¹2 (2) 2015
оқушыларды ынталандыру бағытында жаңа әдіс-
тәсілдерді іздеу болып табылады. Түзеу мекемесі
жағдайында мұғалім сотталған-оқушылармен жұмыс
кезінде бастысы өзін тек жағымды жағынан көрсете білуі
керек. Әйтпесе кез-келген ағат қадам, оқушы мұғалімнен
бас тартуына апаруы мүмкін. Оқушыны сабаққа
ынталандыруда мұғалімнің басты құралы ретінде өзінің
сөзі болып қалып отыр.
Кейбір иновациялық процестер кешкі мектепте
өміршеңдік танытып, оқушылардың қызығушылығын
тудырады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, оқушылардың
ерекшеліктеріне байланысты керекті нәтижені ұзақ күту
қажет. Оқушылардың орташа білімі - "қанағаттанарлық"
10
Á³ë³ì áåðó ìýñåëåëåð³
бағасынан әрең дегенде асады. Білім алуға деген оң
көзқарасқа өте баяу өтеді. Оған қоса сотталғандардың
қозғалысы өте үлкен. Осының бәрі білім сапасына үлкен
әсерін тигізеді.
Бас бостандығын айыру ретінде қылмыстық жазаның
орындалуының басты мақсаты сотталғандардың
түзеліп шығып, адамдарға деген ілтипаттылық пен
құқықтық тәртіптілікте өмір сүруге дайын болуы. ҚР ІІМ
мәліметтері бойынша кешкі мектеп түлектерінің тек
үштен бірі ғана қайта істі болып оралады. Осындай
педагогикалық қызметтің нәтижесін ұлы Абайдың "Мен
адам түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" деген сөзімен
аяқтауға болады.