¹ 2( 2) 2015
жеке салымшыларға несиені ортақ валютаға айналған доллармен бере бастады. Еуропаның қаржы рыногінде доллармен түскен табысқа салық жүрмейтін болды. Мемлекет атаулыға бағынбайтын тұңғыш қаржы рыногі дүниеге келді. Еуропадағы қаржы рыногінің ары қарай дамып, байып кетуіне мұрындық болған ірі трансұлттық корпорациялар мен тәуелсіздік алған дамушы мемлекеттер еді. Олар бұл банктерден көп мөлшерде несие алды. Еуропаның қаржы рыногі 1970 жылдарыақ Батыстың капиталистік экономикасына ықпал ететін дәрежеге жетті. Еуропа қаржы рыногінің дамуының арқасында Люксембург, Сингапур, Гонконг, Панама, Багам аралдары сияқты тәуелсіз халықаралық қаржы орталықтары пайда болды. ХХ ғасырда тәуелсіздік алған дамушы елдердің көпшілігі өздерінің экономикалық дербестігін нығайту үшін әлемдік қаржы рыноктарына жүгінді. Осының салдарынан әлемдік қаржы рыногінде спекулятивті операциялар көбейді. Қазір, дамушы елдердің әлемдік қаржы орталықтарына қарызы 1,5 триллион долларға жетіп, кейбір елдердің борышы мәңгі қайтарылмайтын қарыздар қатарына саналады. Спекуляцияның көбейгені сондай қазір нақты өндірістік айналымдағы бір долларға спекуляциялық айналымда 50 доллардан келеді. 1990 жылы 600 миллиард доллар спекуляцияға жұмсалса, қазір " көбік ақшаның " жыл сайынғы айналымы 1,5 триллион доллардан асты. Әлемдегі ең дамыған 23 мемлекеттің жиынтық қаражат қоры 600 миллиардтай доллар, ал әлемдік қаржы кеңістігіндегі жылдық спекулятивті айналым жарты квадриллион долларға жетіп отыр. Яғни, қазір халықаралық қаржы рыногін алмастыратын әлемдік қаржы қатынастарының басқа механизмі жоқ және спекулятивті қаржы айналымының жыл сайынғы өсу қарқынына қарағанда балама механизм табылмайтын да сияқты. Қазір, жекелеген мемлекеттер үшін ұлттық валютаны ырықтандыру мұқтаждығы, жаһандық ауқымда тауар алмасу мен ұлттық экономиканы капиталмен қамтамасыз етудің қажеттігі туған жағдайда әлемдік капитал кез-келген мемлекетті өзіне тәуелді етуге мүмкіндік алды. Осындай орасан қаржы рыногінің негізін қалаған трансұлттық корпорациялардың бүгінгі қаражат қоры барлық мемлекеттердің орталық банктерінің қаржы жиынтығынан да көп екен [ 4 ]. Қазір, кез-келген мемлекетте тиімді өндіріс шығып жатса немесе белгілі бір саланы жергілікті үкімет дамытып біраз жерге апарса, ол саланы әлемдік капиталдың дереу сатып алып, өз пайдасына жаратуға құдіреті жетеді. Мысалға, 1997 жылы қазан айында қыруар акция пакеттеріне иелік ететін әлемдік қаржы магнаттары Нью-Йорк қор рыногінің акцияларының құнын төмендетіп жіберіп, оларды түгелдей сатып алды. Дәл осы тәсіл Гонконг қаржы рыногіне де қолданылды. Бірақ, Гонконг қаржыгерлері резервтегі 170 миллиард долларды айналымға қосып, акцияларының арзандап кетуіне жол берген жоқ. Ал, сол әлемдік қаржы нарығының белді тіректерінің бірі Гонконг осындай жағдайға ұшырағанда, дамушы елдерге тіпті күн жоқ. Оларда өз қаржы рыноктарының акцияларын құтқарып қалатындай қалың қаражат қорының жоқ екені белгілі. Сондықтан, әлемдік сауда-саттық пен қаржы жүйесінің стратегиясында қазір ұлттық мемлекеттер ешқандай роль атқармайды. Қазір егеменді мемлекеттер өзінің ұлттық валюта кеңістігінде трансұлттық корпорациялар мен әлемдік қаржы рыногінің стандарттарын пайдалануға мәжбүр. Дамушы мемлекеттер ірі корпорациялардың сауда-саттық жөніндегі т. б. талаптарына ешқандай қарсы амал жасай алмайды. Керісінше қазір мемлекет біткен ішкі рынокты тауарға толтыруға, экономиканы капиталмен қамтамасыз етуге мұқтаж. Осы себепті де жаһандану жүмле ғаламды бірдей экономикалық стандарттарға бастап бара жатыр. Л. Мовсесяннің пікірінше халықаралық қаржы рыногінің дамушы елдерге зиянды
Ýêîíîìèêà
үш әсері бар [ 5 ]. Бірінші, трансұлттық корпорациялар- дамушы елдердің өндірісінің жетілуіне үлкен кедергі. Жергілікті компаниялар маркетингтік шығындарға, яғни, ғылыми-технологиялық ізденістер мен әлемдік нарықты зерттеуге, дизайнға, жарнамаға мол қаржы бөле алатын алып компаниялармен бәсекеге түсе алмайды. Ал, трансұлттық корпорациялар отандық өндірістің дамуына кедергі болып қана қоймай, үкіметке де салықты аз төлеуге тырысады. Осы ретте Қазақстан Үкіметі мен шетелдік мұнай өндіруші компаниялар арасында салықтың мөлшері жөнінде дау-дамайлардың жыл сайын бір-екі рет тұтанып қоятынын ескеруге тиіспіз. Екінші, қаржының ұлғаймалы өндірісінің кесірінен тым көбейіп кеткен әлемдік " көбік " қаражаттың еркін қозғалысы ұлттық валюталардың тұрақтылығын бұзып, дамушы елдердің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Үшінші, трансұлттық капитал өзінің мүдделерін көздеп дамушы елдерге саяси қысым көрсетуде. Сондықтан, қазір дүниежүзілік рынок кеңістігінде өзінің лайықты орнын, тиісті үлесін алу үшін кез-келген мемлекетке өзінің трансұлттық корпорацияларын құруы керек. Дегенмен, жоқтан бар жасап, трансұлттық корпорация құру қазіргідей капиталистік бәсеке заманында дамушы елдердің қолынан келмейтін қиын шаруа.
Қалай десек те жаһандану- нарықтық қатынастардың бүкіл әлемге жайылу процесі. Бірақ, дүниежүзілік базардың бірден біртұтас, шекарасыз кеңістікке айналып кетпейтіні белгілі. Әзірге, ұлттық мемлекеттің дербес саясаты деген фактор өзінің маңыздылығын жоя қойған жоқ. Сондықтан, сауданың ортақ заңдылықтары, жаһанның белгілі бір аймағында нарықтық кеңістік орнату, ішкі рынокты қорғау сияқты мақсаттармен түрлі аймақтық ұйымдар құрылған. Бірақ, мұны кейбір ғалымдар біртұтас базардың басы деп отыр. Ал, енді біреулер " глобализация " мен " локализация " бір құбылыс, осы екі сөзді біріктіріп " глокализация " деп атауға да болады ",- деген пікір айтады [ 6 ]. Анығы- аймақтар жағрапиялық жағынан ғана бөлек болғанымен, аймақтық интеграциялық ұйымдардың негізінде жаһанданудың ортақ заңдылықтары жатыр. Әсілінде аймақтық экономикалық интеграциялық ұйымдар әлемдік нарық кеңістігінің құрамдас бөліктері ғана. Аймақтық экономикалық интеграцияның ең аудандысы- Еуропалық Одақ. Бұл ұйым 1991 жылы құрылып, оған Батыс және Орталық Еуропаның 15 мемлекеті мүше болды. Халық саны- 370 миллионнан асады. 1998 жылы ортақ валюта қолдану туралы шешім шығарып, ортақ ақшаларын 2002 жылы енгізді. Қазір жұмысшылар мен тауар, ақпарат пен қаражат бір елден бір елге кедергісіз жөңкілуде. 1994 жылы АҚШ, Канада, Мексика үшеуі бірігіп Теріскей Американың еркін сауда ассоциациясын( НАФТА) құрды. Халық саны- 380 миллиондай. Бұл елдер біртіндеп өзара саудада әртүрлі тарифтерді жойып, экспорт пен импортқа қойылған өзге кедергілерді де алып тастап жатыр. Тауар мен ақшаның, қызмет түрлерінің, мамандардың бір елден бір елге еркін өтуіне жағдай жасалған. 1989 жылы әлемдегі ең ірі интеграциялық аймақ- Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымының шаңырағы көтерілді. Бұған Жапония, АҚШ, Канада, Австралия, Ресей, Жаңа Зеландия, Күнгей Корея, Тайвань, Мексика, Папуа Гвинея, Чили және АСЕАН елдерінің Вьетнамнан басқасының түгелі кіріп, жиыны 18 мемлекет бірікті. 1995 жылдан бері Бразилия, Аргентина, Уругвай мемлекеттері арасында ортақ базар кеңістігін құру туралы келісім жасалды. Бұлар да тауар мен ақшаның, қызмет түрлері мен жұмыс күшінің шекарадан кедергісіз өтуіне жағдай жасалған. 1989 жылы Алжир, Ливия, Мавритания, Марокко, Тунис бірігіп Араб Мағрибі ұйымын құрды. 1994 жылы Африка экономикалық қоғамдастығы құрылды. Ширек ғасырдан бері Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы( АСЕАН) жұмыс істеп келеді. Бұған осы
20