EURASIAN EDUCATION №2 2015 | Page 13

Âîïðîñû îáðàçîâàíèÿ ¹ 2( 2) 2015
ҚҰЛЖАНОВА АЙЖАН ОРАЛХАНОВНА,
ЖҰМАХАНОВА НАЗЫМ НУРГАЗИНОВНА,
Семей қаласының № 38 орта мектеп-лицейінің мұғалімдері
САНИЯЗОВА АЙНАШ МАМЫРХАНОВНА
Мақала педагог мамандардың өзара кәсіби әрекеттесуінің бір түрі- коучинг мәселелеріне арналған. Авторлар коучингтің мәні мен оны орта мектеп қабырғасында ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырады. Мұғалімдеріне коучинг жүргізу тәжірибесінен түйген ой қорытындыларымен бөліседі.
Статья посвящена одному из видов профессионального взаимодействия педагогов, как коучинг. Авторы статьи подробно разъясняют, что такое коучинг и как его организовать в стенах средней школы. Делятся выводами из собственной практики по проведению коучинга для преподавателей средней школы.
The article is devoted to the type of professional interaction of teachers as coaching. The authors explain in detail what the coaching is and how to organize it within the walls of high school. They share with findings from own practice on conduct coaching for secondary school teachers.

КОУЧИНГ- ӘРІПТЕСТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮДЕРІСІ

Коучинг-( ағылш. Coaching) сөзбе-сөз аудармасы- тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл- әріптестердің( коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлекстік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Коучинг- мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіреді. Коучинг білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастықтағы мектеп ортасында жүзеге асырылады. Мұғалім өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг факторы болып табылады. Коучинг қызмет емес, қарымқатынас болып табылады, оның барысында тәлімгерлер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Коучинг мұғалімдерге өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген. Коучинг аяқталған соң мұғалімдер арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген.
Коучинг- консалтинг және тренинг әдісі; классикалық
консалтинг пен тренингтен айырмашылығы- коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді тәлім алушылармен бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы коучингтегі мотивацияның бағытында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған нәтижелерге жету ұйғарылады. Коучингті меңгерген маманды " коуч " не " коучер " деп атайды. Коучинг ұжымдық болып табылады және жиі түрде тәлім алушылардың мықты жақтарынан басталады. Коучтар тәлім алушыларға шешімдер жоспарын әзірлеуге көмектесу үшін ашық сұрақтар қояды және проблемалардың шешілуіне септігін тигізеді. Коутар кеңес бермейді; олар созылмалы жетілдіруге ынталандырады. Коучтар тәлім алушыларды жаңағы сыннан өткізуде және нәтижеге қол жеткізу үшін оның мықты жақтарын пайдалануда жауапкершілікке шақырады. Коучтар объективті мақсаттарды ұсынады және тәлім алушылардың жаңа іс-әрекеттерді байқап көруіне ынтасын қолдайды. Коучингтің ерекшеліктері:- қарым-қатынас ұзақтығы алдын-ала белгіленеді;- әдетте, құрылымдық сипатта болады; кездесулер алдын ала жоспарланады;
- кездесулер қысқа мерзімді( кейде уақыты шектеулі) және дамудың нақты бағыттарына / мәселелеріне бағытталған;
11