылдың мамыр айында кіші лейтенаттар даярлайтын курсты тәмәмдаған соң