EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 14

¹ 2( 2) 2015
Âîïðîñû îáðàçîâàíèÿ
- коучте біршама практикалық тәжірибесінің болуы міндетті емес;
- коучинг білім алушыларда нақты дағдыны қалыптастыруға бағытталған;- басты назарда, әдетте, кәсіби проблемаларды шешу;- кеңес беру мақсаты нақты, қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған;
- коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын қарауға, нақты мәселелерді шешуге бағытталған.
Ал енді кезекті коучингтерден кейінгі ой толғанысымызбен бөліссек. " Оқушылардың ғылымизерттеушілік ізденісін қалыптастыру " тақырыбы төңірегінде ой қозғап, оның негізі қайда? қалай? не үшін? деген сұрақтарға бірлесе жауап табуға тырыстық. Жоғарыдағы мәселені зерделей келе, коучингсеминарды өткізуді жөн көрдік. Мақсаты: Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының жандануына ықпал ету және құзыреттіліктің дамуына жағдай жасау. Коучингтен күтілетін нәтиже: қатысушылар жобалау әдісінің негіздерін меңгереді; оқушылармен ғылымизерттеу жұмысын жүргізуге машықтанады. Коучингтің басында әріптестер арасында жағымды психологиялық жағдаят қалыптастыру мақсатында тренинг ұйымдастырылды. Жұмыстың бұл түрінде әріптестерім эмоцияға беріліп, жағымды психологиялық орта қалыптастыруға тырысты.
Мұғалімдердің қызығушылығын ояту мақсатында " Құстар сабағы " атты бейне фильм ұсынылды. Бейнефильм көрсетілгеннен кейін әр топтан фильмнен қандай әсер алғандығы жайлы сұралды. Бейне фильм көрсетілген сәтте мұғалімдердің мұқият құлақ салып, ерекше назар аударғандарын байқадым. Көпшілік ұстаздар өз ойларын еркін жеткізді, алған әсерлерімен бөлісті. Дегенмен, селқостық танытқан ұстаздар да болды. Топта отырған кейбір мұғалімдердің үнсіз қалып, кейбір мәселелерге өз ойларын ашық білдірмегені де байқалып тұрды.
Коучинг барысында ұстаздар " Фиш бон " стратегиясының көмегімен проблеманы анықтап, шешу жолдарын тауып, қорытынды жасап үйренді. Сондайақ ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың алғашқы қадамдары тұрғысында ой қозғап, топта талқылауға мүмкіндік берілді.
Келесі кезекте әрбір топқа қима қағаздар таратылып, абстрактіні мағынасына қарай сәйкестендіру тапсырмасы берілді. Бұл тапсырманы орындау барысында ұстаздар қауымының қиналғандығы байқалды, әйтсе де бірлесе отырып жұмыс жасаудың арқасында тығырықтан шығу жолдарын іздеп, дұрыс жауапты табуға тырысты. Қатысушылардың тақырып төңірегінде білімдерін толықтыру мақсатында таныстырылым көрсетілді. Таныстырылым барысында зерттеу мен жобалаудың айырмашылығы айқындалып, жобалаудың бірнеше түріне түсініктеме берілді.
Осы мәселе анықталған соң " Оқушылардың ғылымизерттеушілік ізденісін қалыптастыру " атты таратпа ресурс алға тартылды. Өз идеялары мен таратпа материалдағы айтылған ойларды салыстыра отырып, Бононың " 6 ойлау қалпағы " әдісі арқылы топта талқыға салды. Қатысушылар қалпақтың түсіне байланысты деректер жинап, нақты дәлелдер келтіріп, өз позицияларын қорғауға тырысты. Әріптестер бұл әдіске зор қызығушылық танытты. Ұстаздар қауымымен жұмыс жасау өте қызықты.
Себебі оқушы рөліндегі ұстаздардың әрекеттерінен, ойпікірлерінен жаңа үрдіске деген қызығушылық аңғарылып тұрды. Ұстаздар жай уақыт өткізу мақсатында емес, кәсіби тұрғысында дамуды көздеген сияқты болып көрінді.
Коучингке қатысқан әріптестерім ұжымдық жұмыс барысында орын алған жағымды психологиялық ахуалдың маңыздылығын ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, тек қолайлы орта ауқымында ғана үйренуге ең тиімді жағдайлар бар. Жағымды психологиялық ахуал бірінші мезетте үйренушілердің еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік өзара сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарасты жағымды тұрғыдан қабылдау мен оны түсінуге ұмтылудан, оған төзе білуден тұрады. Осыған сәйкес, сондай ортаның ішінде мұғалімдер басқалардың ықпалында болып, өздерінің педагогикалық тәжірибелері мен білімдерін толықтыра түскендерін байқатты. Коучинг соңында қатысушылардан кері байланыс парағы алынып, онда өздерінің не үйрендік, не білдім және сіз үшін ең маңыздысы деген ойларын былай білдірген:
- коучингтің өз мақсатын қатысушыларға толық жеткізе алғандығы;- коучинг тақырыбының дұрыс таңдап алынғандығы;- әрбір әріптестерімнің өзіндік ой-пікірлері;- ойды ортаға салу, талқылау керек екені;- ешқандай ыңғайсыздық жағдай болмастан, бірлесе жұмыс жасау;
- ең бастысы өз қиындығың мен проблемаңды анықтай білу, сол арқылы шешу жолдарын табу;- бірлесе жұмыс жасап, үздіксіз даму. Біздің о й ымша, ә р коучинг ө ткен сай ын ә р қатысушы бұл үдерістің маңыздылығын іштей сезетін сияқты. Байқағанымыз, олардың топтағы әрекеттері, пікірл ер і, бір ін-бірі бағал ауы коучингтегі құ нд ы жұмыстардың бірі болып саналады. Коучинг кім үшін? Кәсіби даму жолындағы мұғалім үшін. Коучинг туралы ойлар не үшін жазылады? Ол келешек жұмыстарды байқауға, тәжірибеде қажетті идеяларды қолдануға көмектеседі. Сәтті жақтары: Ғылыми-зерттеу жұмыстарында оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жаңашыл тәсілдермен танысып, ғылыми- зерттеу жобасындағы ең маңызды мәселелерді көре білуге үйренуі, ынтымақтастықта жұмыс жасағаны. Жаңашыл әдістерді өз тәжірибелерінде пайдалануға мүмкіндік алуы.
Сәтсіз жақтары: Жоба жазудағы мұғалімдердің қиындықтары мынада болды: тақырыпты таңдау; тақырыптың өзектілігін ашу және оны практикамен байланыстыру; жобамен жұмыс істеу кезеңдерін, зерттеу жұмысының бағалау критерийлерін дұрыс білмеу; жүйелеп жазу дағдыларының болмауы;
Коуч-мұғалім ретінде түйгеніміз- өзгеге үйрету арқылы өзі де кәсіби тұрғыда өсіп, машықтана бастадық. Бойымыздан өз ісімізге деген сенімділікті байқай бастадық. Алғашқы коучингтермен салыстырғанда мұғалімдердің топта жұмыс жасау дағдысы жақсара бастады. Қатысушы мұғалімдердің өзара әрекеттестікке түсіп, топта өнімді жұмыс жасау арқылы өздеріне бұрыннан таныс емес әдістер мен стратегияларды өз зерделерінен өткізуге деген талпыныстары сезілді. Әріптестеріміздің кәсіби тұрғыда өсіп, жетілуіне аз да болса өз үлесімізді қоса алғанымызға қуаныштымыз.
12