EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 21

Ýêîíîìèêà ¹2 (2) 2015 Мақалада трансұлттық компаниялардың қалыптасу тарихы терең зерттелген. Әлемдік капиталдың қалыптасуы, монополиялардың құрылуы және оның дамушы мемлекеттердің экономикалық, саяси тұрғыда дамуына тигізер әсері талқыланған. Автор жаһандану үдерісінің тетігі ретінде экономиканы қарастырып, ғылыми тұрғыда дәлелдеп шыққан. Статья посвящена исследованию истории становления транснациональных компаний. Автор рассматривает историю формирования мирового капитала, становления монополий и их влияние на экономическое и политическое развитие развивающихся стран. Автор рассматривает экономику как главный фактор развития мировой глобализации. The article studies the history of the transnational companies. Also discusses about Global capital formation, the formation of monopolies and its economic impact to the development of the political context of developing countries. Author tried to prove that economy is the main driving force of the process of the globalization. ЖАНИБЕКОВ МАКСАТ МУРАТБЕКОВИЧ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫ ЖАҺАНДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты Капитализм қаржының, өндіріс құралдарының бір қолға, бір мекемеге шоғырлануына жағдай жасады. Капитализм болмағанда ірі қаржы орталықтарының, трансұлттық корпорациялардың пайда болуы неғайбыл болар еді. Орта ғасырларда әлемдік рынок мемлекеттердің тауар алмасуы ғана болса, қазір әлемдік рыноктың қаңқасын трансұлттық корпорациялар құрайды. Ең алғашқы трансұлттық корпорациялар ХІХ ғасырдың аяғында құрылды. Бұлардың қызметі көбінесе отар елдегі шикізатты өңдеу немесе қазып алу болды. Бұл корпорацияларды "отарлаушы, яғни шикізат корпорациялары" деуге болады. Трансұлттық корпорациялардың жаһандану процесіне нақты қызмет ете бастаған кезі - ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бертінгі кез. Және нақ осы 60-шы 70-ші жылдары Еуропаның отарлау дәуірі аяқталып, Шығыстың көптеген дамушы елдері тәуелсіздік алды. Осы кезден бастап трансұлттық корпорациялар ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін пайдалануға көшті. Индустриалды-тауарлы экономиканың негізгі салалары - автомобиль өндірісі, тұрмыстық техник а мен электронды тауарлар, ұшақ, кеме, поезд жасау, кеңсе жабдықтарын шығаратын технологиялы өндіріс орындары мен мұнай-химия өнеркәсібі және т.б. салалар осы ірі компаниялардың деңгейіне өтті. Конвейерлі- тауарлы өндірістің аста-төк мол өнімі жер-жаһанды біртұтас рынок ретінде пайдалануға итермеледі. 80-ші жылдары трансұлттық корпорациялардың төртінші буыны пайда болды. Олардың әлемдік капитализмнің дамуына байланысты өзіндік жаңа ерекшеліктері болды: олар үшін әр мемлекеттің бөлек ішкі базары жоқ, жер беті біртұтас рынок. Осы біртұтас рынокта олар өзара бәсекеге түседі. Және олар жер шарының түкпір- түкпірін е орналасқан филиалдарының жұмысын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы байланыстырып, үйлестіріп отырады. 70-ші жылдары ақпарат таратудың электронды құралдарын шығару қарқынды түрде дамып, жер серіктерінің, кабельді байланыстың, интернеттің арқасында әр жерде бір-бірімен әрең хабарласып отырған ірі корпорациялар біртұтас жаһандық валюта һәм нарық кеңістігіне шықты. Бұл кеңістікте бүгін таңда тәулік бойына іскерлік байланыстар мен қаражат аудару операциялары жүріп жататын болды. Қазір трансұлттық корпорациялар өзінің әр елдегі бөлімшелері мен зауыттарын бір кеңседен басқарады және сол бөлімшелері орналасқан мемлекеттерге экономикалық, саяси ықпалын өткізеді [1]. Сөйтіп әлемдік нарықтың арқасында пайда болған трансұлттық экономика бас- аяғы 30-40 жыл ішінде әлемдік индустрияның 50, халықаралық сауданың 65 пайызын қолына алды. Қазір трансұлттық корпорациялар арасында жер-жаһанның барлық түкпіріндегі рыноктарға кіру үшін бәсеке қатая түскен. Олар өз өнімдерін барынша сапалы және жаңа технологиямен апта сайын түрлендіріп шығаруға тырысуда. Бүгінде белгілі бір өнім түрін шығаруға берілетін патенттер мен жаңа технология лицензияларының 4/5 (бестен төрт) бөлігі трансұлттық компаниялардың қолында [2]. Мысалы, әлемдік теле коммуникация торабы ауқымды да, терең ғылыми- техникалық зерттеулер жүргізуге қаржысы жететін 2-3 ірі компанияның уысында. Технологиялық зерттеулерге қаржысы жететін ірі-ірі 5 компания дүние жүзіндегі автомобиль, ұшақ, электротауарлар өндірісінің 60 пайызын дөңгелетіп отыр. Мемлекеттердің экономикасының жетекші (мұнай, газ, ауыр өнеркәсіп т.б.) саласын қолына түсірген ірі корпорациялар қазір кез-келген елден табылады. Бұларды өз экономикасына кіргізуге 60-70-ші жылдары егемендік алған нарық инфраструктурасы қалыптаспаған, қаржы қоры жиылмаған дамушы мемлекеттердің өздері мүдделі болды. Корпорациялар дамушы елдерде ұлттық экономиканы өзі қалаған өндіріс саласы мен даму тарапына икемдеп, көндіріп отыр. Дүниеде қазір 40000- нан астам трансұлттық корпорациялар бар. Бұлардың 150 мемлекетте 200000-нан астам филиалдары орналасқан. Осы корпорациялардың ішінде дүние жүзі индустриясының негізгі салаларын қолында ұстағандықтан әлемдік нарықтың діңгегіне айналып, шексіз экономикалық ықпалға ие болғандары 500-дей. Сөйтіп, қазір трансұлттық корпорациялар әлемдік экономиканың омыртқа-қаңқасы, бойында айналған қаны, бүкіл "денесін" байланыстырып, ұстап тұрған бұлшық еті іспеттес [3]. Трансұлттық корпорациялардың арқасында әлемдік капитал пайда болды. Алғашқы қаржы рыноктары Еуропада 60-шы жылдары құрылды. Еуропа банктері 19